kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тақырыбы: Көшедегі тәртіп

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: Оқушылардың көшедегі тәртіп  туралы  түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

Білімділік: Оқушылардың жолда жүру ережесі, жол белгілерінің түрлері жайында

білімдерін толықтыру.

Түзете-дамытушылық: Сөйлеу дағдыларын жетілдіру, ой өрісін дамытып, сөздік қорын кеңейту, байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту.  

Тәрбиелік: Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп- тұруға, жол ережесін сақтауға

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: Көшедегі тәртіп»



Ашық сабақ

«Тәртіп мәдениеті» пәні

Тақырыбы: Көшедегі тәртіп

Мақсаты: Оқушылардың көшедегі тәртіп туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

Білімділік: Оқушылардың жолда жүру ережесі, жол белгілерінің түрлері жайында

білімдерін толықтыру.

Түзете-дамытушылық: Сөйлеу дағдыларын жетілдіру, ой өрісін дамытып, сөздік қорын кеңейту, байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту.  

Тәрбиелік: Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп- тұруға, жол ережесін сақтауға

тәрбиелеу.

Жабдықтау: проектр, экран, слайд,бейнематериал.

I. Кіріспе бөлім.

1.Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу

Шаттық шеңбері. (Оқушылар хормен тақпақты қайталап айтады)

Алтын сәуле арайлы.
Бақшамызға тарайды.
Қуанышпен шат күліп,
Қарсы алайық арайды.
Қайырлы таң қонақтар!
- Сәлеметсіздер ме?!

3. Ойын.

"Сиқырлы сөздер әлемінде" сиқырлы конверттер бар. Ол конвертте мынадай сөздер жазылған: рахмет, кешіріңіз, рұқсат па, жарайды.

1. Апаң сенің базардан

Алма сатып әкелді

Ең үлкенін, жақсысын

Саған таңдап әперді

-Не деп барып жеу керек?

- Рахмет!

2. Балалар жүр көшеде

Естіледі айқай-шу

Сенде шықтың көршіңді,

Қағып кеттің байқамай

-Мұндайда не деу керек?

- Кешіріңіз.

3. Әжең сенің түскі асқа

Қант-кәмпит салды мол

Жұрттан бұрын ыдысқа

Өз бетіңмен салдың қол

-Жөн еді не айтқаның?

- Рұқсат па?

4.Добын апар назардың!

Деді ағаң, бармадың

Тапжылмадың, сазардың

Аған тілін алмадың?

-Жөн еді не айтқаның?

- Жарайды!

-Өте жақсы балалар, сыпайыгершілік сөздерді ұмытпай, үнемі қайталап жүрелік

Сахналық көрініс: «Қасқыр мен Қоян»

Қоян:
- Ой, Қасқыр саған не болған?
Қасқыр:
- Ештеңе болған жоқ.
- Онда неге аяғың ақсаңдап қалған?
- Ой, Қоян, сенен ешнәрсе де жасыра алмайды екенсің. Көлікке жабысамын деп...
- Сен не көлікке жабысып жүрсің бе?
- Иә
- Жүріп бара жатқан көлікке жабысуға болмайтынын білмейсің бе?
- Баратын жеріме тез жетейін деп...
- Тез жетейін  деп өзіңе не болғанын көрдің бе?
- Көрдім
- Көшеде қалай болса солай жүруге, көліктерге жабысуға болмайды ғой.
- Ал егер асығып тұрсам ше?
- Қаншалықты асығып тұрсаң да,  жол ережесін сақтау керек.
- Жол ережесін?
- Иа, жаяу жүріп бара жатқан адамдарға, жүргізушілерге арналған ережелер болады. Сол ережелерді сақтау керек.
- Ал сол ережелерді сақтамасаң не болады?
- Жол ережесін сақтамағандарға айыппұл салады, ең қорқыныштысы сен сияқты жарақат алады.
- Қоян,  жол ережесі деген не ол?
- Ал сен оның не екенін білмейсің бе?
-
Білмедім, маған үйретіңдерші...

