kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?рбие са?атты? та?ырыбы: "Тілашар"

Нажмите, чтобы узнать подробности

1-сынып о?ушыларын мектепке ?абылдау ?арса?ында
?ткізген «Тілашар» ерте?гілігі

 Ма?саты:      

1. О?ушыларды? мектеп туралы білімдерін ке?ейту.

2. Ма?ал – м?телдер,  ?ле?дер ар?ылы тілін, ойын, с?здік ?орын, байланыстыра с?йлеу м?дениетін дамыту.

 3. О?ушыларды ?лкендерді сыйлау?а, айт?ан а?ылдарын ты?дай білуге т?рбиелеу. Ойындар ар?ылы ?йымшылды??а, ал?ырлы??а баулу.

К?рнекілігі: на?ыл с?здер, ма?ал- м?телдер

?ту барысы:

Музыка ойнап т?рады.

Сынып?а Алпамыс бала ?уанышпен жар салып кіреді:

Ала?ай,ала?ай! Ты?да?ыздар! Ты?да?ыздар! Ты?да?ыздар! Той дабылын ?а?ып т?р?ан м?нда мен бармын!!! Б?гін ?лкен той! Ала?ай! Ала?ай! Айхай,той?а барамын!!!

Махаббат:Алпамыс бала,?уанышы?а ?рине орта?пын, Біра? ма?ан да айтшы, ?уанышы?мен б?лісші?

- ?лкен той! Б?гін №2 Красный Яр орта мектебінде  1 «А» сынып о?ушыларын «Тілашар» тойын тойлама?шы.

Махаббат: Алпамыс  бала,тілашар тойына барма?шысы?,ал ?зі? «Тілашар»дегенді ?зі? ?алай т?сінесі??

Алпамыс  бала: «Тілашар тойы» дегеніміз- о?ушылар мектеп табалдыры?ын ал?аш аттап, мына ?алы? ?ауым?а ?з бойында?ы ?нерлерін, орта?а салып,к?рсететін ?лкен той. Ол тек о?ушылар мен оларды? ата-аналарыны? тойы ?ана емес,ол сол балалаларды? сынып жетекшісіні? де ?лкен  тойы.

Махаббат: Ендеше,Алпамыс бала, сол б?лдіршіндерді? ?стазын орта?а ша?ырайы?.?арсы алы?ыздар: 1 «А» сынып о?ушыларыны? сынып жетекшісі: Байгужина Алия Жармухамет?ызы орталары?ызда!

(музыка ?уенімен сынып жетекшісі орта?а кіреді).

М??алімні? ал?ы с?зі:

С?леметсі?дер ме, б?гінгі ?лкен той?а жинал?ан ?ауым! И?,жиналып отыруымыз?а себеп-кеше ?ана о?ы мен солын танымай ж?рген ойын балалары б?гін,міне,мектеп табалдыры?ын аттап, «Тілашар» тойын тойлама?шы. Олар ?ріп танып,о?уды,жазуды ме?геріп  келеді. Біра? ол б?л тек бастауы ?ана. Ендеше, ??рметті ата-аналар,?стаздар,?она?тар келген ?адамдары?а г?л бітсін дей отырып, «Тілашар» тойын бастайы?. Ендігі с?з кезегін б?лдіршіндерге бермес б?рын,оларды ортамыз?а ша?ырайы?.

- ?арсы алы?ыздар! Орталары?ызда 1 «А» сынып б?лдіршіндері!

  1. Музыка ыр?а?ымен о?ушыларды орта?а ша?ыру.

М??алім: Балалар, б?гін сендерді? ?нерлері?ді тамашалау?а  Махаббат пен Алпамыс бала келіпті, олар ?зін ?зі тану ?лемінен. Ендеше, біз оны ?з ?нерлерімізбен, биімізбен,?н-шашуымызбен та? ?алдырайы?.Дайынбыз ба?

О?ушылармен хормен:?рине дайынбыз!

«Той» деп б?гінгі к??іл шіркін тасады,

?н менен к?й к??іл сырын ашады.

