Просмотр содержимого документа
«Суретші ата Қастеев»
№266 мектеп - лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Cүлейменова Самиға Тәліпқызы
Сабақтыңтақырыбы : 155-156 жаттығу. Сурет сабағы.Суретші ата. Қастеев
Сабақтың мақсаты : Өлеңді мәнерлеп оқып,негізгі идеясын түсінуге,сөйлемдегі тыныс белгілерін білуге оқушылардың өзіндік әрекет жасауына ықпал ету.
Әдіс тәсілдер : Топтық жұмыс,сыни тұрғыдан ойлау,диалогтік оқыту.
Модульдер: ЖЕСО,СТО,ОБжК
Күтілетін нәтиже : Өлеңді мәнерлеп оқиды,сөйлемнің тыныс белгілерін біледі,өлең жолдарын құрастырады,Тақырып мазмұнын ашады.
Бағалау : "Бағдаршам" сигналдары,жиынтық бағалау.
Ресурстар : О . Әубәкіровтың, Ә.Қастеевтің суреттері,сызбалар,маркер,стикер,смайликтер,сиқырлы чемодан.
I.Ұйымдастыру кезеңі
Сынып оқушыларын түгелдеу. Көңіл күй ахуалын қалыптастыру.
Күлім қағып жанарым,
Бір,екі,үші деп соғайық.
Қарап тұрған көршіме
Қолымды мен былғайын.
Сәлем беріп бәріне
Амандасып алайын.
Түрлі-түсті қылқаламдармен оқушыларды 4- топқа бөлу:
I топ "Достық" III топ "Алғырлар"
II топ "Зеректер" IV топ "Тапқырлар"
II.Үй тапсырмасын сұрау.
О.Әубәкіров "Ән сабағы" өлеңін жатқа сұрау.Дәптерлерін жинап алу арқылы 154 - жаттығуды тексеру,бағалау.
III.Негізгі бөлім.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Сөзжұмбақ шешу "Сурет сабағы"
С а ғ а т
С ә у і р
Ш а р а
е ш к і
т ө л е
с а б а ғ ы
IV.Мақсат қою кезеңі.
1.О.Әубәкіров кім ? Қай жылы қайда туған ? Қандай өлеңін білесің ? "Ән сабағы"
2.О.Әубәкіровтың "Сурет сабағы" өлеңімен оқып танысу.
а) "Сурет сабағы" өлеңін оқу.(іштей оқу)
Оқушыларға оқыту
I-II топ 1-шумақ
III-IV топ 2-шумақ
"Суретші ата Қастеев" Н.Әлімқұловтың өлеңімен оқып танысу.
Өлеңді төрт топ бірге хормен оқиды.
Өлең оқуға критерийлер құру
1.Мәнерлеп оқуы
2.Қатесіз оқуы
3.Дауыс ырғағы
"Бағдаршам сигналдарымен" бағалау
Қызыл түс - төмен
Сары түс - орта
Жасыл түс - жақсы
V.Топтық тапсырмалар.
1) Сурет сабағына ассосация құру
2) Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қою
3) Сурет сабағы өлеңіне сурет салу
4) 170 беттегі " Суретші ата Қастеев " өлеңін оқып мазмұнын айту
Топтық жұмысты қорғайды.
Әр топтан көшбасшы топтағы жұмысты таныстырады.
Сергіту сәті
V.Дәптермен жұмыс.
Балалар 155-жаттығуды дәптерлеріне және төрт топтан төрт бала тақтаға шығып орындайды.Берілген сөйлемдердегі көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып көшіреді. Тыныс белгілерін атап айтады.
"Бағдаршам" арқылы бағалайды.
VII.Қорытынды бөлім.
Сабақты бекіту сұрақтары қойылады.
- Сурет сабағы өлеңінен не ұқтыңдар ?
- Өлеңнің авторы кім?
- Суретші атам Қастеев өлеңінен не ұқтыңдар ?
- Қастеев кім ?
- Сөйлемдердің соңында қандай тыныс белгілері келеді ? Рефлексия.Стикерлерге "Бүгінгі сабақтан алған әсерім" жөнінде жазып Қанағаттандым, көңілім толмады белгілеріне апарып жапсырады.
VIII.Үйге тапсырма беру . 156-жаттығу,"Сурет сабағы" өлеңі жаттау