Сабақтың мақсаты: а) Қазақстанның жер бедері жайлы мәлімет беру. ә) Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, өз беттерімен іздене білу дағдыларын дамыту. Картамен жұмыс. б)Туған елінің әсем табиғатын сүйе білуге және алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: Қазақстанның физикалық карта, суреттер, оқулық
Сабақтың түрі: жаңа сабақ. Сабақтың әдісі:түсіндіру, көрсету,
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық.
Табиғат - біздің анамыз, Табиғатқа баламыз. Табиғатты қорғайтын,Біз әдепті баламыз.
Жер байлығы көп екен,Меңгеруді қалайды. Осының бәрін меңгертер, Дүниетану сабағы.