Сабақтың мақсаты: оқу бағдарламасында қарастырылған ұғымдар мен түсініктерді меңгеру жұмыстарын ұйымдастыру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: оқушылардың шығыс септіктегі сөздердің қандай сұрақтарға жауап беретінімен және оның жалғауларымен таныстырып, түсіндіру, септік жайлы білімдерін тереңдетуге ықпал жасау;
Дамытушылық: оқушылардың ойлау, есте сақтау, зерделеу қабілеттерін дамытуға орта құру;
Тәрбиелік: сауаттылыққа, дұрыс мәдениетті сөйлей білуге, ұқыпты, таза жазуға ықпал жасау.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес (ертегі)
Сабақтың типі: жаңа білімді қалыптастыру
Сабақтың әдістері: түсіндіру, оқулықпен жұмыс, топпен, жұппен жұмыс
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Семантикалық карта арқылы:
Сөздер
Атау септік
Ілік
септік
Барыс септік
Табыс септік
Жатыс септік
бөлмеде
+
Айданада
+
мұғалім
+
ағаштың
+
оқушылардың
+
кітап
+
шеңберді
+
ауылға
+
мектепке
+
ІІІ. Негізгі кезең.
а) Ереже: Шығыс септіктегі зат есімдер кімнен? кімдерден? неден? нелерден? қайдан? деген сұрақтарға жауап береді. Шығыс септігі атау септікке -нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен жалғаулары жалғану арқылы жасалады. Бұл жалғауларды шығыс септік жалғаулары деп атайды.
ә) Тапсырма орындау:
Бұл қандай ертегі?
Балалар, бүгін біз сендермен Қызыл телпекті әжесінің үйіне жетуіне көмектесеміз. Ол үшін біз кедергілерде берілген тапырмаларды орындауымыз керек.
Ең алғашқы кедергі көпір. Көпірден өту үшін берілген тапсырма:
62-жаттығу. Көру диктанды.
Жаңбырдан соң көңілді,
Аспаннан нұр төгілді.
Сергіп қалды жер беті,
Кемпірқосақ керілді.
Қоянның үйінен өту үшін берілген тапсырма:
63-жаттығу. Мәтінді оқып, шығыс септіктегі сөздерді көшіріп жаз.
Бидайдан, тарыдан, дәмнен, дастарқаннан.
Сергіту сәті.
Келесі кедергі құдықтан өту үшін берілген тапсырма:
Топқа бөлу: Гүлдер мен көбелектерді оқушыларға тарату. Гүлді таңдағған оқушылар бір топ, көбелекті таңдаған оқушылар екінші топ.
66-жаттығу. (Топпен жұмыс). Сызбадағы жалғауларға сай келетін зат есімдерді тап. Бұл сөздерге шығыс септік жалғауының әртүрлі жалғану себебін түсіндір.
.............. -нан
.............. -нен
.............. -тан
.............. -тен
............. -дан
............. -ден
Түлкіден өту үшін берілген тапсырма:
Түстері бірдей көбелек пен гүлдер жұптасып отырады.
65-жаттығу. (Жұппен жұмыс). Мақалдарды көшіріп жаз. Бір-біріне түсіндіре отырып, сөйлем мүшесіне талда. Шығыс септіктегі сөздер сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын айт.
Ақыл жастан шығар, асыл тастан шығар. Отан оттан да ыстық. Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар. Барлық өнерден сөз өнері күшті.
Аңшының үйінен өту үшін берілген тапсырма:
67-жаттығу. (Ауызша). Берілген сөздердің шығыс септігінде тұрғанын дәлелде.