жаман болса, көрінгеннің мазағы», «Білімдінің алды жарық, білімсіздің күні ғаріп», «Ақыл - дария, ой - теңіз» нақыл сөздер жазылған плакаттар, шарлар, минусовкалар, кітаптар, балалардың шығармашылық көрмесі, оқушылардың жұмыс папкалары, ата-аналар үшін сұрақтар жазылған қалташалар.
Өтілу барысы:
Кіріспе бөлім
1-жүргізуші Назар:
Армысыздар! Құрметті қонақтар!
2-жүргізуші Назерке:
Армысыздар! Ұстаздар, ата-аналар!
1-жүргізуші Назар:
«Тілашар» тойымызды ашуға рұқсат етіңіздер
2-жүргізуші Назерке:
Міне бүгін өнер-білім көрсетіп, оқушылар сіздерді тамсандырар
1-жүргізуші Назар:
Халқымыз ақ тілемен айтылған батаға айырықша мән берген. Батаны халқымыз киелі тілеу деп бағалайды. «Бата- сөздің анасы», «Атаңнан бота қалмасын, бата қалсын.Ботаның құны бір-ақ жұт, бата балаға мәңгі құт» ендеше ақ жаулықты әжемізден бата алайық.
Негізгі бөлім
Кіріспе «Отбасы-Отаным»
«Гимн» хормен орындалады.
1. Назар «Отан туралы» М.Мақатаев
2. Назерке «Ана»
Ана- біздің күніміз
Ана-біздің гүліміз
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
3. Назира
«Ата»
Ата, бізге келіңіз
Дайын сізге төріңіз
Бай дастархан басында
Батаңызды беріңіз.
Жүзіңізден әр таймай,
Жүз жасаңыз қартаймай
4. Аңсаған
«Әже»
Әжем келді, алақай,
Әжем келді, балақай!
Қолтығыңнан демейік,
Көрпе төсеп берейік,
Тынығып, әже сергіңіз,
Ертек айтып беріңіз,
Сүйіп,сүйіп аламыз,
Сәзге бала боламыз.
Ән «Ертегілер елінде» Назерке мен Алиманың орындауында
-Тук,тук
-Кім келді?
-«Жеті лақ» ертегісінен ешкі келді.
-Бұл ертегіні кім біледі?
Ертегіні білетін Назар ертегіні лақтарды қасқыр жеген дерге дейін айтып береді.
-Ал ендеше балалар, қасқырдың тапсырмаларын орындайық. Әрбір тапсырманы орындау арқылы біз бір-бір лақтан құтқарамыз.
1-тапсырма «Менің әдетім»
1. Наргиз
Тамақ көрсем, дәмінен,
Татқым келіп тұрады.
2. Алима
Төсек көрсем,
Әлі мен
Жатқым келіп тұрады.
3. Аида
Қалбыр көрсем- шошыма!
Тепкім келіп тұрады.
4. Мағжан
Шалшық көрсем...
Кешіп-ақ өткім келіп тұрады.
5. Әділжан
Айтса біреу өтірік,
Қап-қызыл боп кетемін.
2-тапсырма: «Екі жолды жырлар»
1. Адия
Көріп жақсы түсті,
Есіме апам түсті.
2. Айбар
Суықтай ішіп тамағын,
Ауыртты Талғат тамағын.
3. Ерсін
Теріп жамал мақтаны,
Болды жұрттың мақтаны
4. Батыржан
Болам десең ұста,
Балғаны нық ұста.
5. Нұржан
Байлық –нан,
Сөзіме –нан.
Ән «Қоңырау» хор
3-тапсырма: «Бір бала бар..»
1. Адина
Бір бала бар салиқалы, сабырлы,
Өзі жүрген ортасына қадірлі.
2. Ерғали
Бір бала бар инабатты ибалы,
Кішіпейіл, достарына сыйлы әрі.
3. Еркеназ
Бір бала бар ықыласты, ынталы,
Мінезінде жоқ жағымсыз, бұлтаны.
4. Ұлан
Бір бала бар ортасына беделді,
Білмейді өсек,өтірік айту дегенді.
