Абай поэзиясын оқытудың тапсырмалар жүйесі
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін... (Абай)
«» өлеңі
Тапсырмалар жүйесі:
І Мазмұн мен мағына
Тапсырма:
Ақын шығармасында айтылған ойды мұқият тыңдау:
Ø Өлеңде баяндалған оқиғаларды көз алдына елестетіңіз;
Ø Көріністерді өз сөздерімен еркін баяндаңыз;
Ø Жоғарыдағы тапсырмаларды орындау арқылы өлең мазмұнын толық меңгеріп алыңыз.
ІІ Абай тілінің сөздігі
Тапсырма:
Ø Өлеңдегі мағынасы өзіңізге беймәлім, түсініксіз сөздерді Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінен тауып, мағынасын біліп алыңыз;
Ø Сөздердің мәнін ашыңыз, өзіңіздің сөздік қорыңызға қосып қойыңыз.
ІІІ «Абайды оқы, ерінбе»
Тапсырма:
Ø Берілген тірек сөздердің өлеңдегі орнын тауып қойыңыз,
Ø Өлең мәтінін қайта қарап пысықтаңыз, есіңізде сақтаңыз,
Ø Өлеңді жаттап алуға дағдыланыңыз.
ІV «Абайды оқы, таңырқа»
Құнды сөз
Тапсырма:
Ø Өлеңдегі Абай тілінің көркем айшықтарын - метафора мен көркем эпитеттерді тауып, олардың мағынасын есіңізде сақтаңыз;
Ø Көркем айшықты сөздерді өзіңіздің сөздік қорыңызға қосып қойыңыз.
Құнарлы ой
Тапсырма:
Ø Абайдың екі өлеңдегі айшықты, көркем сипатты, құнарлы ойлары мен ақыл- нақылға айналған тұшымды өлең жолдарын тауып, теріп жазыңыз;
Ø Мағынасын түсініп, есіңізде сақтаңыз.
V Зерде
1. Салыстырмалы талдау
«» өлеңіндегі ... көріністері
2. Салыстырмалы талдау
Ұқсастықтар мен айырмашылықтар
Ой үндестігі
Тапсырма:
Екі өлеңдегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды төмендегі бағытта салыстыра сипаттаңыз:
1.
2.
3.
3. Өлең құрылысындағы Абай өрнегі
Тапсырма:
Ø Кесте бойынша өлеңнің құрылысына талдау жасаңыз;
Ø Өлеңге анықтама жазыңыз.
VІ Таразы
Сынақ тапсырмасы
Тапсырма:
Ø Сынақ тапсырмасы арқылы өзіңіздің біліміңізді тексеріңіз;
Ø Тиісті ұпай жинаңыз.
VІІ Еркін ойлау – «Айтарым бар...»
Тапсырма:
Ø Өлеңдегі ақынның сөйлеуші мен тыңдаушы туралы ой түйініне орай «?» деген сұрақтың төңірегінде ойланып, ой жүйелеңіз;
Ø Өз замандастарыңыздың білім- ғылымға ынтасы, көзқарасы жайлы еркін ой толғаңыз, ашық пікір айтыңыз.
VІІІ Еркін жазу - «Жазғым келгені…»
Тапсырма:
Ø «...» өлеңіндегі ақын ойымен ашылған идеяға өз ойыңызды үндестіре отырып, ой түйіндеңіз;
Ø «...» тақырыбына ойтолғау, эссе, шығарма жазыңыз.
ІХ Қылқалам
Тапсырма:
Ø Өлеңнен алған әсеріңіз бойынша қылқаламның көмегімен суреттер салыңыз;
Ø Салған суреттеріңізге ат қойыңыз, себебін түсіндіріңіз.
Х Алтын сандық
Тапсырма:
Ø «...» өлеңі бойынша берілген түсініктер мен қосымша мәліметтерді оқып, біліп алыңыз;
Ø Берілген тапсырмалардың, сынақ жұмысының жауаптары арқылы өз біліміңізді тексеріңіз.
ХІ Қоржын
Тапсырма:
Қоржынға:
Ø өзіңіз орындаған тапсырмалардың жауаптарын;
Ø жазба жұмыстарыңызды;
Ø салған суреттеріңізді жинақтап салыңыз.
Абай қарасөздерін оқытудың тапсырмалар жүйесі
...кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын,
я оқысын... (Абай)
... қарасөзі
Тапсырмалар жүйесі:
І Мазмұн мен мағына
Тапсырма:
Ақын шығармасында айтылған ойды мұқият тыңдау:
Ø Қарасөзде баяндалған оқиғаларды көз алдына елестетіңіз;
Ø Көріністерді өз сөздерімен еркін баяндаңыз;
Ø Жоғарыдағы тапсырмаларды орындау арқылы қарасөздің мазмұнын толық меңгеріп алыңыз.
ІІ Абай тілінің сөздігі
Тапсырма:
Ø Қарасөздегі мағынасы өзіңізге беймәлім, түсініксіз сөздерді Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінен тауып, мағынасын біліп алыңыз;
Ø Сөздердің мәнін ашыңыз, өзіңіздің сөздік қорыңызға қосып қойыңыз.
ІІІ «Абайды оқы, ерінбе»
Тапсырма:
Ø Берілген тірек сөздердің өлеңдегі орнын тауып қойыңыз,
Ø Қарасөз мәтінін қайта қарап пысықтаңыз, есіңізде сақтаңыз,
Ø Шығарманы жаттап алуға дағдыланыңыз.
ІV «Абайды оқы, таңырқа»
Құнды сөз
Тапсырма:
Ø Қарасөздегі Абай тілінің көркем айшықтарын - метафора мен көркем эпитеттерді, т.б. тауып, олардың мағынасын есіңізде сақтаңыз;
Ø Көркем айшықты сөздерді өзіңіздің сөздік қорыңызға қосып қойыңыз.
Құнарлы ой
Тапсырма:
Ø Абайдың екі қарасөздегі айшықты, көркем сипатты, құнарлы ойлары мен ақыл- нақылға айналған тұшымды жолдарды тауып, теріп жазыңыз;
Ø Мағынасын түсініп, есіңізде сақтаңыз.
V Зерде
Салыстырмалы талдау
Ұқсастықтар мен айырмашылықтар
Ой үндестігі
Тапсырма:
Екі шығарманың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстыра сипаттаңыз.
VІ Таразы
Сынақ тапсырмасы
Тапсырма:
Ø Сынақ тапсырмасы арқылы өзіңіздің біліміңізді тексеріңіз;
Ø Тиісті ұпай жинаңыз.
VІІ Еркін ойлау – «Айтарым бар...»
Тапсырма:
Ø Қарасөздегі ақынның ой түйініне орай «...?» деген сұрақтың төңірегінде ойланып, ой жүйелеңіз;
Ø Өз замандастарыңыздың көзқарасы жайлы еркін ой толғаңыз, ашық пікір айтыңыз.
VІІІ Еркін жазу - «Жазғым келгені…»
Тапсырма:
Ø Қарасөздегі ақын ойымен ашылған идеяға өз ойыңызды үндестіре отырып, ой түйіндеңіз;
Ø «...» тақырыбына ойтолғау, эссе, шығарма жазыңыз.
ІХ Қылқалам
Тапсырма:
Ø Өлеңнен алған әсеріңіз бойынша қылқаламның көмегімен суреттер салыңыз;
Ø Салған суреттеріңізге ат қойыңыз, себебін түсіндіріңіз.
Х Алтын сандық
Тапсырма:
Ø «Білімдіден шыққан сөз» өлеңі бойынша берілген түсініктер мен қосымша мәліметтерді оқып, біліп алыңыз;
Ø Берілген тапсырмалардың, сынақ жұмысының жауаптары арқылы өз біліміңізді тексеріңіз.
ХІ Қоржын
Тапсырма:
Қоржынға:
Ø өзіңіз орындаған тапсырмалардың жауаптарын;
Ø жазба жұмыстарыңызды;
Ø салған суреттеріңізді жинақтап салыңыз.