kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тілашар тойы 1 сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тілашар тойы 1 сынып Музыка ?уені 1-ж?ргізуші: ?уаныш – б?гін мереке Шуа?ын шашып т?р ?лем Мектепке келген ал?аш?ы Жан досым, са?ан мы? с?лем! 2-ж?ргізуші: ??рметті ата-аналар, ?стаздар мен о?ушылар! К?ні кеше ?ана мектеп табалдыры?ын атта?ан б?лдіршіндерді? ?адамдарына с?ттілік тілеп, ал?аш?ы айларда?ы ?нерлерін тамашалау?а ша?ырамыз. Балаларды? осы ?ара ша?ыра?ты атта?ан ?адамдары ??тты болсын! Тойымыз?а ?ош келді?іздер! Музыка ?уені Бірінші сынып о?ушылары (7 о?ушы) орта?а шы?ады. ?р о?ушы ?ле?ін о?ып, ?ріптерін ашып отырады. 1-о?ушы: Жетіге толдым биыл мен О?ушы болып киінем Ар?ама с?мке асына Мектепке барам асы?а! (Т ?ріпін к?тереді) 2-о?ушы: М?пелеп ?йде ата-анамыз Мектепте ?стаз, м??алім Келешек ?мір г?ліміз Білгі?із келсе д?рыстап (І ?ріпін к?тереді) 3-о?ушы: ?статпа мені бас?а?а Есейдім, жеті жастамын ?ош айтым ?уырша??а Мектепке жолды бастадым (Л ?ріпін к?тереді) 4-о?ушы: Бой алдырар селте?ге Мен емеспін ерке? де О?ушы болам зейінді ?нерге, іске биімді (А ?ріпін к?тереді) 5-о?ушы: Ойыншы? ?алды жайына ?ліппе болды к??ілде. К??ілім жо? ойын?а Сезінем ?лкен ?зімді (Ш ?ріпін к?тереді) 6-о?ушы: Тану ?шін баба?ды Тану ?шін ана?ды Тану ?шін ?аламды Мектеп керек адам?а (А ?ріпін к?тереді) 7-о?ушы: О?ушы?ын мойнына А? жа?асы жарасар Кел, келі?із тойымыз?а Тойымны? аты – Тілашар (Р ?ріпін к?тереді) 1-ж?ргізуші:Ендеше, ерте?гі к?нні? ?мітін а?тар, елімізді? болаша? азаматтарын орта?а ша?ырайы?. Музыка ?уені (1-сынып о?ушылары орта?а шы?ады) 2-ж?ргізуші: ??тты?тау с?з мектеп директорына беріледі, 1-ж?ргізуші: Ой, балалар ?арандаршы бізге ?она??а кім келген? О?ушылар: ?ызыл телпек 2-ж?ргізуші: Д?рыс, балалар. (?ызыл телпекке жа?ындап) -С?леметсі? бе, ?ызыл телпек? Неге ренжіп т?рсы?? ?ызыл телпек: С?леметсіз бе?! Мен орманнан ?тіп, нау?ас ?жеме д?рі-д?рмектерін апарып беруім керек, біра? мен адасып ?алып, орманнан ?те алмай ж?рмін. А?дарды? к?птеген тапсырмаларын орындау керек. Мен жал?ыз ?зім орындай алмаймын. Ма?ан к?мектесесі?дер ме? 1-ж?ргізуші: Балалар, ?ызыл телпекке к?мектесеміз бе? Барлы?ы: И?, к?мектесеміз Музыка ?уені (?оян шы?ады) С?леметсі?дер ме, балалар. Мені? сендерге мынандай тапсырмам бар. К?не орта?а алты о?ушы шы?сын. Сендер мектеп ережелерін ?аншалы?ты біледі екенсі?дер? Тексеріп к?рейік. Мен бас?ы с?зін айтам ал сендер ая?тап айтасы?дар. 1. ?лкендерді? алдын кесіп (?туге болмайды) 2. Саба??а кешігуге (болмайды) 3. ?лкендермен (с?лемдесу керек) 4. М??алімді ?р?ашан (ты?дау керек) 5. О?улы?ты жыртпай ?р?ашан (таза ?стау керек) 6. ?зілісте ж?гіруге (болмайды) ?те жа?сы балалар мектеп ережелерін жа?сы біледі екенсі?дер! 2-ж?ргізуші: А?аны к?ріп іні ?сер, Апаны к?ріп сі?ілі ?сер- дегендей б?лдіршіндерге ?лгі т?тар мектебімізді? ?нерлі о?ушысын ?арсы алы?ыздар! Дінм?хаметті? орындауында?ы ?н Музыка ?уені (Т?лкі шы?ады) Мен т?лкімін, т?лкімін Т?нып т?р?ан к?лкімін Б?ла?, б?ла? ??йры?ым Текке кетпейді бір к?нім. Мені? тапсырмам мынадай: Орта?а ?ш о?ушы шы?сын. Балалар, сендерді? ма?саттарын ?ркім ?з с?мкесіне мектепке ?ажетті ??рал-жабды?тарды реттеп салу керек. Ал, бастайы?! (музыка ?осылады) 1-ж?ргізуші: ?штал?ан ?міт арман Таудай бір болсын талабы? ?зі?е мынау арнал?ан ?пке?ні? ?абыл ал арнауын Даянаны? орындауында?ы ?н Музыка ?уені (?ас?ыр шы?ады) Мен ?ас?ырмын, ?ас?ырмын, Орманда?ы басшымын. Мені? б?гін к??іл к?йім жо?. Мені? к??ілімді барлы?ы? би билеп к?терулері?ді ?алаймын, ?йтпесе ?ызыл телпекті еш?айда да жібермеймін. (Музыка ойналып, барлы?ы би билейді) ?ас?ыр: Мені? к??ілімді к?терді?дер. ?ызыл телпек, ?те беруі?е болады. Музыка ?уені (аю шы?ады) Аю шы?ады ?орба?дап, Балпан, балпа? басамын. Алты ?ырдан асамын Аю деген а?а?мын А?шы к?рсем ?ашамын Балалыр, мен ?зім жайбасармын, к?нде ерте т?рсамда саба??а кешігіп ?аламын. ?ане, сендермен кешікпеуді? жолын іздеп к?рейік. Орта?а ?ш о?ушы шы?сын, кім жылдам соны к?рейік. (Балаларды? киім жарысы) Аю: Жарайсы?дар балалар! Сендерге к?п рахмет. Енді мен сендер секілді шапша? болу?а тырысамын. ?ызыл телпек: Балалар сендерге к?п рахмет. Мені а?дарды? тапсырмаларын орындауыма к?мектесті?дер, енді біз б?ріміз тату – т?тті боламыз Барлы? а?дар орта?а шы?ады (Музыка ойнап т?рады) 2-ж?рігізуші: Жарайсы?дар, балалар! Бізді? мектепті? о?ушысы болу?а лайы?ты екенсі?дер. Ендеше, мына антты ?абылдаулары? шарт. 1. Саба?тан ?алмау?а ант етеміз 2. Т?ртіпті б?збау?а ант етеміз 3. ?лкендерді сыйлау?а ант етеміз 4. ?стаздарды ты?дау?а ант етеміз 5. ?нерлі болу?а ант етеміз 6. Жа?сы о?ушы болу?а ант етеміз 1-ж?ргізуші: Той деп б?гін к??іл шіркін тасады, ?н мен к?й к??іл сырын ашады. Той деп келген ?она?тар?а мы? ал?ыс! 2-ж?ргізуші: Келесі кездескенше, аман-сау болы?ыздар!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тілашар тойы 1 сынып»