5. Ж.Аяулым
Бір бала бар өзгелерден өзгерек,
Өзі әдемі,
Көретұғын көз керек.
Ән «Етікші» хор
4-тапсырма: «Жұмбақтар»
1. Олжас
Жылт-жылт еткен,
Жырадан өткен, Ол не?
2. Жанайым
Сыртылдайды күнімен
Сыртылдайды түнімен,
Білгің келсе мезгілді,
Көрсетеді тілімен. Ол не?
3. Серік Ералы
Алып кілем,
Гүлге толы,
Үсті кілең. Ол не?
4. Хасен Аружан
Әуеде ақ мамық,
Қалбалақтап ұшады,
Қанаты талып,
Жерді барып құшады. Ол не?
5. Санжар
Үсті толы ине,
Бірақ та іс тігіп, қадамайды түйме. Ол не?
5-тапсырма: «Бала тілі -бал»
1. Назар және Назерке
«Құлақ»
-Назар, құлақ не үшін керек?
-Есту үшін.
-Дұрыс.Ал мұрын ше?
-Ұйықтағанда пысылдау үшін.
2. Бауыржан мен Жанар
«Баға»
-Бауыржан, неге көңілсізсің?
-Дәптерім жоқ
-Кеше жаңа дәптер арнаған жоқ па едің?
-Иә арнадым, оның ішінде үштік бар, сондықтан дәптерімді жоғалттым.
3. Саят пен Назира
«Күн»
-Саят, Күн ашық болғанда төбеңнен не көресің?
-Көк аспанды, Күнді, бұлтты
-Ал, ауа-райы бұзылғанда нені көресің?
-Жаңбырға ұстайтын шатырды.
4. Батыржан мен Рауан
«Бұлт»
-Батыржан, бұлт деген не?
-Ой соны да білмеймісің, ол трактордың түтіні ғой
6-тапсырма: «Жаңылтпаштар»
1. Даяна
Әсем Әшен бе?
Әжем әсем бе?
Әшен де әсем, әжем де әсем.
2. Алихан
Өскен баста,
Қиылған шашпа.
3. Жайлаубай Аружан
Тураған пияз,
Бұл аз пияз,
Тағы тура біраз пияз.
4. Қ. Аяулым
Бұл теңіз-ерен теңіз,
Ең терең теңіз-деңіз.
Лақтарды санап, ертегіні аяқтау. Ертегінің тәрбиелік мәнін ашу, ананың тілін тыңдау, айтқанын орындау, танымайтын бөтен адамға есік ашпауға үйрету. Қауіпсіздік ережесін еске түсіру.
Жаңылтпаштарды, жұмбақты, жырларды, оқуды біз қайдан үйрендік?
Әліппеден және анамыздан.
Ендеше әліппе, ана туралы өлеңдер оқиық.
Қорытынды бөлім: «Әліппе»
1. Алдияр
Бар кірапқа бас болған,
Әліппе ғылым ағасы,
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы.
2. Бауыржан
Метебің мынау сыныбың,
Осында он бір жыл тұрасың.
Тарыдай болып кіресің,
Таудай болып шығасың.
3. Жанар
Қиындықтан қашпаймын,
Үйді былғап шашпаймын,
Ата-анамды құрметтеп,
Сенімдерін ақтаймын.
4. Саят
Анамның тілінде,
Үйренем білімді,
Сүйем тіл үйреткен,
Анашым күнімді.
5. Рауан
Жүрегім анашым,
Тірегім панашым,
Аймалап күлімдеп,
Сүйесің «күнім» деп
6. Рустам
Қуана құшамын,
Ыстық-ақ құшағың.
Ақ-көңіл балажан,
Аман бол анажан.
«Гимн» хормен орындалады
Мұғалім: Құрметті ата-аналар осыдан бір ай бұрын бүлдіршін боп, өздеріңізге еркелеп отырған балаларыңыз енді оқушы. Мектеп ережесін қатаң сақтауға дағдыланып, болашаққа қадам басқан. Қадамдары құтты болсын. Біздің болашағымыз, ертеңіміз және бүгінгі үмітіміз осылар.Ендігі сөз сіздерде.