Мұғалімнің кіріспе сөзі

-Біздің елімізде әртүрлі көліктер жылдан жылға көбейіп келеді.Жаяу адамдар мен жолаушы адамдардың саны да көбейіп келеді.Жол көлік оқиғаларының қауіпі арта түсуде.Сондықтан да жүргізуші мен жаяу адамдар көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпке және мұқият болуы қажет.Жол көлік оқиғаларының зардабын балалар тартады.Оның себебі көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін нашар біледі.Міне осы мақсатта біздің сыныбымызда да «Жол тәртібін білейік,аман есен жүрейік!»ашық тәрбиелік шараны өткізбекшіміз. Жұмбақ: Жоқ өзінде бас та,ауыз да, құлақ та, Бақырайған үш көзі бар бірақта. (Бағдаршам) «Бағдаршам-жол атасы» Бағдаршам туралы не білеміз?Бағдаршам бізге жол қиылыстарынан өтуге көмектеседі. Жаяу жүрушілерді жол апатынан сақтайды. Жолдан өтерде өте мұқият болу керек. Бағдаршамның үш көзі – үш түрлі. Бағдаршам бар қиылыс жолдарда адамдар өтетін ақ жолақтар болады. Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда көліктер тоқтайды, ал адамдар жаяу жүрушілер ақ жолақтармен өтеді. Ал, ортадағы сары көзі жанса, көліктер дайындалады. – Ал жасыл көзі жанса, жол ашылады, көліктер жүреді. Бағдаршамның үш көзі жаяу жүргіншілерге және көлікпен жүруге де өте қолайлы, адам өміріне орасан зор. Бағдаршам болмағанда көліктер соқтығысып, жол апаты көп болар еді. Біздің өмірімізді сақтайтын осы бағдаршам. Олай болса, көшеден өткенде арнайы ақ жолақтардан өту керек. Жол қиылысында аса абай болған жөн. Көшелерде, жолдарда доп ойнауға, шанамен сырғанап ойнауға болмайды.

-Көшеде өтіп бара  жатқан автобус,  трамвайдың артынан жабысуға, қыста жабысып сырғанауға бола ма?

-Қала көшесімен келе жатқанда абай бол! Асықпа! Тек тротуар немесе жол жиегі мен ғана жүр.

 -Көшеде жүру тәртібін не басқарады?

 -Бағдаршамның- өмірімізді апаттан сақтандыратын көмекшіміз, оның сырын біліп, тілін алу  баршамыздың міндетіміз.

Балалар, қазір бағдаршам ойынын ойнаймыз.

Қызыл жанса – тыныш тұрамыз.

Сары жанса –оң аяғымызды көтеріп, дайындаламыз.

Жасыл жанса –топ-топ басып жүреміз.

І.Оқушыларды жол белгілерімен таныстыру.

1. Жаяу жүргіншілерге арналған жол.

2. Велосипед жүруге болатын және болмайтын жол

3. Балаларға жүруге болмайды деген ескертпе

4. Трамвай аялдамасы

5. Автомобильге арналған жол

6.Жер асты жаяу жүргінші өткелі

7.Аурухана

8.Тамақтану пунті

Жол ережелі видеокөрініс көрсету

Жұмбақтар шешу.

Көзін ашып жұмады.

Бағыт сілтеп тұрады. (Бағдаршам)

Ала таяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған.

Өміріңді күзеткен,

Ысқырығы күшті адам.(Автоинспекция қызметкері)

Арқаным тым ұзын.

Ала алмайсың бір үзім. (Жол)

Сөйлеуді білмейді

Бірақ «Тоқта,жүр»-дейді.

(Бағдаршам)

Жолда жүру ережесі туралы түсіндіру
1. Машина жүретін жолда ойнауға болмайды.
2. Көлік жүретін жолмен жүруге болмайды.
3. Көшенің қиылысындағы бағдаршамның қызылы жанғанда жолдан өтуге болмайды.
4. Көшенің кез келген жерінене өтуге болмайды.
5. Көлік жүретін көшені бойлап жүруге болмайды. 
6. Егер жолдан өтуге үлгермесең, орталық сызықта немесе «қауіпсіздік аялдамасында» тоқта да бағдаршамның жасыл түсі жануын кқт.
7. Жолдан бағдаршамның тек жасыл жанғанда ғана өт.
8. Егер жаяу жүргіншілерге арналған жол болмаса, жаяу жүргінші жолдың шетімен қозғалысқа қарсы жүруге тиісті. 
Жаяу адамдардың міндеттері:
1. Жаяу жүргіншілерге арналған жол немесе жаяу жолдың оң жағымен, ал олар болмаса, жол жиегімен немесе велосипед жолымен жүруі тиіс.
2. Жолдан бара жатқанда жаяулап себепсіз кедергі немесе тоқтап қалмауы тиіс. Көшеден өтпес бұрын алдымен сол жаққа, ал көшенің ортасына жеткенде оң жаққа қарау керек. 

Көшеде тағы қандай ережелерді білеміз?

1. бейтаныс адамның көлігіне отырма; егер, көшеде немесе есік алдында бейтаныс адам сені алып кетпекші болса, «Мен сені танымаймын» деп дауыстап, қашып шығудың амалын жаса; жедел сатыға (лифт) танымайтын адаммен бірге кірме.

2.Ауладағы қауіпті жерлер: өсіп кеткен бұталар, қурап кеткен ағаштар, көлік жүретін жолдар, қоқыс тастайтын жәшік. Ұқыпты және абай болу керек. Аулада өзін-өзі ұстау ережесі: ластамау, шуламау, терезеге және балкон жанына жақын ойнамау, шыны сындырмау.