Тілашар тойы

Музыка әуені

1-жүргізуші:

Қуаныш – бүгін мереке

Шуағын шашып тұр әлем

Мектепке келген алғашқы

Жан досым, саған мың сәлем!

2-жүргізуші:

Құрметті ата-аналар, ұстаздар мен оқушылар! Күні кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндердің қадамдарына сәттілік тілеп, алғашқы айлардағы өнерлерін тамашалауға шақырамыз.

Балалардың осы қара шаңырақты аттаған қадамдары құтты болсын!

Тойымызға қош келдіңіздер!

Музыка әуені

Бірінші сынып оқушылары (7 оқушы) ортаға шығады. Әр оқушы өлеңін оқып, әріптерін ашып отырады.

1-оқушы:

Жетіге толдым биыл мен

Оқушы болып киінем

Арқама сөмке асына

Мектепке барам асыға! (Т әріпін көтереді)

2-оқушы:

Мәпелеп үйде ата-анамыз

Мектепте ұстаз, мұғалім

Келешек өмір гүліміз

Білгіңіз келсе дұрыстап (І әріпін көтереді)

3-оқушы:

Ұстатпа мені басқаға

Есейдім, жеті жастамын

Қош айтым қуыршаққа

Мектепке жолды бастадым (Л әріпін көтереді)

4-оқушы:

Бой алдырар селтеңге

Мен емеспін еркең де

Оқушы болам зейінді

Өнерге, іске биімді (А әріпін көтереді)

5-оқушы:

Ойыншық қалды жайына

Әліппе болды көңілде.

Көңілім жоқ ойынға

Сезінем үлкен өзімді (Ш әріпін көтереді)

6-оқушы:

Тану үшін бабаңды

Тану үшін анаңды

Тану үшін ғаламды

Мектеп керек адамға (А әріпін көтереді)

7-оқушы:

Оқушыңын мойнына

Ақ жағасы жарасар

Кел, келіңіз тойымызға

Тойымның аты – Тілашар (Р әріпін көтереді)



1-жүргізуші:Ендеше, ертеңгі күннің үмітін ақтар, еліміздің болашақ азаматтарын ортаға шақырайық.

Музыка әуені (1-сынып оқушылары ортаға шығады)

2-жүргізуші: Құттықтау сөз мектеп директорына беріледі,

1-жүргізуші: Ой, балалар қарандаршы бізге қонаққа кім келген?

Оқушылар: Қызыл телпек

2-жүргізуші: Дұрыс, балалар. (Қызыл телпекке жақындап)

-Сәлеметсің бе, Қызыл телпек? Неге ренжіп тұрсың?

Қызыл телпек: Сәлеметсіз бе?! Мен орманнан өтіп, науқас әжеме дәрі-дәрмектерін апарып беруім керек, бірақ мен адасып қалып, орманнан өте алмай жүрмін. Аңдардың көптеген тапсырмаларын орындау керек. Мен жалғыз өзім орындай алмаймын. Маған көмектесесіңдер ме?

1-жүргізуші: Балалар, Қызыл телпекке көмектесеміз бе?

Барлығы: Иә , көмектесеміз

Музыка әуені (қоян шығады) Сәлеметсіңдер ме, балалар. Менің сендерге мынандай тапсырмам бар. Кәне ортаға алты оқушы шықсын. Сендер мектеп ережелерін қаншалықты біледі екенсіңдер? Тексеріп көрейік. Мен басқы сөзін айтам ал сендер аяқтап айтасыңдар.

  1. Үлкендердің алдын кесіп (өтуге болмайды)

  2. Сабаққа кешігуге (болмайды)

  3. Үлкендермен (сәлемдесу керек)

  4. Мұғалімді әрқашан (тыңдау керек)

  5. Оқулықты жыртпай әрқашан (таза ұстау керек)

  6. Үзілісте жүгіруге (болмайды)

Өте жақсы балалар мектеп ережелерін жақсы біледі екенсіңдер!

2-жүргізуші: Ағаны көріп іні өсер,

Апаны көріп сіңілі өсер- дегендей бүлдіршіндерге үлгі тұтар мектебіміздің өнерлі оқушысын қарсы алыңыздар!

Дінмұхаметтің орындауындағы ән

Музыка әуені (Түлкі шығады)

Мен түлкімін, түлкімін

Тұнып тұрған күлкімін

Бұлаң, бұлаң құйрығым

Текке кетпейді бір күнім.

Менің тапсырмам мынадай: Ортаға үш оқушы шықсын. Балалар, сендердің мақсаттарын әркім өз сөмкесіне мектепке қажетті құрал-жабдықтарды реттеп салу керек. Ал, бастайық! (музыка қосылады)

1-жүргізуші: Ұшталған үміт арман

Таудай бір болсын талабың

Өзіңе мынау арналған

Әпкеңнің қабыл ал арнауын

Даянаның орындауындағы ән

Музыка әуені (қасқыр шығады)

Мен қасқырмын, қасқырмын,

Ормандағы басшымын.

