Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: "Тымақ" (ашық сабақ)»
Сабақ тақырыбы: «Тымақ»
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушылардың буын ұғымы, құрамы туралы түсініктерін кеңейту. Дауысты дыбыс өзі жеке тұрып буын құрайтынын ұғындыру.Мәтінді түсініп, мәнерлеп оқу дағдыларын нығайту. М.Дулатов туралы түсінік беру; Дамытушылығы: Шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету. Ой - өрісін, танымдық қабілетін дамыту, көркем жазуға машықтандыру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Тәрбиелігі: Үлкенді сыйлауға, еңбекқорлыққа, әдептілікке баулу. Қазақтың ұлттық құндылықтарын насихаттау. Көрнекілігі: Интербелсенді тақта (тірек-сызбалар, суреттер), буындар Әдіс - тәсілі: Түсіндіру, әңгімелеу, топтық, жеке жұмыстар. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру Психологиялық дайындық.
Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Қазақ тілінде дыбыстар буын құрайды. Буын сөздегі дауысты дыбысқа негізделеді. Дауысты дыбыс өзі жеке тұрып буын құрай алады.
Буынның 3 түрі болады: ашық буын, тұйық буын, бүтеу буын. (жоғары сыныптарға барғанда өтетінін айтып өту) 2.Дәптермен жұмыс: 60 – жаттығу.
Сөздерді буынға бөліп оқу. Дәптерге жаздырту.
апа
көке
ұя
а-па
кө-ке
ұ-я
а-на
ба-ла
о-ю
ә-ке
тә-те
и-ю
а-на
Ше-ше
ү-ю
ә-же
ба-ба
і-ні
құ-да
3. Сөзжұмбақ шешу: Тымақ.
Т
Ө
Т
Р
Ы
Л
Қ
Ы
Ж
Р
АП
ББ
Қ
А
М
А
Б
О
Т
С
Қ
Ы
Сөзжұмбақ сұрақтары:
1. Неше жуан дауысты дыбыс бар?
2.Кісінейтін жануарды ата?
3.Жылқының атасы кім?
4. Түйенің төлі қалай аталады?
5. Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қандай сөз шықты?
-Тымақ.
Тымақ туралы не білеміз? Тымақ деген не өзі? Білетініміз бар ма? (оқушы жауаптары)
4. Сөздікпен жұмыс: Тымақ- биік төбелі, маңдайы, екі құлағы бар аңның, малдың терісінен тігілген қысқы бас киім. Қазақта тымақтың түрлері көп, соның ең бағалысы - түлкі тымақ. Оның маңдайы мен құлақтарының ішкі жағына түлкі терісі тігіледі. Сырты мақпалмен, асыл маталармен тысталады.
Слайд арқылы қазақтың ұлттық бас киімдерін көрсету. Ендеше, бүгінгі тақырыбымыз «Тымақ» мәтінімен танысамыз. Міржақып Дулатов өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімелеу. Мәтінді оқып, мазмұнын түсіндіру. 5. Оқушыларға тізбектей оқыту. Мәтін соңындағы тапсырмалармен жұмыс.
Суретпен жұмыс: Интербелсенді тақтаға оқулықтағы сурет беріледі. Оқушыларды сурет бойынша әңгімелету.
-Қай мезгіл бейнеленген?
-Көктем.
-Ал тымақты қай мезгілде киеміз?
-Қыста.
6.Сергіту сәті:
7. Топтық жұмыс. 1 - тапсырма. Нұрмаш әкесінің тымағын не үшін кигісі келді? 2 - тапсырма. Әкесінің тымағын киген Нұрмашты сипттаңдар. 3 - тапсырма. Бекбай атай неліктен тымаққа тіл қатты. 4 - тапсырма. Өзіңнің үлкендерге ұқсағың келе ме? Неліктен?
7.«Кім жылдам?» буыннан сөз құрау
Оқушыларға:та, бек, а, ең, жыл, лын,а,ә, құ,ке, қы,на буындары беріледі. Оқушылар осы буындардан сөз құрауы керек. (ата, еңбек, ана, жылқы, құлын, әке, ана)
8.«Ия - жоқ»ойыны. 1. Алфавитте 42 әріп бар. Ия 2. Дыбыстар 4 - ке бөлінеді. Жоқ 3. Бала. 1буынды сөз. Жоқ 4. Дауысты дыбыс қанша болса, сонша буын болады. Ия 5. Дауыссыз дыбыстар буын құрайды. Жоқ 6. Дауысты дыбыстар 2 бөлінеді. Ия
8.Постер қорғау. Өз топтарының атауларына байланысты ережелерді айту. ІҮ. Қорытынды. «Тымақ» кімнің шығармасы? Қандай дыбыс өзі тұрып буын құрай алады? Сөздің неше буыннан тұрғанын қалай білеміз?
Ү. Оқушыларды бағалау. Мадақтау. ҮІ. Үй тапсырмасы: «Тымақ» мәтінін мазмұндау.