«Сәлем беру» тренингі Үшке дейін санау арқылы топқа бөлінеді. С.Тұрдалиевтің «Аманат» мәтіні. 1-топ: Бұл қай мезгіл еді? Кеме қандай суда жүзе алады? Кеме ненің қуатымен жүзеді? 2-топ: Сабыр балаларға не айтты? Үйге дейін мініп келген баланың «ат» талын көрген әкесі неге ренжиді деп ойлайсыңдар ? 3-топ: Әкесінің бала кезінде болған оқиғадан Дәлмыр- за туралы сыр шертуін әңгімеле. Ауыл ақсақалдарына қандай аманат айтты? Кейінгі ұрпақ деп кімді айтқан? Жарты ғасыр деп неше жылдың өткенін айтты? «Адасқан әріптер» ойыны арқылы тақырыпты ашу. Әр топқа орны ауысқан әріптер жазылған парақшалар үлестіріледі, оқушылар әріптерді орнына қоя отырып ( А,и,б,т,а,ғ,т і,р, т,і, к, ш,л,і ы,н,ы,с,т,ы ) «Табиғат- тіршілік тынысы» деген сөз құрастырып тақырыпты ашады. Сабағымыздың мақсаты: Бүгінгі сабақта ақын М.Шахановтың «Табиғат - тіршілік тынысы тақырыбында жазған мәтінімен танысамыз. Слайд. М. Шахановтың өмірбаянымен таныстыру. Оқулықпен жұмыс. « ДЖИКСО » әдісі арқылы оқушылырды кезекпен 1,2,3-ке дейін санату арқылы топтарға қайта бөліп отырғызу. Оқулықтағы мәтінді үш бөлікке бөліп беру. А) «Түртіп алу» әдісі арқылы сөздік жұмысын жүргізу. Ә) Мәтінді іштей оқиды. Б) Топта талқылап, ой бөліседі. В) Қайтадан өз топтарына отырғызып, кезекпен жалғастыра ой бөлісіп, түсінісу. «Жинақ» кестесі: Сауалдар | Жауап | 1. Қазақстан мен Қырғызстаннан жылы өлкеге ұшқан құстардың қырылу себебін түсіндір? | | 2. Қара суық түскен кезде жылы елге кеткен құстар, туған өлкесіне адаспай қалай жетеді? | | 3. Ауа райын жан- жақты айыратын табиғат еркелерінің (құстардың) теріс ұшып Якутияға баруына не себеп? | | 4. Шағалаларды не үшін қырды? | | 5. Шағаланы жаппай қырғаннан кейін табиғатта қандай құбылыс байқалды? | | 6. Табиғаттың тынысын тарылтып отырған не? | | 7. Адамзаттың қоғам алдындағы басты міндеті не? | | І топ: «Табиғатты қорғау» тақырыбында бес жол өлең құрап жаз. ІІ топ: Көл жағасындағы масаны немесе қалың қамысты жоғалтса, қандай табиғи өзгеріс болуы мүмкін екенін болжап, өзіңше дәлелдеп көр. (Егер ........болса, онда .......) ІІІ топ: Табиғатты қорғау үшін қандай қатал заң шығару керек деп ойлайсың? Өз пікіріңді айт. |