Менің бүгін көңіл күйім жоқ. Менің көңілімді барлығың би билеп көтерулеріңді қалаймын, әйтпесе Қызыл телпекті ешқайда да жібермеймін.

(Музыка ойналып, барлығы би билейді)

Қасқыр: Менің көңілімді көтердіңдер. Қызыл телпек, өте беруіңе болады.

Музыка әуені (аю шығады)

Аю шығады қорбаңдап,

Балпан, балпаң басамын.

Алты қырдан асамын

Аю деген ағаңмын

Аңшы көрсем қашамын

Балалыр, мен өзім жайбасармын, күнде ерте тұрсамда сабаққа кешігіп қаламын. Қане, сендермен кешікпеудің жолын іздеп көрейік. Ортаға үш оқушы шықсын, кім жылдам соны көрейік. (Балалардың киім жарысы)

Аю: Жарайсыңдар балалар! Сендерге көп рахмет. Енді мен сендер секілді шапшаң болуға тырысамын.

Қызыл телпек: Балалар сендерге көп рахмет. Мені аңдардың тапсырмаларын орындауыма көмектестіңдер, енді біз бәріміз тату – тәтті боламыз

Барлық аңдар ортаға шығады (Музыка ойнап тұрады)

2-жүрігізуші: Жарайсыңдар, балалар! Біздің мектептің оқушысы болуға лайықты екенсіңдер. Ендеше, мына антты қабылдауларың шарт.

  1. Сабақтан қалмауға ант етеміз

  2. Тәртіпті бұзбауға ант етеміз

  3. Үлкендерді сыйлауға ант етеміз

  4. Ұстаздарды тыңдауға ант етеміз

  5. Өнерлі болуға ант етеміз

  6. Жақсы оқушы болуға ант етеміз

1-жүргізуші: Той деп бүгін көңіл шіркін тасады,

Ән мен күй көңіл сырын ашады.

Той деп келген қонақтарға мың алғыс!

2-жүргізуші: Келесі кездескенше, аман-сау болыңыздар!












1-сынып оқушыларын мектепке қабылдау қарсаңында
өткізген «Тілашар» ертеңгілігі

 Мақсаты:      

1. Оқушылардың мектеп туралы білімдерін кеңейту.

2. Мақал – мәтелдер,  өлеңдер арқылы тілін, ойын, сөздік қорын, байланыстыра сөйлеу мәдениетін дамыту.

 3. Оқушыларды үлкендерді сыйлауға, айтқан ақылдарын тыңдай білуге тәрбиелеу. Ойындар арқылы ұйымшылдыққа, алғырлыққа баулу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, мақал- мәтелдер

Өту барысы:

Музыка ойнап тұрады.

Сыныпқа Алпамыс бала қуанышпен жар салып кіреді:

Алақай,алақай! Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Той дабылын қағып тұрған мұнда мен бармын!!! Бүгін үлкен той! Алақай! Алақай! Айхай,тойға барамын!!!

Махаббат:Алпамыс бала,қуанышыңа әрине ортақпын, Бірақ маған да айтшы, қуанышыңмен бөлісші?

- Үлкен той! Бүгін №2 Красный Яр орта мектебінде  1 «А» сынып оқушыларын «Тілашар» тойын тойламақшы.

Махаббат: Алпамыс  бала,тілашар тойына бармақшысың,ал өзің «Тілашар»дегенді өзің қалай түсінесің?

Алпамыс  бала: «Тілашар тойы» дегеніміз- оқушылар мектеп табалдырығын алғаш аттап, мына қалың қауымға өз бойындағы өнерлерін, ортаға салып,көрсететін үлкен той. Ол тек оқушылар мен олардың ата-аналарының тойы ғана емес,ол сол балалалардың сынып жетекшісінің де үлкен  тойы.

Махаббат: Ендеше,Алпамыс бала, сол бүлдіршіндердің ұстазын ортаға шақырайық.Қарсы алыңыздар: 1 «А» сынып оқушыларының сынып жетекшісі: Байгужина Алия Жармухаметқызы орталарыңызда!

(музыка әуенімен сынып жетекшісі ортаға кіреді).

Мұғалімнің алғы сөзі:

Сәлеметсіңдер ме, бүгінгі үлкен тойға жиналған қауым! Иә,жиналып отыруымызға себеп-кеше ғана оңы мен солын танымай жүрген ойын балалары бүгін,міне,мектеп табалдырығын аттап, «Тілашар» тойын тойламақшы. Олар әріп танып,оқуды,жазуды меңгеріп  келеді. Бірақ ол бұл тек бастауы ғана. Ендеше, құрметті ата-аналар,ұстаздар,қонақтар келген қадамдарыңа гүл бітсін дей отырып, «Тілашар» тойын бастайық. Ендігі сөз кезегін бүлдіршіндерге бермес бұрын,оларды ортамызға шақырайық.

- Қарсы алыңыздар! Орталарыңызда 1 «А» сынып бүлдіршіндері!

  1. Музыка ырғағымен оқушыларды ортаға шақыру.

Мұғалім: Балалар, бүгін сендердің өнерлеріңді тамашалауға  Махаббат пен Алпамыс бала келіпті, олар Өзін өзі тану әлемінен. Ендеше, біз оны өз өнерлерімізбен, биімізбен,ән-шашуымызбен таң қалдырайық.Дайынбыз ба?

Оқушылармен хормен:Әрине дайынбыз!

«Той» деп бүгінгі көңіл шіркін тасады,

Ән менен күй көңіл сырын ашады.

«Той», деп келген қонақтарға мың алғыс!Ақжаулықтыаналар- той шашуыншашады.

(Әжелер шашу шашады)

Айзат:

Шашу шашты әжелер,      

Сылдырлатып теңгелер.                        

Тойымыздың шашуы,                         

Сәт сапарға тең келер.                           

 

Мұғалім: Жақсы, ендеше  мектеп туралы қандай тақпақ өлендер білеміз. Қане айтып жіберейік.

     Нұрбол:                                                Айгерім:

Мектеп-үлкен бағдаршам,                  Мектеп деген киелі ұғым ғажап ат,

Ұстаз шырақ ұстаушы.                       Тынысы мен тіршілігі ғаламат.

Екеуі де аңғарсақ,                                Бала шақтан болашаққа ұмтылған,

Бағыт жолын нұсқаушы.                    Түлеп ұшты талай-талай азамат.

