Класс: 3 «В»
Сабақтың тақырыбы: Сынып оқушылары
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,
тәуелдік жалғауларын түсіндіру, сауатты жазуға және
сөйлеуге үйрету;
ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Просмотр содержимого документа
«Сынып оқушылары»
Класс: 3 «В»
Сабақтың тақырыбы: Сынып оқушылары
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,
тәуелдік жалғауларын түсіндіру, сауатты жазуға және
сөйлеуге үйрету;
ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, бес жолды өлең
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
- Оқушылармен амандасу - Кезекшінің мәліметі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сөздерді жаттау.
Үй тапсырмасын қорытындылау.
Жаңа сабақ.
Сынып оқушылары: 38 оқушы,қандай ұлт өкілдері бар,неше қыз,неше ұл бала бар екендігін әңгімелеу.
Сөздікпен жұмыс
-жаңа сөздерді хормен оқу;
-әр оқушы жеке оқу;
Оқушы-ученик
Танысу-знакомиться
Ұл-мальчик
Қыз-девочка
Тату-дружный (-ая, - ое)
Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп кішкентай ағаштар,
Су құйғанда өседі.
1-тапсырма.Мәтінді оқы,сыныбың туралы айт.
Бұл - біздің сынып.Сыныпта 25 оқушы бар.Біздің сыныпта 13 қыз, 12 ұл бар.Біздің сынып тату.
3-тапсырма.Үлгі бойынша өзің туралы жаз.
Менің атым – Жанар.
Мен тоғыз жастамын.
Мен үшінші сыныпта оқимын.
Менің сыныбым тату.
4-тапсырма.Жаңа оқушылармен таныс,сөйле.
\Бұл - Оля
Ол сегіз жаста.
Ол Астанадан келді.
5- тапсырма.Жаңылтпашты тез оқып үйрен.
Жаңылтпаш
Бізде «бес» алатындар да бар,
Ән сала алатындар да бар.
Қорытындылау бөлімі
Сабақты бекіту: - сыныпта неше оқушы бар?
-қандай ұлт өкілдері бар?
- неше қыз,неше ұл оқушы бар?
Үйге тапсырма: 194 бет, 6-тапсырма. Сөзжұмбақты шеш.
Бағалау.