kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Тәуелсіздік аңсаған арман, қол жеткен мұрат"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тәуелсіздік туралы толық мағлұмат беру, оңайлықпен келмегендерін түсіндіпу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Тәуелсіздік аңсаған арман, қол жеткен мұрат"»

Тақырыбы: «Тәуелсіздік- аңсаған арман, қол жеткен мұрат» 

Мақсаты: Оқушылырды Отаншылдыққа, ұлтжандылыққа , туған жеріне, атамекеніне деген  сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру, өз елінің тарихын сүюге үйрену. Оқушылырды патриоттық рухта тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер, слайд, рәміздер.

Мұғалім: (Тақтада желтоқсан құрбандарының суреті)

Құрметті қонақтар, ата- аналар және оқушылар! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесі күніне арналған «Тәуелсіздік- аңсаған арман, қол жеткен мұрат» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Бақ сыйлаған баршаға, өркеніңе,

Үміт артам елімнің ертеңіне.

Тәуелсіздік, 25- ке толдың бүгін,

Отаным жылдан- жылға көркеюде.

 Құрметті оқушылар міне тәуелсіздік алып  егемен ел болып, көк байрағымыз  көгімізде желбіреп, басқа елдермен тереземіз теңесіп, өз тәуелсіздігімізді тойлап келе жатқанымызға  25 жылдың жүзі болыпты

Сынып сағатын бастамас бұрын,

Әнұраны елімнің

Шырқала бер шарықтап

Қыран құсы көгімде

Еркін ұшсын қалықтап дей келе бүгінгі сынып сағатымызды Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранымен бастайық.

Әнұран орындалады.

Слайд жүріледі. (желтоқсан оқиғасына байланысты)

Желтоқсан көтерілісі 1986 жылы 16-19 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының  КСРО үкіметінін отаршылдық, әміршіл-әкімшілдік жүйесіне қарсы наразылық  қимылдары. Көтерілістің басталуына  Мәскеудегі орталықтың  республика халқының пікірімен санаспастан  Ресейдің Ульянов облысы партия комитетінің 1 хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің бірінші хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды.  Көтеріліс 16 желтоқсан күні  таңертеңгі сағат 8-де  қаладағы  Л.И. Брежнев атындағы  алаңға (қазіргі Республика алаңы)  саяси тәуелсіздікті талап еткен ұрандармен жастардың көтеріліске шығуынан басталды. Алғашында  300 адам жиналып, кешкісін көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті.  Бірақ көтерілісшілердің қойған талап-тілектері аяқ асты етіліп, оларды тарату мақсатында алаңға құқық қорғау органдарының қызметкерлері  мен  арнайы әскери күштер тобы жеткізілді. 18 күні алаңға қайта жиналмақ болған көтерілісшілерге  қарсы әскер күші  қолданылды.  Көтерілісшілердің құрған топтарын ығыстыру үшін  жедел отряд, милиция мен жасақшылардан арнайы  топтар құрылып, қала көшелеріне аттандырылды.  Осы әскери күштер 19 желтоқсан күні қаланың әр тұсында қайтадан шеруге шықпақ болған 6 топты басып, таратты.  Алаңдағы көтерілісшілер таратылған соң  ішкі істер бөлімдеріне  2401 адам жеткізілген (Алматы түрмесіне сыймағандықтан, қала сыртына апарып тасталғандарды қосып есептегенде  барлығы 8,5 мың адам ұсталған). КСРО ІІМ-нің  бұйырығы негізінде дайындалған «Құйын-86» операциясы  бойынша көтеріліс қатігездікпен басылып жаншылды. Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан құғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды.   Қазақ еліне тәуелсіздікті талап еткен  желтоқсан көтерілісі  құрбандарының қатарында: Ербол Сыпатаев, Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанқызы  Қ.Молданазарова, М.Әбдіқұлов сынды ержүрек қазақ жастары бар.

Енді осы желтоқсан құрбандарын орынымыздан тұрып бір сәт үнсіздікпен еске алайық.

Мұз жастанып азаттықтың жолында

Тәуелсіздіқ туы тұрды қолыңда

Сойыл таяқ ойнаса да жанында

Отан үшін жанын қиды ұлдарың

Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың.

Құрбандарым жазықсыз құрбандарым

Иә бұл көтерілістен жазықсыз жапа шеккендер саны аз болған жоқ.  1986 жыл 16 желтоқсан бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан, әрі жарқын әрі қаралы да қасіретті күн болды.

(Тақтада желтоқсан оқиғасына байланысты слайд)

Енді оқушыларымыздың желтоқсан оқиғасына байланысты  дайындаған өлеңдерін оқиды.