3.Жақын жердегі айналаны, балабақша орналасқан шағын ауданды, өзі тұратын үйді бағдарлай білу. Ненің қай жерде орналасқанын білу. Үйге және балабақшаға баратын мейлінше қауіпсіз жолды білу. Нақты жол бағытын білу.

4.Жол белгілерімен таныстыру: «Балалар», «Жаяу кісі өтетін өткел». Жаяу кісілер тек белгі қойылған жерден ғана өтеді. Екі жақты қозғалыста алдымен сол жаққа, жолдың ортасына жеткенде - оң жаққа қарау. Көше және жол белгілері. Өз ауданындағы көліктермен танысу. Жүріп бара жатқан кез-келген көлік адамға қауіп төндіруі мүмкін.

5.Қоғамдық орындарда өзін мәдениетті ұстай білу және қауіпсіздік ережелерін сақтау. Жалпыға ортақ құрал-саймандарды ұқыпты және дұрыс қолдана білу.

6. Бейтаныс адамдармен подъезге немесе лифтке кіруге болмайды. Оданда подъезден шығып, таныс біреу кездескенше күте тұрған жөн.

7.Бейтаныс адаммен сөйлеспе, адамдар жүрген жерге кетіп қал.

8.Танымайтын және аз танитын адамдардан кәмпит немесе басқада сыйлықтарды алма.

9.Бейтаныс және таныс адамдардың автокөлігіне отырма.

10.Егерде сені біреу күштеп автокөлігіне отырғызы келсе немесе өзімен бірге алып кеткісі келсе, айналадағы адамдардың назарын аудартуға тырыс.

11.Артыңнан еріп келе жатқан автокөліктен әрі жүр, қарама қарсы жаққа бұрылып кетуге тырыс.

12.Егер үйде үлкендер болмаса бейтаныс немесе аз танитын адамдарды, сол сияқты балаларды үйге шақыруға болмайды.

13.Егерде сен үйде жалғыз қалсаң, есікті таныстарғада ашпа.

Егерде біреу есікті күшпен ашып кірмек болса, дереу 102 телефоны бойынша полицияға қоңырау шал.

14.Танымайтын адаммен сөйлесудің, оның телефон арқылы: «Үйде кім бар?», «Ата-аналарың қашан келеді?» деген сұрақтарына жауап берудің қажеті жоқ. Тез арада байланысты доғару керек.

15.Ата-аналарыңды ескертпей, үйіңнен кетпе.

16.Егерде саған біреулер әдеттен тыс (түсініксіз), үйреншікті емес болып көрінсе, ол адамдар туралы ата-аналарыңа, мектептегі мұғаліміңе, полиция қызметкеріне міндетті түрде айт.

17.Дәрігердің немесе ата-анаңның рұқсатысыз дәрі-дәрмектерді ішпеңіз.

18.Қоғамдық жерлерде, мектепте, траспортта қауіпсіздік ережелерін үнемі сақтаңыздар.

19.Жүріп тұру үшін адамдар жүрген жерді немесе жақсы жарықтанған жерді таңдаңыз.

20.Көшені бағдаршамның жасыл түсі жанғанда ғана өтіңіздер.

21.Өміріңе және денсаулығыңа қауіпті жерлерде, атап айтқанда: құрылыс жүріп жатқан жерлерде, ескі үйлердің қираған орындарында және т.б. ешқашан ойнама.

22.Қауіпті жерлерден аулақ жүру керек: төлелер, гараждар, ашық жатқан люктер, бос қалған жерлер, ауладағы машиналардан.

23.Қосылулы тұрған электр құралына тиіспеңіз және электр вилкасын су қолыңызбен ұстамаңыз. Даладағы трансформаторлық үйшіктерге жақындамаңыз.

24.Су қоймаларына баруға және онда ересек адамдарсыз шомылуға болмайды.

25.Көшеде түнгі сағат 22.00 ересек адамдарсыз жүрме.

Білімді актуалдандыру:

Сергіту сәті “Мен біркүні адастым ”

Мен бір күні адастым – (қорыққанды көрсету),

Бірақ тез-тез ойландым – (маңдайын қолымен жайлап соғып күлімсіреу),

Жан жағыма қарадым – ( қарау),

Анам жоқ, енді не істеймін – (қолын екі жағына жаяды),

Оңға қарай жүгірдім – (орнында жүгіру),

Табыла ма, анам деп – (айналасына қарау),

Солға қарай жүгірдім – (орнында жүгіру),

Табыла ма, анам деп – (айналасына қарау),

Айналамды қарадым – (айналу),

Көріп қалам ба екен деп– (айналасына қарау),

Жоқ. Қозғалмаймын орнымнан – (қолын кеудесіне қою),

Осы жерде күтем тек Егер адасып қалсаңдар ешқайда кетпей тұрыңдар. Сонда сендерді тез тауып алады

Жолға байланысты жұмбақтар

1. Сөйлеуді ол білмейді,
Бірақ тоқта, жүр дейді. (бағдаршам)
2. Төрт аяғы дөңгелек,
Адамсыз ол жүрмейді (машина)
3. Тақылдатып таңдайды.
Егінді тез жалмайды. 
Дәнін берер тазалап.
Өзі түкте алмайды. (комбайн)
Сары тобына:
1. Ала таяқ ұстаған.
Жол тәртібін нұсқаған
Өміріңді күзеткен.
Ысқырығы күзеткен. (милиционер)
2. Көліктің қаншасын жанынан өткізген.
Іргеден басталып, алысқа жеткізген (жол)
3. Қанаты бар қақпайды.
Аспанда тыным таппайды. (самолет)
Жасыл тобына:
1. Гүрілдеп жүреді.
Жердің бетін сүреді. (трактор)
2. Күндіз – түні көше кезіп зулайды.
Жолаушыға қызмет етіп тынбайды. (такси)
4. Ұзын өзен.
Суы жоқ (жол)

(слайдттан маман иелері көрсетіледі)

-Балалар сендер сендер дастарханға нанның қалай келетінін білесіңдер ме?

Ұйқасын тап ойыны

Сергіту сәті “Ұйқасың тап»

• Бір, екі, үш, төрт, пәтерде болып жатыр …….(өрт)

• Түтін басып кетіпті, сөндірмеген біреу……(үтікті).

• Қызыл жалын лаулады, демек шырпымен біреу…….. (ойнады)

• Тек тұрғаның жарамас, тез 101 ге сен …… (хабарлас)

• Өртке оранды шатыр, өртсөндірушіні тез…….( шақыр)

Сергіту сәті: 

Қызыл : қолымызды жоғары көтереміз.

Сары: бір- бірімізбен амандасамыз.

Жасыл: құшақтасамыз.

III.Бекіту

«Кім жылдам?!» ойыны.

- Бағдаршамның неше түсі бар? Үш: қызыл, сары, жасыл.

- Қай түс жанғанда машиналар жүреді? - жасыл

- Көлік күтетін жерді қалай атайды? - аялдама

- Көшеде жаяу жүрген адамдарды кімдер дейді? - жүргішілер

- Бағдаршамның «қызыл» көзі не дейді? «Тоқта!» - дейді.

- Жаяу адамдардың өтетін жолындағы сызықты не дейді? - Ақ жолақ немесе зебра жол.

4. «Өлеңді аяқта» ойыны

Мұғалім өлеңді бастайды, оқушылар аяқтайды.

Біз ұқыпты************баламыз,

Сөзге шебер***********боламыз.

Үлкендерді************сыйлаймыз,

Еңбектен де ***********қашпаймыз.

Сұрақ-жауап:

6. Көшеде жүру тәртібіне байланысты бейнеролик көрсету

Қорытынды бөлім:

-Балалар, бүгін сабақта не жөнінде сөйлестік?

-Еңбек ету адамға не үшін керек?

-Еңбек адамды неге жеткізеді?

-Бүгінгі сабағымызда біз не істедік?

Үй тапсырмасын беру

Балаларды бағалау.

Сабақты аяқтау






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тақырыбы: Көшедегі тәртіп

Автор: Аймакова Назым калымбековна

Дата: 09.03.2019

Номер свидетельства: 502388

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "Та?ырыбы:  К?шедегі  ?йлер."
    ["seo_title"] => string(26) "takyrybykoshiedieghiuilier"
    ["file_id"] => string(6) "284274"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453962638"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "Жолда жүру ережесiн сақтайық"
    ["seo_title"] => string(37) "zholda_zhuru_ieriezhiesin_sak_taiyk_2"
    ["file_id"] => string(6) "417635"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1495448439"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(25) "К?шедегі саба?"
    ["seo_title"] => string(18) "koshiedieghi-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "313204"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459441356"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(81) "Ашық сабақ тақырыбы: "Қауіпсіздік ережелері""
    ["seo_title"] => string(43) "ashyk_sabak_takyryby_kauipsizdik_erezheleri"
    ["file_id"] => string(6) "508596"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1556443831"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(109) "Ашы? т?рбие са?аты. Та?ырыбы: "Салауатты ?мір – к?тері?кі к??іл" "
    ["seo_title"] => string(65) "ashyk-t-rbiie-sag-aty-tak-yryby-salauatty-omir-kotierin-ki-kon-il"
    ["file_id"] => string(6) "157818"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1421657640"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства