Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: 7 санын қосу және азайту»
Сабақтың тақырыбы: 7 санын қосу және азайту
Сабақтың мақсаты:. Берілген есептерге кері есептер құрай отырып, ауызша шапшаң есептей білуге тірбиелеу. Тапсырмаларды топтасып орындау барысында ұйымшылдыққа, ортақ бір пікірге келуге тәрбиелеу.
Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: Топтық жұмыс, сұрақ-жауап, диалог, кері байланыс, жаңаша әдіс-тәсілдер,
Модельдердің кіріктірілуі: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқытудағы жаңаша әдіс-тәсілдер, диалогтік оқыту.жас ерекшеліктеріне байланысты оқыту, АКТ, оқу үшін бағалау.
Оқып үйренудің нәтижесі: 7 санын қосу және азайтуды меңгереді, қосылғыштарының бірі 7 болатын өрнектер құрады.
Үйрену мақсатында бағаны қоса бағалау: Топтық бағалау, формативті бағалау.Барлығын қосқанда: Даму ағашынан әр оқушы қай жерде екенін стикерлер арқылы көрсету.
№
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Уақыты
Ресурстар
1.
Ұйымдастыру кезеңі.
1,2,3,сандары арқылы оқушыларды топтастыру.
Топтасып, топтарына ат қойып, сол туралы мәлімет береді, топбасшысын сайлайды, оқу құралдарын дайындайды. Психологиялық дайындық.
3 минут
сандар тізбегі оқу құралдары математика оқулығы
2.
Еске түсіру.
Үй тапсырмасын сұрау.
І-топ: Жанарда 6 шар бар еді. Ол құрбысына 2 шар берді. Жанарда неше шар қалды? Берілген есепке кері есеп құрастырады.
ІІ-топ: Асанның жасы 5-те, ағасы одан 2 жас үлкен. Ағасы неше жаста? Берілген есепке кері есеп құрастырады.
ІІІ-топ: Ажар 5см қызыл және 3см көк лента қиып алды. Ажар барлығы неше см лента қиып алды. Берілген есепке кері есеп құрастыру.
5 минут
есептер жазылған үлестірмелі материалдар санау материалдары
3.
Түсіну. Оқулықпен жұмыс.№1 мысалды орындайды.
1.Қосылғыштарының бірі 7 болатын қосындылар құр және мәндерін тап.
2. Азайғышы 7 болатын айырмалар құрады және мәндерін табады.
5 минут
маркерлер
кестелер А4 үлгідегі қағаздар АКТ
4.
Кітаппен жұмыс.
№2 мысалды ауызша орындайды.
Көк және қызыл кесдрерұзындықтарының айырмасын, қызыл және жасыл кесінділер ұзындықтарының қосындысымен салыстыр. Оқушылар берілген тапсырмаларды ауызша орындайды.
5 минут
Оқулық геометриялық фигуралар АКТ маркерлер
5.
Кітаппен жұмыс
№3 мысалға есеп құрастыру.
Үлкен қасық - 10 ? артық
Кіші қасық - 7
берілген тапсырманы топтасып орындайды.
5 минут
математика оқулығы маркерлер стикерлер
6.
Сергіту сәті
Сергіту сәтін орындап, санамақтар айтады.
2 минут
АКТ
7.
Топтық тапсырма:
Ойын есептер.
Жауабын ата:
Зообақта болғанда
құмда ойнаған үшеуін,
Әткеншек тепкен екеуін,
Арқаларын қыздырып,
отырған тағы үшеуін
Көріп ұалып санадым.
Қанша маймыл байқадым?
3мин
Оқулық АКТ стикерлер маркерлер
8.
Кел, ойнайық!
І-топ: 5 саны жазылған зымыранға жауабы 5 болатын өрнектерді іледі.
9-4 6-1
ІІ-топ: 9 саны жазылған зымыранға жауабы 9 болатын өрнектерді іледі.
2+7
ІІІ-топ: 8 саны жазылған зымыранға жауабы 8 болатын өрнектерді іледі.
6+2 7+1
3мин
зымыран суреті өрнектер жазылған кестелер стикерлер маркерлер
9.
Логикалық тапсырмалар.
10 ағашты үш қатарға төрт-төрттен отырғызуға бола ма?
ұалташаға салынған ағаштар суретін кассаға орналасытып өз пікірлерін дәлелдейді.
Оқушылар сабаққа түгел қатысты. Оқушыларды топтастыру барысында тізбектелген сандарды: жеміс түрлерін пайдалану өте тиімді болды. Оқушылар жемістер бойынша топтаса отырып, сол жемістердің пайдасы туралы білетіндерін де айтып өтті. Мақал – мәтелдер де айтып кетті. Алма туралы топ лидері Әбибулла Жарқын : «Еңбек етсе ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген мақалды да орындаы пайдаланды. Топтарына ат қою да сәтті өтті.Үй тапсырмасын сұрау барысында пайдаланған жіңішке және жуан сұрақтарға да оқушылар жақсы жауап берді. Тапсырмаларды орындау барысында оқушылар арасында шу білінді. Оқушылар топтық ережені өздері құрып, сол ережені назарда ұстанды. 6 санын қосу және азайту амалдарын орындау барысын еске түсіріп пысықтап, сұрақтарға дұрыс жауап берді. Оқушылар әр тапсырманы еске түсіру кезінде, ауызша шапшаң орындап отырды.. Ал сыныптың дарынды оқушысы Бекнұр 6 санына байланысты берілген есептердің жауабын, тексеру арқылын дәлелді жауаптарымен өзінің дарынды оқушы екенін дәлелдей түсті. Сабақ барысында тапсырмаларды орындау кезінде әр топта баяу немесе білсе де білгенін сұрамаса айтпайтын Балауса, Сабина және Таңсұлуға да топ белсенділері жауап берулеріне мүмкіндік беріп отырды. Сергіту тапсырмасын орындау кезінде көп қателескен оқушылар болды. Бір қосыоғышы 7 болатын өрнектер құру кезінде топбасшылары топ мүшелерімен бірге ақылдасып, ортақ бір шешімге келе білді. Ал екінші мысалды орындау кезінде есептің жауабын тауып, оны дәлелдей білу кезінде топ мүшелері арасында зерттеушілік диалог орын алды. Сабақ соңында оқушылар бүгінгі сабақтан өздеріне не ұнағаны туралы стикерлерге суреттер салу арқылы, даму ағашына ілді. Оқушылар алты жастағы оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты: егер күннің суретін салса, онда сабақ жақсы өткені. Ал күннің бетіне бұлт салынса, онда сабақ өз дәрежесінде болмағаны. Ал бұлттың суретін салса, онда сабақ мүлде ұнамағаны. Оқушылар түгел күннің суретін салған екен.
Не сәтсіз өтті?
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау кезінде, өрнектің мәнін табу кезінде оқушылар бір-бірімен келіспей жатты. Үнемі сынып лидерлері өздері айтқысы келе береді. Топтық ереженің ең негізгісі «бірін – бірі тыңдауды» естен шығарып қоя берді . Үнемі ережені есте сақтау керектігін қайталап айта бердім. Бір-біріне сұрақ қою кезінде дұрыс жауабын күтпей, келесі сұраққа өтіп кетті.
Нені өзгертуге болады?
Оқушыларға тапсырма беру кезінде , берілген тапсырмаларға қосымша мәлімет бере кетсем, тапсырманы орындауға уақытты тиімді жұмсайды. Топтасып жауап бергенде жай сөйлейтін, тапсырманы баяу орындайтын оқушыларға топ лидерлерінің көмек беруін қадағалау, яғни оқушылар түсінбеген жерлерін бір-бірінен сұрау немесе біріне –бірі көмектесулерін қадағалау.
Мұғалімнің көзқарасы
Әр сабақты жоспарлағанда мұғалім тапсырмаларды оқушылардың деңгейіне қарай дайындауы керек. Сабақта баяу оқушылармен жеке жұмыс жүргізу, олармен жақынырақ сөйлесу немесе оқушының сыныптастарына деген көзқарасын «Социоргамма» арқылы біліп алу керек. Топтық жұмыс жасауда сабақ соңында бағалау парағы арқылы топбасшысы топт мүшелерін көтермелеп жіберген. Сол себепті оқушыларды бағалауда смайликтер арқылы әр оқушы өзіне тиісті смайликтерді алып, осы баға лайықты екендері туралы өзін бағалайды.