Пәннің аты: Дүниетану | Уақыты: 02.05.2017 ж | 3 «Ж» сынып | Мұғалім: Медетбаева А |
Сабақтың тақырыбы | Сүтқоректілер |
Сабақтың мақсаты | Жануарлардың бір түрі – сүтқоректілер тобы туралы жаңа түсінікпен танысады. Сүтқоректілердің тіршілік ортасын еске түсіріп, тапсырма орындайды. |
Күтілетін нәтиже | Сүтқоректілердің көптүрлілігімен танысып, табиғаттағы маңыздылығын игереді. Жануарларды салыстыра отырып, ұқсастықтарын ажыратады. Балалар бір – бірін оқыта отырып, тексереді. |
Ресурстар | Кесте, суреттер |
Дерек көздері | Дүниетану оқулығы 3 сынып, дидактикалық –әдістемелік құралдар |
Оқыту әдісітері | Оқытудағы жаңа әдістер, СТО, ойын, көрнекілік, сұрақ - жауап. |
Іс-әрекет барысы | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс- әрекеті |
Ұйымдастыру кезеңі | Психологиялық дайындық Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз. Сүтқоректілердің суреті бойынша бөлу. Әр топтың топ басшысын сайлату. Топтық жұмыстағы ережені еске түсіру. Топ басшыларына бағалау парағын таныстыру. Үй жұмысы «Кім жылдам?» ойыны арқылы сұрақтар қою Оқушыларды тақтаға шығып әр түрлі суретті таңдау арқылы артында турған сұрақтарға жауап беру. І топ – жәндіктер -Жәндіктерді ата. -Омыртқасыз жануарларды ата? ІІ топ – балықтар -Балықтар қайда тіршілік етеді? -Балықтың денесі қандай? ІІІ топ – қосмекенділер -Қосмекенділерге нелер жатады? -Қосмекенділер немен қоректенеді? ІV топ – жорғалаушылар -Жорғалаушыларға нелер жатады? -Жорғалаушылардың екінші атауы? | Психологиялық жаттығуды орындайды Өздері таңдаған сүтқоректілер бойынша бөлінеді. Топ басшыларын тағайындайды. Топ ережесін еске түсіреді. Топ басшысы бағалау парағымен танысады. Сұрақтарға жауап береді -Шыбын, маса, инелік, -Жәндіктер,өрмекші, ұлу -Мұхит,теңіз, көл, өзен -Ұзын, сүйір сусымалы қабыршақтан тұрады. -Бақа, саламандра, тритон. -Зиянкес жәндіктермен қоректенеді. -Кесіртке, жылан, тасбақа. –Рептилия. |
Тұсаукесер | «Төрт сурет, бір сөз» суреттер арқылы жаңа тақырыпты анықтау.     - Сүтқоректілер жайлы не білесіңдер? Неге сүтқоректілер деп атайды? | Жаңа сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныс болады |
Негізгі бөлім | Әр топқа жаңа тақырыптағы мәтіндерді бөліп, оқып түсіндіру тапсырылады. І топ – тұяқтылар ІІ топ – су жануары ІІІ топ – кеміруші ІV топ – жыртқыш Сергіту сәті Берілген сұраққа байланысты постер дайындау І топ – топтастыру Сүтқоректі дегенді қалай түсінесің? Неліктен? Олар түрлерін ата. ІІ топ – салыстыру Сүтқоректілердің айырмашылығы мен ұқсастығын салыстыр. ІІІ топ – сәйкестендіру Бұғы Тұяқты Арыстан Морж Су жануарлары Тышқан Дельфин Кеміруші Сиыр Жыртқыш ІV топ – Сүтқоректілердің пайдасы мен зияны. Мысал келтір. | Әр топ берілген тақырыпты түсініп, оқып шығады. Жыртқыштар, су жануары, тұяқтылар, кемірушілер туралы түсіндіреді. Сергіту сәтін жасайды. Оқушылар тобымен ақылдаса отырып, тапсырмаларды орындап, постер қорғайды. |
Қорытынды бөлім | - Бүгін сабақта нені еске түсірдіңдер? - Сүтқоректілер неше топқа бөлінеді? - Үйде қандай жануарларды ұстаймыз? Жұмбақ шешу Жетектесең жетеді, Тұздың алып кемесі. Шың көтеріп келеді. Екі айнасы бар, Екі найзасы бар. Төрт сылдырмағы бар, Бір шыбыртқысы бар. Басына өскен тарбиып, Жапырақсыз бұтағы. Алады одан қан құйып, Елге шипа бұл дағы. Топтық жұмыс «Әр жануарды орнына қой» ойыны арқылы сабақты қорытындылау Тұяқты Су жануары Жыртқыш Кеміруші Арыстан , түйе, сиыр, итбалық, тышқан, піл, егеуқұйрық, қасқыр, саршұнақ, жолбарыс,морж, бүғы, кит, суыр, дельфин, түлкі Оқушыларды бағалау | Сұрақтарға жауап береді. -Түйе - Сиыр -Бұғы Әр жануарды өз тобына орналастырады. Тұяқты Су жануары түйе итбалық сиыр морж бүғы кит піл дельфин Жыртқыш Кеміруші арыстан тышқан, қасқыр саршұнақ, жолбарыс суыр, түлкі егеуқұйрық, Оқушыларды бағалау |
Үйге тапсырма | Сүтқоректілер | Күнделіктеріне жазады. |
Кері байланыс | «Күн» | Күн шуағын түсінгендері сары, түсінбегендер көк түспен бейнелейді. |