«Той», деп келген ?она?тар?а мы? ал?ыс!А?жаулы?тыаналар- той шашуыншашады.

(?желер шашу шашады)

Айзат:

Шашу шашты ?желер,      

Сылдырлатып те?гелер.                        

Тойымызды? шашуы,                         

С?т сапар?а те? келер.                           

 

М??алім: Жа?сы, ендеше  мектеп туралы ?андай та?па? ?лендер білеміз. ?ане айтып жіберейік.

     Н?рбол:                                                Айгерім:

Мектеп-?лкен ба?даршам,                  Мектеп деген киелі ??ым ?ажап ат,

?стаз шыра? ?стаушы.                       Тынысы мен тіршілігі ?аламат.

Екеуі де а??арса?,                                Бала ша?тан болаша??а ?мтыл?ан,

Ба?ыт жолын н?с?аушы.                    Т?леп ?шты талай-талай азамат.

Айбек:                                                  Алмаз:

Сатпау ?шін арынды,                          Мектеп деген білім кені,жыр кені,

Сатпау ?шін жаны?ды                        Мектеп деген ?ылымны? бір ?лкені.

?сіруге танымды –                              Мектеп деген т?рбиеші адам?а,

Мектеп керек адам?а!                          Мектеп деген даналарды? мекені.

  ?н «Мектеп»туралы

   Расул:

?осыл?ыш пен азайт?ыш,

?рнектерді? м?ндері.

Сызы?тар мен сандарды,

?йрендік біз ?зірге.

Математика слайды: тапсырмалар орындау.

 -?андай сызы?тар?

 -Б.Ж.(т?зу ж?не ?исы? сызы?тар)

 -Ал мыналар ше?0  1  2  3  4 – б?лар сандар.

+ - ?осу азайту амалдары= <> те? арты? кем

2+1  2-1 ?рнектер2+1?осынды  2-1айырма

2+1=3 те?дік2 –?осыл?ыш1- ?осыл?ыш3 - ?осындыны? м?ні

2-1=1 те?дік2–азай?ыш1– азайт?ыш1 – айырманы? м?ні

-Ал кім есепке ж?йрік? Келе ?ой.

Аулада ?ш тал г?л ?сіп т?р еді. Алмат оны? біреуін алып анасына сыйлады. Аулада неше тал г?л ?алды? Кімні? г?лі кем? Нешеуі кем?

-Б.Ж.

Балалар сынып?а 4 м??алім кірді, ?анша орынды? керек?

-Б.Ж. –т?рт орынды?.

 

Би «Жал?аубек»

Эльдана:                                                Н?рали:

Болаша??а ?ол созып,                          ?нер білім жол ?уып,

?мітпен отты жандыр?ан.                   Біліммен ?амал салдыр?ан.

Ел сенімін а?тайтын,                           Азаматы ерте?нін

Біз ба?ытты балдыр?ан.                      Біз ба?ытты балдыр?ан!

М??алім:  Ба?ыт дегенді ?алай т?сінесіндер?

Эльдана-с?ра??а жауап береді. (Ендеше ?рі ?арай жал?астырайы?)

?н:«Ертегілер»

К?рініс:«Ма?та ?ыз» ертегісі

Амина о?ушы: Мыстан кемпір,біз ?з ?нерімізді барынша орта?а салды?. Енді Алпамыс  баланы жібері?ізші.(Мыстан кемпір жылап отырады).

М??алім:- Апау сізге не бол?ан? Неге жылап отырсыз.

Мыстан:-мен ?з ?ылы?тарым ?шін ?ялып отырмын. Сендер сондай ?нерлі.?нші,биші балалар екенсіндер. Ал мен болсам Жал?аубекке ??сап ?ал?ан сия?тымын. Балалар мені кешіре к?ріндер. Енді мен ешкімге де ?астанды? жасамаймын. Мінекей Алпамыс баланы босатайын – деп байлаулы т?р?ан Алпамыс баланы босатады.