Гүлсін:

Ескерусіз дін жатыр сүресінде

Қақпақ қойып ауызға көзді байлап

Санаспайды-ау, бұлар тегі ешкіммен

Жариялылық дегенің елес білем.

Қайрат

Сүрмейтұғын болдық қой күймей ғұмыр

Көлеңке күннен де тимейді нұр

Колбин деген кім екен қайдан келген

Сыртымыздан қашанғы билейді бұл.



Өгей қозы біз болдық енемізге

Келімсектер шықты ғой төбемізге

Ақиқат жоқ маңайың тоған аңыз

Жүр екенбіз адасып жолда нағыз.



Бар болғаны осы еді қылмысымыз

Савитскиді көрген жоқ бір кісіміз

Кейін соның қазасы таңылғанда

Аң-таң болып қан жылап тұрды ішіміз.

Иә  өр мінезді, ержүрек Қайраттай қазақ жастарына Светскииді өлтірді деп жала жауып, темір тордың құрсауында ұстап сұраққа алды. Енді осы оқиға жайында көріністі тамашалайық.

(Ортаға Қайраттың анасы шығады)

Данара: Апа Қайрат көкемнен хат келді.

Анасы (Жаннұр): Рас па,әкелші,  өзін көрмесемде хатын оқып мауқымды басайын.

Қайраттың хаты: Амансыздар ма? Анам туған-туыстарым.

Менің нақақтан абақтыға отырғаныма сіздер сенеді деп ойлаймын. Жасақшыны ұрды өлтірді деген  жалаға сене көрмеңіздер. Алаңда жатақхана жанында ұсқыны суық жасақшылардың, жиналған қазақ жастарын ұрып-соғып, бейкүнә қыздарды шашынан сүйреп қорлағандарын көріп шыдамадым. «Ереуілге қарулы» деп  мен де топ ішіне кіріп көмектесуге ұмтылдым.

   Менің де, сол күні алаңға шыққан қазақ жастарының да, еш күнәсі жоқ. Алаңға барғанымыз азаттық іздеп барғанымыз. Біз «ұлтшылдықтың» үлгісі емес, «ұлтжандылықтың» үлгісін көрсеттік. Қазақтың бостандық алатын күні алыс емес апа.

Аман болыңдар.

Ана: Ұлым менің, сен әлі 21 десің. Аман болсаң бір жерден шығатын, алмастай өткір жігіт боларсың деп үміт күтеді сорлы анаң.

(Анасы шығып кетеді)

Ортаға жараланған қайратты әкеледі)

Тергеуші:Сен 18-і күні сағат 10 да қайда болдың. Қайрат:Жолдастарыммен бірге.

Тергеуші:Жоқ сен сол күні Сәтбаев пен Мир көшесінің қиылысында Савитскииді соққыға жықтың, соның нәтижесінде ол қайтыс болды. Сен кінәлісің оған.

Қайрат:

Күнәдан таза басым бар

21 де жасым бар

Қасқалдақтай қаным бар

Бозтоғайдай жаным бар

Қайрат деген атым бар

Қазақ деген затым бар

Атам десең атыңдар.

Осы желтоқсан оқиғасы жайында Тәуелсіздік алғаннан кейін Желтоқсан көтерілісі туралы  шындық қалпына келтіріліп, бұл жөнінде, «Желтоқсан 1986 Алматы», «Желтоқсан құрбандарын жоқтау», «Ер намысы-ел намысы», жинақтары, «Мұзда жанған алау», «Желтоқсан ызғары» кітаптары  мен «Желтоқсан» газеті жарық көрді. «Аллажар», «Қызғыш құс»  кинофильмдері түсіріліп өлеңдер мен әндерде шығарылды.

«Көк тудың желбірегені» әні оқушыларымыздың орындауында тыңдаңыздыр. 

(Енді осы тәуелсіздік алғаннан бергі жылдардағы елеулі оқиғаларға байланысты мен сендерге сұрақ қоямын Оқушыларға сұрақ қою арқылы суретті шығарып алу (ту, елтаңба, әнұран, бәйтерек, президент).

1.1991 жылы 1-желтоқсанда Қ.Р. президенті сайланды.

2.1991 жылы 16 желтоқсанда  республикамыз егемендік алды

3.1992 жылы қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.

4.1992 жылы мемлекеттік жаңа әнұраны, елтаңбасы, туы қабылданды.

Жаңа әнұран 2006 жылы 6-қаңтарда   қабылданды.

әні: Шәмші Қалдаяқов, сөзі: Н.Ә. Назарбаев.

