Просмотр содержимого документа
«Шыбын мен Көбелек»
Сынып: 4 «Ә»
Пәні: Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Шыбын мен Көбелек
Мақсаты:оқушылардың оқу материалын 63%меңгерудегі логикалық және сыни тұрғыдан ойлау шапшандығын,сөздік қорын,ақпараттық құзреттілігін дамыту. Жетістікке жеткен адам көрсеткіші ретінде,пәнді сапалы меңгеруге қызығушылық таныту және ынталандыру.
Міндеті:технологиялық картаның регламетін орындау.Қойылған мақсатқа жету.
Көрнекілігі:С.Оспановтың суреті,кілт сөздер жазылған плакат.
Ұйымдастыру кезеңі:оқушыларды жинақтап,сабаққа назарын аудару.
І-кезең:Өткен сабақ бойынша қарама-қарсы сұрақ қою.
Сапар мен Парта
1.Диолог деген не?
2.Сапар мен Парта мысалын кім жазды?
3.Парта кімге қарады?
4.Сапарға Парта қалай қарады?
5.Сапар Партаның бетіне не істеді?
6.Сапар партаға кімнің атын жазды?
7.Сызып, шимайлағаннан партаның жағдайы не болды?
8.Парта мектепке қай кезде әкелінген?
9.Ең бірінші партаны мектепке әкелгенде,жағдайы қандай еді?
10.Парта Сапарға қандай жақсылық жасады?
11.Сапар Партаны қай жерінен ұстап сүйреді?
12.Парта Сапарға неге ренжіді?
13.Сапар өз кінәсін мойындады ма?
14.Мысал дегеніміз не?
15.Монолог дегеніміз не?
16.Сапардың ісі дұрыс болды ма?
17.Сыныпқа кіріп келгенде Сапарға не қарады?
18.Парта Сапарға неге аларып қарады?
19.Мектеп жиһазын қалай ұстау керек?
20.Мысалдың негізгі ойы неде?
Жаңа тақырып
Жұмбақ шешу:
Көлбең-көлбең етеді,
Гүлден ұшып жетеді.
Гүл шырынын сорады ,
Соған риза болады. (көбелек)
Ас көрсе-ақ жалайды
Содан ауру тарайды. (шыбын)
Демек,бідің бүгінгі тақырыбымыз «Шыбын мен Көбелек».Бұл мысалдың авторы Сейітқұл Оспанов.Ол Қызылорда облысы Қазалы қаласында дүниеге келген. «Жалын», «Мектеп» баспаларында, «Зерде», «Парасат» журналдарында жұмыс істеді. «Бақытты үй», «Құлдар көтерілісі» атты проза кітаптарының авторы.С.Оспаовтың суретін көрсету.
ІІ-кезең:есте сақтау қаблеті мен зейінді дамыту. 7 кілт сөз жазу.
1.Масаттанасың
2.Жуыссаң
3.Қауыз
4.Сұғанақ
5.Жұқсыз
6.Сапалақ
7.Мүшкіл
ІІІ-кезең: 1 параққа 4 минут,жаңа тақырып бойынша қарама-қарсы сұрақтар
1.Шыбын қай жерде отырды?
2.Шыбын нені көрді?
3.Шыбын көбелекке не деп айқай салды?
4.Көбелек не істеп жүрмін деп жауап берді?
5.Шыбын негекүлді?
6.Гүлдің жұпар иісін неден артық деді көбелек
7.Гүлдің иісін қорек қылсан не болады?- деді шыбын
8.Шыбын рақаттың бәрі неде деді?
9.Мысалдың авторы кім?
10.Шыбын не деп мақтанды?
11.Шыбын дастарханға бірінші жайғасып,озін кімдей сезінді?
12. Тамаққа тойып алған соң шыбын үй иелеріне несін көрсетеді?
13.Шыбын көбелекке халің қандай деді?
14.Көбелекті қуған балалар оған не лақтырады?
15.Көбелек шыбынға неге бекерге масаттанба деді
16.Көбелек өзін қандаймын деді?
17.Өмір қысқа болсада өкінбеймін деп көбелек неге айтты
18.Көбелек қайда ұшып кетті?
19.Шыбынды үйден кім қуып шықты?
20.Сеітқұл Оспановтың бүгін қандай мысалын өттік?
ІV-кезең:жаңа тақырып бойынша сыни тұрғыдағы сұрақтар
1.Терезенің алдында көбелек отырды
2.Көбелекті көріп шыбын айқай салды
3.Шыбын көбелекке бұл жерден кет деді
4.Көбелек шыбынға гүл иіскеп жүргенін айтты
5.Гүл тамақ болама деп шыбын күлді
6.Гүлдің иісі тамақтан артық деді көбелек
7.Гүл иіскеп қорек қылғаның дұрыс деді шыбын
8.Барлық рақат гүл иіскеуде ғой деді шыбын
9.Не ішсемде,жесемде бәрі қолымда деді шыбын
10.Шыбын бар өнерімді салып үй иелеріне әуезді ән орындап беремін деп мақтанды
11.Шыбын өз өмірін нашар деді
12.Шыбын мен көбелек мәтіні ертегі
13.Жаңбыр жауса көбелек жаңбырды қызықтап айналып ұшып жүреді
14.Көбелек шыбынғв жұқсызсың,сұғанақсың деді
15.Адамдар шыбынды сыйлайды,жақсы көреді
16.Балалар көбелекті қызық үшін қуады
17.Көблек бау-бақша мен даланың қасы
18.Көбелек уйіне кіріп кетті
19.Жұмыстан келген бір еркек шыбынды өлтіреді
20.Сұғанақ деген соз сүйкімсіз деген мағына білдіреді
V –кезең: жаңа тақырып бойынша сөздік қорды тексеру.(5 минут 44 сөзден кем болмауы керек)