Айбек:                                                  Алмаз:

Сатпау үшін арынды,                          Мектеп деген білім кені,жыр кені,

Сатпау үшін жаныңды                        Мектеп деген ғылымның бір үлкені.

Өсіруге танымды –                              Мектеп деген тәрбиеші адамға,

Мектеп керек адамға!                          Мектеп деген даналардың мекені.

  Ән «Мектеп»туралы

   Расул:

Қосылғыш пен азайтқыш,

Өрнектердің мәндері.

Сызықтар мен сандарды,

Үйрендік біз әзірге.

Математика слайды: тапсырмалар орындау.

 -Қандай сызықтар?

 -Б.Ж.(түзу және қисық сызықтар)

 -Ал мыналар ше?0  1  2  3  4 – бұлар сандар.

+ - қосу азайту амалдары= тең артық кем

2+1  2-1 өрнектер2+1қосынды  2-1айырма

2+1=3 теңдік2 –қосылғыш1- қосылғыш3 - қосындының мәні

2-1=1 теңдік2–азайғыш1– азайтқыш1 – айырманың мәні

-Ал кім есепке жүйрік? Келе ғой.

Аулада үш тал гүл өсіп тұр еді. Алмат оның біреуін алып анасына сыйлады. Аулада неше тал гүл қалды? Кімнің гүлі кем? Нешеуі кем?

-Б.Ж.

Балалар сыныпқа 4 мұғалім кірді, қанша орындық керек?

-Б.Ж. –төрт орындық.

 

Би «Жалқаубек»

Эльдана:                                                Нұрали:

Болашаққа қол созып,                          Өнер білім жол қуып,

Үмітпен отты жандырған.                   Біліммен қамал салдырған.

Ел сенімін ақтайтын,                           Азаматы ертеңнін

Біз бақытты балдырған.                      Біз бақытты балдырған!

Мұғалім:  Бақыт дегенді қалай түсінесіндер?

Эльдана-сұраққа жауап береді. (Ендеше әрі қарай жалғастырайық)

Ән:«Ертегілер»

Көрініс:«Мақта қыз» ертегісі

Амина оқушы: Мыстан кемпір,біз өз өнерімізді барынша ортаға салдық. Енді Алпамыс  баланы жіберіңізші.(Мыстан кемпір жылап отырады).

Мұғалім:- Апау сізге не болған? Неге жылап отырсыз.

Мыстан:-мен өз қылықтарым үшін ұялып отырмын. Сендер сондай өнерлі.әнші,биші балалар екенсіндер. Ал мен болсам Жалқаубекке ұқсап қалған сияқтымын. Балалар мені кешіре көріндер. Енді мен ешкімге де қастандық жасамаймын. Мінекей Алпамыс баланы босатайын – деп байлаулы тұрған Алпамыс баланы босатады.

Мұғалім:

Жақсы.балалар Мыстан кемпірді кешіреміз бе?

Оқушылар: Иә!

Мұғалім: Ендеше берген сөзіне берік,адал бол.

Би:«Қара жорға»

Қорытынды: Оқушыларды дипломмен марапаттау.

Осымен «Тілашар» тойымыз  аяқталды. Назарларынызға рахмет!















Мақсаты:    

1. Оқушылардың мектеп туралы білімдерін кеңейту.

2. Мақал – мәтелдер,  өлеңдер арқылы тілін, ойын, сөздік қорын, байланыстыра сөйлеу мәдениетін дамыту.

3. Оқушыларды үлкендерді сыйлауға, айтқан ақылдарын тыңдай білуге тәрбиелеу. Ойындар арқылы ұйымшылдыққа, алғырлыққа баулу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, мақал- мәтелдер

Сабақтың барысы:

Мұғалім:Қымбатты ұстаздар,оқушылар,ата-аналар!

Міне,бүгін сіздер кеше ғана білім баспалдағына алғаш рет қадам басқан бүгінгі мерекелеріңіздің куәгерлері 1сынып оқушыларының тілашар мерекесіне жиналып отырсыздар.Ендеше,бүгінгі шәкірттеріміз ертеңгі күннің үмітін ақтар еліміздің болашақ азаматтарын ортаға шақырайық.

Той деп бүгін көңіл шіркін тасады

Ән менен күй көңіл шіркін тасады,

Той деп келген қонақтарға мың рахмет

Ақ жаулықты аналар той шашуын шашады.

(Әжелер шашу шашады )

Балжан

Шашу шашты әжелер,           

Сылдырлатып теңгелер.                                                  

Тойымыздың шашуы,                                                         

Сәт сапарға тең келер.  

 

Дана

Оқушының мойнына  

Ақ жағасы жарасар.

Кел, келіңіз тойыма

Тойымның аты -  Тілашар

 

Бағлан

Алтыға толдым биыл мен

Оқушы болып киінем.

Арқама сөмке асына,

Мектепке барам асыға.

 

Жанель

Алты жасқа біздей толған баланы,
Мектеп ана құшағына алады.
Ата-ана қуаныңыз шаттанып,
Шәкірт болды міне биыл балаңыз.

 


Ақбота

Өсіп ой мен санамыз,
Өмірге жол саламыз.
Білім қуған баламыз,
Біз – оқушы боламыз.

 

Ән " Тілашар "

 

Еркебұлан С 

Қуантуға елімді,
Қуантуға жерімді,
Білім жиып өсемін.
Төгіп адал терімді.
Мен мектепке барамын.

 

Аделя
Мектебіңді құрметте,
Бесік болып тербеткен.
Өзің де жет құрметке
Азаматсың ер жеткен.


Еркебұлан К.    

Мынау менің сезгенім.
Ол – сыныптың анасы.
Өзінің де өзгенің
Баласы – оның баласы.

 

Диана У.

Бар байлықты басқарып,

Оқу – білім тұрады.

Кітапты көп оқыған

Білімді боп шығады.

 

Жанель 

 

Тану үшін бабаңды,              

Тану үшін анаңды.                                                          

Тану үшін ғаламды-                                                           

Мектеп керек адамға!

 

Мұғалім:

Балалар, біз енді келген қонақтарымызға өзіміздің биыл қайдан келгенімізді, нені үйренгенімізді, не білетінімізді көрсетейік. Балалар, біз биыл қайда келдік?

Оқушылар: біз мектепке келдік.

Мұғалім: Мектепке не үшін келдіңдер?

Оқушылар: Біз оқу үшін келдік.

Мұғалім: Біз қазір қайда отырмыз?

Оқушылар: Біз сыныпта отырмыз

Мұғалім: Мектеп туралы қандай тақпақ білеміз? Қане айтып жіберейік.

Диана У.

Мектеп - үлкен бағдаршам.
Ұстаз шырақ ұстаушы.

Екеуі де аңғарсақ,
Бағыт жолын нұсқаушы.

 

Мұхаметжан

Мектеп деген киелі ұғым ғажап ат,
Тынысы мен тіршілігі ғаламат.
Бала шақтан болашаққа ұмтылған,
Түлеп ұшты талай-талай азамат.

 

Дана

Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген даналардың мекені.

 

Берікжан

Армысың, мектеп ар - бесік,
Айқара ашқан есігін.
Тәрбие, білім бар нәсіп,
Өзіңде өрлеп өсемін.

 

Дана
Міне мен де үлкен болдым,

Жасым толды жетіге.

Кітаптағы ертектерді

Енді оқимын шетінен.

 

Дінмұхамбет
Таудай биік талабым,
Оттай лаулап жанамын.
Салт-санасын сақтаймын,
Дала мен қаланың,
Мен мектепке барамын.

 

Ақбота

Қолға кітап аламын,
Маржан сүзіп табамын.
Жарқыратып кеудеме,
Жұлдыз етіп тағамын.
Мен мектепке барамын.

 

Бағлан

Ақылшым асыл ұстазым,
Жолымды айқын нұсқадың
Қасыма кеп қанша сен,
Қамқор боп қалам ұстадың.

 

Диана И.

Мен тілеймін ұстазыма
Өмір - думан, бақ әкелсін мереке.
Азамат боп шығамын мен,
Сенетіндей ел ертең.

 

Ән  "Ақылшым мұғалім "

 

Дінмұхамбет

Сатпау үшін арыңды,           

Сатпау үшін жаныңды.                                                   

Өсіруге танымды –                                                

Мектеп керек адамға!

 

Мұхаметжан
Пайдаң тиіп Отанға,

Риза болсын халқымыз.

«5» болсын алар бағамыз,

Білімнен бақыт табамыз.

 

Балжан

Өзіңді өзің табуға
Бағыт-бағдар береді.
Оқып, білім алуға
Күндей нұрын төгеді.

 

Берікжан
Күнде бестік алсаң сен,
Онда басқа жоқ арман.
Ал оқымай барсаң сен,
Бір тал шашы ағарған.

 

Аделя

Барлық бала таң қалып,

Әліппені ашады.

Сөз құраған әр әріп

Білім нұрын шашады.

 

Ән " Қошақаным "

 Қазір оқушыларымыздың арасында сайыс өткіземіз

1 сайыс Жұмбақ шешу:

Дүниетану сабағында біз табиғат, табиғатты нелер құрайды, табиғат құбылыстарымен таныстық. Қазір табиғат тақырыбына байланысты жұмбақтарды шешесіңдер

Мұғалім: Біздің Қазақстан Республикамыздың елордасы қай қала?

Оқушылар: Елордамыз-Астана қаласы.

Дана: Астана

2 сайыс Сауат ашу кезеңінде біз қандай білім алғанымызды көрсетейік

а)А,о, р, л, ш, ш, с, у, ы, д, т, м, н, ң, ғ, ж, і, ә, ө, қ, к дыбыстарын дауыстыға, дауыссызға бөл

ә) «Астана» сөзіне дыбыстық талдау жасау

б) Жұп дыбыстарын тап: а- ә, о-ө,ы-і

в) Сөз құра: ла, да,ты, са, ма, то, ор, ал,ау (дала, саты,маса, тоты,алты, сала,алма,алда,орта,аула)

- Міне мұнда көп әріптер кеспесін әкелдім, қане бір- бірден шығып өздерің қалаған әріптерді алыңдар. Енді 4-4 тен 4 топқа бөлініңдер. Әр топ әр түрлі тапсырма орын

дайды. Орындауға дайынсыңдар ма?

  1-топ:   -  Қандай дыбыс?

-  Сөздің қай жерінде келеді?

 2- топ:   – Қолдарыңдағы әріптерден басталатын сөздер айтыңдар.

- Ол сөздерді буынға бөліңдер.

 3- топ:     Қолдарыңдағы әріптерге басқа әріп қосып, қандай буындар құрауға болады?

 4- топ:     Қолдарыңдағы әріптердің жазба түрін тақтаға жазып беріңдер.

Дауысты, дауыссыз екеніне байланысты бордың түсін дұрыс таңдау керек

сіңдер.

(Оқушыларға кітап оқыту)

 

3-сайыс.Математикадан алған білімдерімізді тексереміз.

Көрініс:"Шалқан ертегісі"

Еркебұлан С.

Асыл сөзін тілімнің,

Бойға құйған Әліппе.

Нақ бастауы білімнің,

Қырық екі әріпте.

 

Диана И.

Әліппені  ұстап  мен,       

Мақтанбаймын  мен  текке.

Дайын  дәптер  қаламым,

Жақсы  оқушы  боламын.

Мұхаметжан

Елдің атын жазамын,
Жердің атын жазамын,
Туған тілге тазамын.
Батаңды бер, қазағым...
Мен мектепке барамын.

 Мұғалім: Біздің еліміз қалай аталады?         

Оқушылар:Біздің ел- Қазақстан Республикасы

Мұғалім: Балалар, Қазақстан-біздің сүйікті атамекеніміз. Еліміз егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болды. Қазақстанда көп ұлттар тұрады. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Мемлекеттік тіл-қазақ тілі болып саналады.

Мұғалім:Қазір қазақ тілінде мемлекетін жер жүзі біледі. Оның көгілдір туы достық қарым- қатынастағы елдерде желбіреп тұр.

Дінмұхамбет

Мен оқушы боламын,

Болам жігіт зор әлі,

Қазақстан жалауын,

Көтеремін жоғары.

 Би "Қара жорға"

Мұғалім :

Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына.

Ұқыптылық пен зеректік,

Жеткізер сендердей өренді

Білімнің нәрлі сырына.

Болдыңдар енді оқушы.

Міне оның дәлелі.

Тағайын бүгін сендерге

Оқушы деген белгіні.

Оқитын әрі жазатын,

Білімге қол созатын.