М??алім:

Жа?сы.балалар Мыстан кемпірді кешіреміз бе?

О?ушылар: И?!

М??алім: Ендеше берген с?зіне берік,адал бол.

Би:«?ара жор?а»

?орытынды: О?ушыларды дипломмен марапаттау.

Осымен «Тілашар» тойымыз  ая?талды. Назарларыныз?а рахмет!

 

 

 

 

 

 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?рбие са?атты? та?ырыбы: "Тілашар" »

№2 Красный Яр орта мектебі



















Тәрбие сағат:

Тақырыбы:



«Тілашар»









Өткізген: бастауыш сынып мұғалімі

Байгужина А.Ж.

























Көкшетау 2013ж.

1-сынып оқушыларын мектепке қабылдау қарсаңында
өткізген «Тілашар» ертеңгілігі

 Мақсаты:      

1. Оқушылардың мектеп туралы білімдерін кеңейту.

2. Мақал – мәтелдер,  өлеңдер арқылы тілін, ойын, сөздік қорын, байланыстыра сөйлеу мәдениетін дамыту.

3. Оқушыларды үлкендерді сыйлауға, айтқан ақылдарын тыңдай білуге тәрбиелеу. Ойындар арқылы ұйымшылдыққа, алғырлыққа баулу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, мақал- мәтелдер

Өту барысы:

Музыка ойнап тұрады.

Сыныпқа Алпамыс бала қуанышпен жар салып кіреді:

Алақай,алақай! Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Той дабылын қағып тұрған мұнда мен бармын!!! Бүгін үлкен той! Алақай! Алақай! Айхай,тойға барамын!!!

Махаббат:Алпамыс бала,қуанышыңа әрине ортақпын, Бірақ маған да айтшы, қуанышыңмен бөлісші?

- Үлкен той! Бүгін №2 Красный Яр орта мектебінде 1 «А» сынып оқушыларын «Тілашар» тойын тойламақшы.

Махаббат: Алпамыс бала, тілашар тойына бармақшысың, ал өзің «Тілашар»дегенді өзің қалай түсінесің?

Алпамыс бала: «Тілашар тойы» дегеніміз- оқушылар мектеп табалдырығын алғаш аттап, мына қалың қауымға өз бойындағы өнерлерін, ортаға салып,көрсететін үлкен той. Ол тек оқушылар мен олардың ата-аналарының тойы ғана емес,ол сол балалалардың сынып жетекшісінің де үлкен тойы.

Махаббат: Ендеше,Алпамыс бала, сол бүлдіршіндердің ұстазын ортаға шақырайық. Қарсы алыңыздар: 1 «А» сынып оқушыларының сынып жетекшісі: Байгужина Алия Жармухаметқызы орталарыңызда!

(музыка әуенімен сынып жетекшісі ортаға кіреді).

Мұғалімнің алғы сөзі:

Сәлеметсіңдер ме, бүгінгі үлкен тойға жиналған қауым! Иә,жиналып отыруымызға себеп-кеше ғана оңы мен солын танымай жүрген ойын балалары бүгін,міне,мектеп табалдырығын аттап, «Тілашар» тойын тойламақшы. Олар әріп танып,оқуды,жазуды меңгеріп келеді. Бірақ ол бұл тек бастауы ғана. Ендеше, құрметті ата-аналар,ұстаздар, қонақтар келген қадамдарыңа гүл бітсін дей отырып, «Тілашар» тойын бастайық. Ендігі сөз кезегін бүлдіршіндерге бермес бұрын,оларды ортамызға шақырайық.

- Қарсы алыңыздар! Орталарыңызда 1 «А» сынып бүлдіршіндері!

  1. Музыка ырғағымен оқушыларды ортаға шақыру.

Мұғалім: Балалар, бүгін сендердің өнерлеріңді тамашалауға Махаббат пен Алпамыс бала келіпті, олар Өзін өзі тану әлемінен. Ендеше, біз оны өз өнерлерімізбен, биімізбен,ән-шашуымызбен таң қалдырайық.Дайынбыз ба?