5.1993 жылы ұлттық теңгеге көшу жылы.

6.1995 жылы Қ.Р.конституциясы қабылданды.

8.1998 жылы Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласы болып тағайындалды.

Қандай сурет пайда болды.

Әрбір тәуелсіз мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздері бар. Мемлекеттік рәміздер-Ту, Елтаңба, Әнұран. Мемлекеттік рәміздерді,білу, құрметтеу әрбір азаматтың міндеті.

Мінекей балалар осындай қиын қыстау қасіретке толы кезеңдерді басымыздан өткізе отырып, ержүрек те батыл аға-әпкелеріміздің арқасында  тәуелсіздікке қол жеткіздік. 

Біз қазір кеудемізді бақыт сезімі билеп, «Бұл менің елім, менің жерім, Тәуелсіз Қазақстаным»-деп жар салып мақтанышпен айта аламыз. Желтоқсан көтерілісін арқасында 1991 жылы еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш тәуелсіз ел дүниеге келді.

Егеменді ел болып 1991 жылы 1 желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты  республикамыздың президенті етіп сайлады.

Оқушылар ортаға шығып өлең шумақтарын оқиды.

Қайрат

Данара

Гүлсін

Наурызбек

Жаннұр

Ән  «Отан»

«Қазақ биі»

«Қазақстан» сөзжұмбағын шешу.

1.Тәуелсіздік үшін күрескен батыр (Қайрат)

2.Қазақстанның елордасы қай қала (Астана)

3.Қазақстанның елбасы кім (Назарбаев)

4.Қазақстан қай құрлықта орналасқан (Еуразия)

5.Қазақстанның жергілікті халқы қай тілде сөйлеседі (Қазақ)

6.Қазақстанның астанасы қай қала (Астана)

7.Қазақстанның ұлттық валютасы (тенге)

8.Қазақстанның көршілерінің бірі (Қытай)

9.Қазақстан неге бай (Мұнай)

Ендеше тәуелсіз Қазақстанға арнап өз тілегімізді жазып жабыстырайық.

Қорытынды:

Елінің бостандығы үшін күрескен Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Жәнібек батыр, беріректе Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, одан бері 16 желтоқсан құрбандары Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанқызы  сияқты ержүрек батырларымыздың арқасында тәуелсіздікке қол жеткізіп, мінекей сол тәуелсіздігіміздін 25 жылдық тойын тойлау үстіндеміз. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, мемлекетіміз мәңгі жасасын. 

Енді осы ата-бабамыздан мұра болып қалған қазақ жерін қорғап тәуесіз елімізді гүлдендіріп, дамыту  Қазақстанның келешек болашағы сіздердің қолдарыңызда.  

Бүгінгі сабағымыздың қорытындысы  ретінде  Оқушылардың орындауында «Елім менің» әні қабыл алыңыздар.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
"Тәуелсіздік аңсаған арман, қол жеткен мұрат"

Автор: Ержанова Алтынгул Амантаевна

Дата: 04.04.2017

Номер свидетельства: 406588

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "Т?уелсіздік – а?са?ан арман, ?ол жеткен м?рат "
    ["seo_title"] => string(50) "t-uielsizdik-an-sag-an-arman-k-ol-zhietkien-mu-rat"
    ["file_id"] => string(6) "180991"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1425290161"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(90) ""Т?уелсіздік тол?аулары" курсыны? о?у ба?дарламасы "
    ["seo_title"] => string(52) "t-uielsizdik-tolg-aulary-kursynyn-ok-u-bag-darlamasy"
    ["file_id"] => string(6) "235548"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1443727960"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "«М??гілік м?ратымыз т?уелсіздік!» "
    ["seo_title"] => string(34) "m-n-ghilik-mu-ratymyz-t-uielsizdik"
    ["file_id"] => string(6) "151457"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1420709627"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(149) "Тәрбие сағатының тақырыбы: Ұрпаққа берген ұлағатты тәрбие-Мәңгілік елдің кепілі."
    ["seo_title"] => string(79) "t_rbie_sagatynyn_takyryby_urpakk_a_bergen_ulagatty_t_rbie_m_ngilik_eldin_kepili"
    ["file_id"] => string(6) "479508"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1538501496"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(147) "Та?ырыбы:  «Елбасы – руханият  тірегі»    1 желто?сан Президент к?ніне арнал?ан кеш "
    ["seo_title"] => string(88) "tak-yryby-ielbasy-rukhaniiat-tirieghi-1-zhieltok-san-priezidient-kuninie-arnalg-an-kiesh"
    ["file_id"] => string(6) "181820"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1425398336"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства