Сабақтың көрнекілігі: Слайд, тігіс түрлерінің суреттері.
Сабақтың құрал – жабдықтары: Ине, жіп, қайшы, мата.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
а) Сәлемдесу
ә) Сабаққа дайындық, оқушыларды түгендеу.
б) Оқушыларды топқа бөлу.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
1.Маталардың қандай түрлерін білесіңдер?
2.Маталардың қасиеттері мен ерекшеліктері қандай?
ІІІ.Жаңа сабақ
Тігіс түрлері.
Тігін машинасы шыққалы қол тігіс түрлері мүлде ұмытыла бастады. Қазіргі кезде қолмен тігу тек қазақы ұлттық жасау – жабдықтарды дайындау кезінде ғана қолданылатын болды. Деректерге зер салсақ, қол тігіс атауларының өзі аз емес екен.
Тігіс түрлері.
Көктеу тігіс
Тепшу тігіс
Жөрмеу тігіс
Қабу тігіс
Торлау тігіс
1.Көктеу тігіс – тігілетін маталарды уақытша ұстап, тігуге қолайлы болу үшін пайдаланатын тігіс түрі. Көктеу инені алшақ шаншып, екі матаны бір – біріне жапсыра тігу.
2.Тепшу тігіс – бұл тігіс көктеуге қарағанда жиі тігіледі. Тігіс әдісі де көктеуге ұқсас. Ине шаншымын жиі алып, тек бір шаншымнан емес, инені шүберекке әлденеше шаншып тізіп алған соң бір - ақ тартып шығаруды тепшу дейді.
3.Жөрмеу тігіс – теріден, көннен, киізден жасалатын жабдықтар мен киімдерді тігуге қолданылады. Жөрмеу тігісінде екі киізді, теріні беттестіріп алып, шетінен бастап, инені көлденеңінен түйреп шаншып, жіпті орап түсіріп тігеді.
4.Қабу тігіс – арасына жүн, мақта салынып жасалған қалың жабдықтар, астарланған бұйымдар бір – біріне жабысып тұруы үшін пайдаланылатын тігіс. Инені бұйымның ар жақ, бер жағына жиілеп өткізіп, білдірмей тігетін тігіс қабу тігіс деп аталады.
5.Торлау тігіс- жөрмеу тігістің бір түрі – торлау тігіс. Торлау негізінде түйме өткізілетін тесіктердің кенересі сетінеп, қалпын бұзбауы, жиырылмауы үшін қолданылады. Торлау- өте жиі тігілуі тиіс.
ІV. Кітаппен жұмыс
V. Жұмбақ шешу
1.Тап-тап жорға,
Табаны жоқ боз жорға
Желіп кетсе, жеткізбес,
Жерге түссе, таптырмас.
(Ине)
2.Жарқылдаған қос қылыш
Қолға тисе жоқ тыныш
(Қайшы)
3.Саусақтың басына киетін
Темір қалпақ
(Оймақ)
Матамын әркез төзімді
Мақтадан алар бөзімді
Үлкендер де, кіші де
Сәндікке киер өзімді
Көп жуса тез қысқарам
Қолжемді білер ұстаған
Бүктелсем де сан рет
Үтіктелсем жақсарам
(Шыт)
VІ.Қауіпсіздік ережесі
Оқушылар жұмыс жасау кезінде әркім өзімен –өзі жасау керек
1.Қайшыны берер кезде сап жағымен беру керек.
2.Ине жоғалмау үшін жіпке сабақтап қоюмыз керек. Жерге түскен кезде тез табылу үшін.
3.Инемен жұмыс жасап болғаннан кейін инені жастықшаға түйреп қоюмыз керек.
VІІ.Сарамандық жұмыс
VІІІ. Сергіту сәті
Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Бесті беске қосайық
Қатты –қатты соғайық.
ІХ. Қорытынды сұрақ жауап
1.Маталардың қандай түрлерін білесіңдер?
2.Маталардың қасиеттері мен ерекшеліктері қандай?
1. Қол іс тігушінің негізгі құралдарына нелер жатады?
2.Кез-келген бұйымды тігу үшін нені дұрыс таңдай білу қажет?
3.Тігістің түрлерін ата?
4.Матаның шеті сетінеп кетпес үшін қандай тігіс қолданылады?
5.Бөлшектерді уақытша бекіту үшін қолданатын тігіс ?
6.Маталардың қандай түрлерін білесіңдер?
7.Ине не үшін қажет?
8. Маталардың қасиеттері мен ерекшеліктері қандай?