Оқушылармен хормен: Әрине дайынбыз!

«Той» деп бүгінгі көңіл шіркін тасады,

Ән менен күй көңіл сырын ашады.

«Той», деп келген қонақтарға мың алғыс! Ақ жаулықты аналар- той шашуын шашады.

(Әжелер шашу шашады)

Айзат:

Шашу шашты әжелер,      

Сылдырлатып теңгелер.                        

Тойымыздың шашуы,                         

Сәт сапарға тең келер.                           

2.  Осы кезде Мыстан кемпір кіріп келеді:

- Ой,мына жерде не болып жатыр өзі?Оқушылар әдемі киінген,не деген сүйкімді балалар! Сірә,бұл жерде той болмақшы.Ал мені неге ешкім шақырмаған? Жоқ,мен бұл тойдың өтуіне жол бермеймін!!!

Алпамыс бала: Жоқ,мыстан кемпір! Сен бұл балаларға кедергі келтіре алмайсың! Олар саған қарамастан,өнерлерін ортаға салып «Тілашар» тойын тойламақшы,

Кемпір: а-а-а-а-а,солай ма,Алпамыс бала.Ендеше,сені бұл сөзің үшін қамауға аламын!-дейді.

Мұғалім: Балалар, жалмауыз кемпір,біздің қонағымызды қамауға алмақшы. Оны шығарып алуға көмектесеміз бе?

-Иә,көмектесеміз.

-Ол үшін не істеуіміз керек деп ойлайсыңдар?

Нұрали оқушы: мен білемін.Ол үшін біз өнерімізді ортаға салуымыз керек.Жалмауыз кемпір,егер біз сені өнерімізбен таң қалдырсақ,сен Алпамыс баланы босатасың ба?

Кемпір: иә,көрейік.Егер мені шынымен таң қалдырсаңдар, Алпамыс баланы босатамын.

Мұғалім: Ал ендеше бастайық!!!

Алуа: Айбек:

Оқушының мойнына   Өсіп ой мен санамыз,

Ақ жағасы жарасар. Өмірге жол саламыз.

Кел, келіңіз тойыма. Білім куған баламыз,

Тойымның аты -  Тілашар Біз оқушы боламыз.

Ән: «Тілашар» орындалады

Тамерлан: Аружан:  Мектебінді құрметте, Бар байлықты басқарып,

Бесік болып тербеткен Оқу білім тұрады.

Өзін де жет құрметке Кітапты көп оқыған

Азаматсың ер жеткен Білімді боп шығады.

Бауржан: Аяжан:

Тану үшін бабаңды,           Мынау менің әліппем

Тану үшін анаңды.       Көгілдір туым түсіндей                        

Тану үшін ғаламды-                             Ақылшы жақын досымдай

Мектеп керек адамға!                         Қымбат менің анамдай.

 Әліппе. Сауат ашу пәнінен тапсырмалар беріледі. (слайд көрсетіледі)

Сауат ашу кезеңінде біз қандай білім алғанымызды көрсетейік.

а) а,о,р,л,ш,с,у,ы,д,т,м,н,ң,ғ,ж,і,ә,қ,к, дыбыстарын дауыстыға, дауыссызға бөл.

ә) «Астана» сөзіне дыбыстық талдау жаса. б) Сөз құра: ла, да, на, ша, ты, ал, та, ор (дала, шана, алты, орта). (Оқушыларға кітап оқыту)

Мұғалім: Балалар біз биыл қайда келдік?

Оқушылар: Біз биыл мектепке келдік.

Мұғалім: Мектепке не үшін келдіңдер?

Оқушы: Біз оқу үшін келдік.

Мұғалім: Жақсы, ендеше мектеп туралы қандай тақпақ өлендер білеміз. Қане айтып жіберейік.

Нұрбол: Айгерім:

Мектеп-үлкен бағдаршам, Мектеп деген киелі ұғым ғажап ат,

Ұстаз шырақ ұстаушы. Тынысы мен тіршілігі ғаламат.

Екеуі де аңғарсақ, Бала шақтан болашаққа ұмтылған,

Бағыт жолын нұсқаушы. Түлеп ұшты талай-талай азамат.

Айбек: Алмаз:

Сатпау үшін арынды, Мектеп деген білім кені,жыр кені,

Сатпау үшін жаныңды Мектеп деген ғылымның бір үлкені.

Өсіруге танымды – Мектеп деген тәрбиеші адамға,

Мектеп керек адамға! Мектеп деген даналардың мекені.

Ән «Мектеп»туралы

Расул:

Қосылғыш пен азайтқыш,

Өрнектердің мәндері.

Сызықтар мен сандарды,

Үйрендік біз әзірге.

Математика слайды: тапсырмалар орындау.

-Қандай сызықтар?

-Б.Ж.(түзу және қисық сызықтар)

-Ал мыналар ше? 0 1 2 3 4 – бұлар сандар.

+ - қосу азайту амалдары = тең артық кем

2+1 2-1 өрнектер 2+1 қосынды 2-1 айырма

2+1=3 теңдік 2 – қосылғыш 1- қосылғыш 3 - қосындының мәні

2 -1=1 теңдік 2 – азайғыш 1 – азайтқыш 1 – айырманың мәні

-Ал кім есепке жүйрік? Келе ғой.

Аулада үш тал гүл өсіп тұр еді. Алмат оның біреуін алып анасына сыйлады. Аулада неше тал гүл қалды? Кімнің гүлі кем? Нешеуі кем?

-Б.Ж.

Балалар сыныпқа 4 мұғалім кірді, қанша орындық керек?

-Б.Ж. –төрт орындық.



Би «Жалқаубек»













Эльдана: Нұрали:

Болашаққа қол созып, Өнер білім жол қуып,

Үмітпен отты жандырған. Біліммен қамал салдырған.

Ел сенімін ақтайтын, Азаматы ертеңнін

Біз бақытты балдырған. Біз бақытты балдырған!

Мұғалім: Бақыт дегенді қалай түсінесіндер?

Эльдана-сұраққа жауап береді. (Ендеше әрі қарай жалғастырайық)

Амина: Дамир:

Ең бірінші бақытым халқым менің, Ал екінші бақытым тілім менің,

Саған берем ойымның алтын кенін. Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Ол бар болса,мен бармын,қор болмаймын. Кей-йезде дүниеден түңілсем де,

Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің. Қасиетті тіліммен түңілмедім.

Гүлайша:

Бақытым бар үшінші Отан деген,

Отан дейміз-от жаққан жерімізді.

Отан дейміз-өсірген елімізді,

Биік тау,орман-тоғай көлімізді.

Ән:«Ертегілер»

Көрініс:«Мақта қыз» ертегісі

Амина оқушы: Мыстан кемпір,біз өз өнерімізді барынша ортаға салдық. Енді Алпамыс баланы жіберіңізші.(Мыстан кемпір жылап отырады).

Мұғалім:- Апау сізге не болған? Неге жылап отырсыз.

Мыстан:-мен өз қылықтарым үшін ұялып отырмын. Сендер сондай өнерлі.әнші,биші балалар екенсіндер. Ал мен болсам Жалқаубекке ұқсап қалған сияқтымын. Балалар мені кешіре көріндер. Енді мен ешкімге де қастандық жасамаймын. Мінекей Алпамыс баланы босатайын – деп байлаулы тұрған Алпамыс баланы босатады.

Мұғалім:

Жақсы.балалар Мыстан кемпірді кешіреміз бе?

Оқушылар: Иә!

Мұғалім: Ендеше берген сөзіне берік,адал бол.

Би:«Қара жорға»

Қорытынды: Оқушыларды дипломмен марапаттау.

Осымен «Тілашар» тойымыз аяқталды. Назарларынызға рахмет!














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Т?рбие са?атты? та?ырыбы: "Тілашар"

Автор: Байгужина Алия Жармухаметовна

Дата: 13.02.2015

Номер свидетельства: 172710


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства