Ма?ала " Химия п?ні бойынша сыныптан тыс ж?мысты ж?ргізу жолдары"
Ма?ала " Химия п?ні бойынша сыныптан тыс ж?мысты ж?ргізу жолдары"
Химия п?ні бойынша сыныптан тыс ж?мысты ж?ргізу жолдары та?ырыбында химия п?ніні? м??алімдеріне сыныптан тыс ж?мысты? т?рлері мен ма?сат, міндеттері ж?не оларды жоспарлау т?рлері туралы айтылады. сыныптан тыс ж?мысты? негізгі т?рі ?йірмені? о?ушыларды? п?нге ?ызы?ушылы?тарын арттыру жолдары к?рсетіледі.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ма?ала " Химия п?ні бойынша сыныптан тыс ж?мысты ж?ргізу жолдары"»
Тақырыбы: Химия пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу жолдары.
Сыныптан тыс жұмыстардың маңызы.
Оқушылар шығармашылығын дамытуда сыныптан тыс жұмыстар үлкен рөл атқарады.
Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар химия пәнінің негіздерін үйретіп қана қоймай, оқушыларды өмірге дайындап, мамандықты еркін таңдай білулеріне көп септігін тигізеді.
Химия пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың барлығы қатысатын атап айтқанда ,химиялық кештер, сайыс сабақтарын өткізумен шектеледі. Мұнда оқушылардың жеке жұмыс істеуіне, жеке белсенділіктерін дамыту жұмыстарына көңіл бөлінбейді. Оқушыларға жеке пәннен тек білім беріп қана қою жеткіліксіз, оларды сабақ үстінде де, сыныптан тыс жұмыстарда да ғылымды сүйе білуге , өз беттерінше білім ала білуге үйрету керек. Сабақты қызықты өткізу арқылы білімді өз беттерімен тереңдете алатын болуына негіз қалау керек.
Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың мақсаттары мен міндеттері.
Сыныптан тыс жұмыстар белгілі бір мақсатқа сай жүйелі де нәтижелі болуы керек. Сабақ пен сабақтан тыс жұмыстардың өзара байланысын жетілдіріп, оқушыларды білімге, пәнге құштарлығын арттырып, пайдалы қоғамдық еңбекке белсенді қатыстырып, мамандықты иегеруге әзірлеу-мұғалімнің негізге міндеті. Сонымен қатар сыныптан тыс жұмыс жеке оқушыға ғана әсер етпей, көпшілік оқушыларды қызықтыратындай етеп ұйымдастырлуы қажет.
Оқушылардың пәнге ықыласы артып, қызыға бастаса, құштарлық тереңдей түседі. Оқушылардың сабақтан тыс уақытын қайткенде бір нәрсемен шұғылданса болды деген негізде құрылмауы керек. Жоспарсыздыққа, немқұрайлылыққа жол берілмеген дұрыс.
Бұдан шығатын қорытынды, сыныптан тыс жүргізілетін пәндік жұмыстардың негізгі мақсаты- әртүрлі үйірмелермен қамтылған оқушылардың қоғамдық және пайдалы шығармашылық белсенділігін көтеру. Ең бастысы-оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарға, пәнге деген қызығушылықтары мен жауапкершілігі артып қана қоймай, бір-біріне үйрететін дәрежеде болады.
Сыныптан тыс жұмыстың түрлері
Оқу жоспарынан тыс , оқушылардың қалауы бойынша ұйымдастырылатын оқу-тәрбие жұмысын сыныптан тыс жұмыстар деп атайды. Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдаланумен қатар білімін дамытуға байланысты жұмыстары әртүрлі мағынадағы терминдермен аталып жүр. «Сабақтан тыс», «Сыныптан тыс», «Мектептен тыс»Бұл терминдердің кейбір ұқсастықтары мен бір-бірінен айырмашылықтары да бар.
Сабақтан тыс жұмыс сабаққа байланысты мұғалімнің тапсырмасы бойынша бір сыныптың оқушылары орындайтын, зертханалық және сарамандық жұмыстарымен байланысып жатады. Осы жұмыстарды орындағаны үшін сарамандық сипаттағы үйге берілген есептерді шығарып, жатығуларды орындауы да жатады.
Мектептен тыс жұмыстар сабақтан бос уақытта оқушылар сарайында, жас натуралистер станциясында, институт зертханаларында, зауыт, фабрикаларда, агрохимиялық зертханаларда өткізіледі. Бұған мұғалім басшылық жасайды, өзіндік арнаулы бағдарламасы болады.
Сыныптан тыс жұмыстар мектепте, оқушылардың бос уақыттарында өз еріктері бойынша үйірмелер арқылы жүргізіледі. Оқу бағдарламасынан өзгеше танымдық, іскерлік пен дағдылар қалыптастыруы оқушылардың қоғамдық пайдалы жұмысты атқаруын көздейді. Оған қатысатын оқушылардың білім дәрежесі, сыныптағы жас ерекшелігі бірдей болмауы мүмкін, осыған орай орындайтын жұмыстары да әртүрлі болады.
Сыныптан тыс жұмыстар жеке-дара, топтық, көпшілік жұмыстар болып бөлінеді.
Сыныптан тыс жұмыстардың бір түрі- химия ғылымына ерекше қызығатын оқушылармен деке дара жұмыстар. Бұларға талдау, синтездеу, олимпиадалық есептерді шешу, жарыс кештеріне дайындалу т.б. жатады.
Топтық жұмыстардың негізгі түрі-үйірме. Үйірме оқушылардың өз еріктері бойынша арнаулы бағдарлама ға сәйкес құрылады.
Сыныптан тыс жұмыстардың негізі үйірме жұмысы.
Дұрыс ұйымдастырылған үйірме мектептің алдына қойған көптеген мақсаттары мен міндеттерін ойдағыдай шешуіне көмектеседі.
Ашып айтқанда, үйірме оқушыларды ғылымды сүюге, білімін дамытып, пәнге қығығушылықтарын арттыруға, өз беттерінше жұмыс істей білуге, орындалатын жұмысқа жауапкершілікпен қарауға, ұжымдылыққа т.б.көптеген адамгершілік қасиеттерге тәрбиелейді.
Химиялық үйірмелер жұмысының мазмұны мен мақсаттарына қарай әртүрлі бағыттары бар, қызықты химиялық тәжірибелерді таныстыратын және оны көпшілік алдында жасай білуге оқушыларды дағдыландыратын үйірме, химиялық технология, модельдер, макеттер, жасайтын конструкторлық химия үйірмесі, агрохимиялық үйірме, фотохимия , химия пәнінде экология т.б үйірмелері
Химия үйірмесінде өздері орындаған жұмыстарының мазмұны туралы тұжырымын, жазбаша есебінің нәтижесін арнаулы журналға түсіріп, қызықты мәлімет,деректерді де тіркеп отырады.
Үйірме жетекшілері оқушылардың орындайтын жұмыстарының мазмұныны түсініп, орындау әдістері мен қажетті әдебиеттерді пайдалана білуге бағыт береді.
Қорыта айтқанда, сыныптан тыс жұмыстарды нәтижелі, сапалы жүргізулі мақсат міндеттердің айқындылығы мен мұғалімнің ұстанымыда болмақ.