Құтты болсын қарағым,

Оқушы деген жаңа атың.

Құрметті оқушылар енді осы атқа лайық болып, ата-аналарыңды , ұстаздарыңды, құрбы- жолдастарыңды сыйлайтын әдепті, алғыр, зерек, тәртіпті болады деген сеніммен, ертеңгілігімізді аяқтаймын

 

Ән: "Әрқашан күн сөнбесін!






«Тілашар»  мерекесі

Мақсаты:  Алғаш мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерді білім алуға,оқуға шақыру.

Ұлттық дәстүр «Тілашар» тойы арқылы оқуға ынтасын арттыру,мектепке деген

сүйіспеншілігін ояту. Қоршаған дүниені танып білуге жетелеу.

Сахна мәдениетіне  тәрбиелеу.
Көрнекілігі: шарлар, нақыл сөздер, тақырып жазылған плакат, слайд, фото-шоу

 

Барысы:

 

Мұғалім:  Армысыздар қымбатты балалар, ардақты ата-аналар және қадірлі ұстаздар! Міне, бүгін сіздер кеше ғана білім баспалдағына алғаш рет қадам басқан, бүгінгі 1-сынып оқушыларының мерекесіне жиналып, «Тілашар» тойының куәгері болып отырсыздар Ендеше, бүлдіршіндеріміздің білім жолына аттаған қадамдарына сәт-сапар тілей отырып, бүгінгі  мереке иелерін ортаға шақырайық. Қарсы алыңыздар:

  1. Дарынды дарабоз — Досымжан

  2. Ұшқыр ойлы — Дильназ бен білімге құштар — Расул

  3. Ерке мінезді Қуандық пен ұтқыр да тапқыр  – Рената

  4. Жаны жомарт — Абдолхақім мен талабы таудай — Жалғас

  5. Байсалды жан Ислам мен ақкөңілді Алишер

  6. Жаны жайсаң – Жанбек пен нәзік жанды – Алия

  7. Асыл да аяулы  Аяна мен сымбатты Султанбек

  8. Белсенді Бекзат пен пәк сезімді  Дария

  9. Ақ ниетті Нұрасыл мен алғыр да зерек Дана

  10. Қайсар жанды Магеррам мен мейірімді жан Мерейім

  11. Ұяң мінезді Нұрмұхаммед пен инабатты Инкар

 

Дильназ:    Қуаныш бүгін мереке,

Шуағын шашып тұр әлем,

Тілашарға келген қуанып,

Бәрі бірге: Қонақтарға мың сәлем!

 

Мұғалім: Айналайын балалар,
Алдыңда Мектеп-Ана бар!
Өздеріңнен өседі,
Өнерлілер,даналар.
Өтті қызық көп күндер,
Жеті жасқа жеттіңдер.

Құтты болсын қадамың
Құтты болсын талабың
Мағжан атам айтқандай
Білім отын жаға біл.

Мұғалім:  Шашу, шашу шашайық,

Ақ сандықты ашайық,

Бұл мереке, бұл тойдың

Бастаңғысын жасайық.    (Ортаға әже шығып, шашу шашады, батасын береді).
Әже: Өсті міне бойларың,

Өсті міне ойларың.

Қуанышқа жиналған

Құтты болсын тойларың.

Мұғалім: Шашу шашты әжелер,

Сылдырлатып теңгелер.

Тойымыздың шашуын,

Сәт сапарға теңгерер.

 

Ислам: Еркеңіздің мойнына,

Ақ жағасы жарасар.

Кел, келіңіз тойыма,

Тойымның аты – тілашар.

Султанбек: Таудай биік талабым,
Оттай лаулап жанамын.
Салт-санасын сақтаймын,
Дала менен қаланың,
Мен мектепке барамын.

Абдолхаким: Қолға кітап аламын,
Маржан сүзіп табамын.
Жарқыратып кеудеме,
Жұлдыз етіп тағамын.
Мен мектепке барамын.

Мерейім: Мен оқушы баламын –

Оқып, білім аламын.

Мектеп-ұям, өзіңе

Арналады бал әнім.

 

  1. Хор: «Қоңырау» әні.

 

Магеррам: Мен тәртіпті баламын,
Түгел қағаз, қаламым.
Бір күн қалмай сабақтан,
Кілең «бестік» аламын.

Алия: Оқуды көп ойлаймыз,

Қызығына тоймаймыз.

Әріптерді үйреніп,

Өлең айтып, би билеп

Өнерден де қалмаймыз.

 

Мұғалім:  «Қара жорға билемей, бидің сәні келер ме?» — деп жырламай ма әнде? Ендеше бүгінгі білім тойында «Қара жорға» билемейміз бе? Қошеметпен қол соғып, балаларды қарсы алайық!

 

  1. Би: «Қаражорға», сынып оқушылары.

 

  1. Көрініс көрсету: «Оқушының достары» ертегісі

Қатысатындар: Дильназ, Инкар, Жалғас, Нұрасыл, Расул, Бекзат, Досымжан.

 

Автор-Дильназ:  Ерте,ертеде,ешкі жүні бөртеде Білім патшасында Мектеп сарайында  Оқушы бала өмір сүріпті. Ол сабақ оқығысы келеді, бірақ ешқандай жазатын, оқитың  құралы болмайды. Жылап келе жатса, алдынан қалам шығады:

Қалам-Инкар:  Әй бала, сен неге жылап келе жатырсың?

Оқушы-Жалғас : Менің сабақ оқығым келеді, бірақ менің ешқандай құралым жоқ. Соған жылап келемін.

Қалам-Инкар: Ендеше сен менімен дос бол, мен саған жазуды үйретемін. Әдемі жазу жазсаң, мен өте риза боламын.

Оқушы- Жалғас:     Жарайды екеуміз дос болайық, ал мен сені қайда жазамын?

Қалам-Инкар:     Мені дәптерге жазады. Жүр,  мен саған оқуға қажетті дәптер, қарындаш, өшіргіш, Әліппе деген  достарды тауып кездестірейін.

Автор-Дильназ:  Екеуі достарды іздеп келе жатса, олардың  барлығы  алдарынан шыға келеді.

Оқушы-Жалғас: Қалам, мына тұрғандар кімдер? Олар не үшін қажет? Менімен қайсысы  дос бола алады ?

Дәптер-Бекзат:     Мен дәптермін. Маған  жазу жазады. Мені оқушы таза ұстауы қажет. Менің бетімді жыртуға, сызуға, бояуға болмайды. Егер де әдемі, таза  жазса, 5- тік деген баға алады.

Қарындаш-Расул: Ал, менің атым — қарындаш. Менсіз ешбір оқушы геометриялық пішіндерді  сыза алмайды.Сурет салу үшінде мені қолданады. Менімен дос болсаң, мен саған сызуды, бояуды үйретемін. Бірақ ескертемін —  мені ұқыпты  ұстамасаң мен ренжимін.

Әліппе-Досымжан:    Ал мен болсам  —  бар кітапқа бас болған Ғылым атасы  -әліппемін. Мен саған 42 әріпті танытып, оқуға үйретемін. Егер де сен менің әріптерімді жаттап, жақсы оқысаң, озат оқушы атанасың.

Өшіргіш-Нұрасыл:      Менің атым – өшіргіш. Менің көмегім саған өте қажет. Өйткені сен қате сызсаң, шимайласаң мені қолданасың.

Қалам-Инкар: Оқушы, бұның барлығы сенімен дос бола алады. Біз сенің сабақты жақсы оқуыңа көмектесеміз.  Тек сен біздің  жаңағы айтып кеткен шарттарымызды орындайсың ба?

Оқушы-Жалғас: Ия,ия шарттарыңды орындаймын. Менің сабақ оқығым келеді. Келіңдер, сендер менің достарым болыңдар.

Автор-Дильназ:     Сөйтіп оқушы өзіне қажетті оқу құралдарын тауып, барлығымен  дос болып, Мектеп сарайындағы ең үлгілі, озат оқушы атанған екен.

 

Ән:  «Мектебім» . Орындайтын: Нусанова Рената.

 

Нұрмұхаммед: Мектеп — үлкен бағдаршам.
Ұстаз — шырақ ұстаушы.

Екеуі де аңғарсақ,
Бағыт жолын нұсқаушы.

Досымжан:Еркесімін атамның,

Еркесімін  анамның.

Толып биыл алтыға

Мен оқушы атандым.

Арқама сөмке асына

Мектепке барам асыға.

Алишер: Өсірді ой сананы

Тіл дамыту сабағы.

Жаңылмай айтып үйрендік

Жаңылтпаш, жұмбақ, мақалды.

 

«Кім тапқыр?» жұмбақ, логикалық есептер шешу,  мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар  айту.

  1. Көп-көп ине, көп ине,

Бір сабағы жоқ ине.

Іс тікпейді, әрине.  /кірпі/

  1. Мұрны пұшық, көзі қысық.

Өзі пысық , бұл не?….  /мысық/

  1. Мекені көкте екі ару,

Бірін-бірі көруге зәру.  / ай мен күн/

  1. Өшірді, сүртті, өзгені құртты,

Өзін де құртты.            /өшіргіш/

  1. Көлден ұшты 3 аққу,

Қайтып қонды  2 аққу.

Қонбады оның нешеуі

Қане, кім тез табады? /1 аққу/

  1. Далада тұр екі ешкі,

Қорада тұр үш ешкі.

Екі ешкі мен үш ешкі

Болады бәрі неше ешкі? /5 ешкі/

  1. 5 алманың екеуін

Досың сұрап алады.

Айтшы сонда нешеуі,

Өз қолыңда қалады? /3 алма/

 

Мақал-мәтелдер (жалғасын тап):

  1. Бірі бәрі үшін, … (бәрі бірі үшін)

  2. Ағасы бардың — … (жағасы бар),

Інісі бардың — … (тынысы бар),

  1. Ырыс алды — … (ынтымақ) .

  2. Әке — … (асқар тау).

  3. Ас атасы — … (нан)

  4. Ас — … (адамның арқауы)

  5. Әкеге қарап ұл өсер, … (анаға қарап қыз өсер)

 

Мұғалім:   Кел, көрейік ертегі,
Естіген жанды елтеді.
Талай ғажап оқиға,
Қызық сырын шертеді.

 

  1. Ертегіні сахналау: «Үйшік»  ертегісі

Қатысатын оқушылар: Жанбек-аю, Дана-түлкі, Рената-қоян, Қуандық-тышқан,

Аяна-қасқыр, Дария-бақа.

Аяна: Мектеп деген жақсы екен
Қызығы мол думанды.
Жақсы көрем бәрінен,
Әдемілеп жазғанды.
Жеті жасқа жеткенім,
Еркеліктен кеткенім.
Кітабымды қолтықтап,
Мектебіме жеткенім.

Жанбек:  Өмірімнің көктемін,
Сенде өткізем деп келдім,
Алтын ұям – мектебім!
Оқып ғылым-білімін,
Ой аламын деп келдім,
Оттан ыстық мектебім!

Дана: Ойыншық қалды жайында,

Әріптер бөлді көңілді.

Тәбетім жоқ ойынға,

Сезінем үлкен өзімді.

Қуыршақты тастадым,

Уақыт жоқ қой ойынға.

Әріпті құрай бастадым,

Сөздерді тізіп қоюға.

Рената: Әжептеуір бойым да,

Сабақ қана ойымда.

Оны ұқпас інім тек,

Шақырады ойынға.

Дейді «Жел боп есейік»

Қайдан білсін ол менің,

Кеткенімді есейіп.

Қуандық: Кіп-кішкентай баламын,
Алтыдан асып барамын.
Сөмке алып мойныма
Мектепке мен барамын.
Озат  оқушы боламын,
Жақсы баға аламын.
Таудай үлкен талабым,
Содан жақсы сабағым.

 

Дария: Ұстаздарды мақтаймын,

Сенімдерін ақтаймын.

Біздікіндей мектепті

Әлем шарлап таппаймын.

Тақпағымды жаттаймын,

Сабағымды баптаймын.

Біздікіндей мектепті

Ешбір жерден таппаймын.
Мұғалім:    Ұрпақпен ұласады мұрат арман,

Бәйтерек бой көтерер құба талдан.

Тойлаңдар,қуаныңдар, ағайындар,

Шалқып қайт, шаттық тойы —

Тілашардан!


Т – тәртіпті болайық                      Султанбек

І – ілімді бойға жинайық               Мерейім

Л – лашындай биік самғайық      Магеррам

А – ақылды азамат болайық        Расул

Ш – шыншыл болайық                 Алишер

А – айбынды болайық                    Нұрасыл

Р – рахат өмір сүрейік                     Ислам

 

Хормен: Мектеп – қамқор анамыз,
Оқып, білім аламыз.
Үлгілі  боп өсетін,
Біз – оқушы боламыз!

 

  1. Хор: «Менің Отаным – Қазақстан»

 

Мұғалім : Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына.

Ұқыптылық пен зеректік,

Жеткізер сендердей өренді

Білімнің нәрлі сырына.

Оқитын әрі жазатын,

Білімге қол созатын.

Құтты болсын  балдырған,

Оқушы деген жаңа атың.

  • Құрметті оқушылар! «Оқушы» деген атқа лайық болып, ата-аналарыңды , ұстаздарыңды, құрбы- жолдастарыңды сыйлайтын әдепті, алғыр, зерек, тәртіпті болады деп сенім білдіремін.

  • Ертеңгілігімізді оқушыларымыздың осы кезге дейінгі мектепте түскен фотоларынан жасалған фото-шоумен аяқтағым келіп отыр. /фото-шоу/

 

  • Қатысқандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!






 Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық.
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда.
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.



Ана тілің біліп қой,

Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышы елімнің.









Жас достар, 
Мұны жақсы ұғайық 
Математика ғылымы 
Құрметтеуге лайық 
Дүниедегі құбылыстың мәніне 
Табиғаттың, қозғалстың бәрінде 
Мүмкін емес есептерсіз түсіну 
Есебіңіз дүние кілті әлі де. 













АШЫҚ САБАҚ

Сынып: 1

Пәні: дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Үйде қауіпсіздік сақтау тәртібі

Яндекс.Директ

Samsung Galaxy Ace Style LTEКупить Смартфон Samsung Galaxy Ace Style LTE всего за 29990тг. в Sulpak!sulpak.kz

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік:оқушыларға үйдегі қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру, қауіпті заттармен, қауіпсіздік жағдайлармен таныстыру және олардан сақтана білуге үйрету.

2. Дамытушылық: табиғаттағы қауіпсіздік шаралары туралы білімдерін кеңейту.

3. Тәрбиелік:өз жеке басының қауіпсіздігін  дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап, әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа сай суреттер, 101, 102, 103,104 телефондары жазылған карточкалар, слайд, бейнебаян

Пәнаралық байланыс: ана тілі

Жоспар:

І. Ұйымдастыру бөлімі (3 минут)

ІІ. Өткенді қайталау (6 минут)

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту (24 минут)

IV. Қорытынды (5 минут)

V.  Бағалау (5 минут)

VІ. Үйге тапсырма (2 минут)

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі (3 минут)

1. Сәлемдесу

2. Сабаққа даярлықтарын тексеру

3. Оқушыларды түгендеу

ІІ. Өткенді қайталау (6 минут)

  • Мекен жайларын сұрау (оқушылардың ойын тыңдау)

  • Бөлмеңдегі заттар таза болу үшін не істейсің?

  • Бөлмеңді кім жинайды?

  • Үйде қандай жұмыстарды атқарасыңдар?

  • Үйде қонақты қалай қарсы аласың?

  • Сенің отбасың қандай үйде тұрады?

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту (24 минут)

  1. Қызығушылығын ояту

Тоққа тисе мұрты ұзын,

Табанымен жазық.

Киімдердің қыртысын,

Береді тез жазып. (үтік)

Жүрген жерін жалмайды,

Тастан басқа қалмайды. (от)

Қоңырауын ұрады,

Дабыл қағып, безектеп. (телефон)

Балаларға сабақтың тақырыбын сурет арқылы анықтату.

  1. Оқулықпен жұмыс(10 минут)

ü  Мұғалімнің оқуы

ü  Оқушының оқуы

ü  Оқушылардың мазмұндауы

ü  Сұрақтарға жауап беруі

Үйде қауіпсіздік сақтау тәртібі

Егер сен үйде жалғыз қалсаң, қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұмытпа.

Мынау – балкон мен терезе. Балконға асылуға, терезеден басыңды сыртқп шығаруға немесе терезе алдына шығып отыруға болмайды.

Су қолмен электр құралдарына, розеткаға, тоқ қосқышқа жанасуға болмайды.

Мынау – үтік. Оның шнурынан тартпа. Тоққа қосылғанда ол өте ыстық болады.

Плитаның үстінде шәйнек, таба, кастрөл тұр. Олар – ыстық. Оларды алу үшін арнаулы қолғап не шүберек керек.

Мынау – дәрі салатын қобдиша. Оған тиіспе және үлкендердің рұқсатынсыз ешбір дәріні ішпе!

Сен үйде жалғыз қалғанда не істейсің?

Тағы қандай қауіпсіздік ережелерін білесің?

  1. Дәптермен жұмыс (5 минут)

  2. Тыйым сөздермен жұмыс (3минут)

Отпен, сумен ойнама.

Ойыннан от шығады.

IV. Қорытынды (7 минут)





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Тілашар тойы 1 сынып

Автор: Шаришева Ардак Жомартовна

Дата: 30.03.2016

Номер свидетельства: 312450

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(124) "Конспект внеклассного мероприятия: "Мен о?ушы атандым" Тілашар тойы "
    ["seo_title"] => string(74) "konspiekt-vnieklassnogho-mieropriiatiia-mien-ok-ushy-atandym-tilashar-toiy"
    ["file_id"] => string(6) "104911"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1402769118"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Т?рбие са?атты? та?ырыбы: "Тілашар" "
    ["seo_title"] => string(36) "t-rbiie-sag-attyn-tak-yryby-tilashar"
    ["file_id"] => string(6) "172710"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1423847463"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "Бастауыш сыныпта?ы "Тілашар""
    ["seo_title"] => string(29) "bastauysh-synyptag-y-tilashar"
    ["file_id"] => string(6) "314220"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459662339"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "урок на тему: Енші ?лесі.  То?ым?а?ар"
    ["seo_title"] => string(33) "uroknatiemuienshiuliesitokymkagar"
    ["file_id"] => string(6) "300897"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456822887"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "?аза? хал?ыны? салт-д?ст?рлері"
    ["seo_title"] => string(28) "kazakkhalkynynsaltdsturlieri"
    ["file_id"] => string(6) "271462"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1451507842"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства