kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Шеше мен бала Ы. Алтынсарин

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба? жоспары.

Бастауыш сынып?а саба? топтамасы  «Медетова  ?лбосын  Сейдан?ызы»

Топтамада?ы саба?тар тізімі:
1. Шеше мен бала Ы.Алтынсарин
2. 100 санымен таныстыру
3. Ас?ар То?ма?анбетов Т?лік туралы
4. Жылы ж?не суы? т?стер жайлы не білесі??

Саба?ты? та?ырыбы: Шеше мен бала Ы. Алтынсарин
Саба?ты? ма?саты:
1. Білімділігі: Шы?арма ар?ылы ана мен бала бейнесіне талдау жасау, тере? т?сіне білуге, ?ызы?а о?у?а жетелеу.
2. Дамытушылы?ы: Сыни т?р?ыдан ойлау ар?ылы ?з пікірлерін ?ор?ау?а да?дыландыру, к?ркем с?йлеуге ж?не ?згені? пікірін сыйлау?а ?йрету.
3. Т?рбиелігі: О?ушыларды адамгершілікке, кішіпейіл болу?а ж?не ?дептілікке т?рбиелеу.
Саба?ты? ?дісі: Сыни т?р?ыдан ойлау, пікір айту, ой белсенділігін арттыру.
Саба?ты? т?рі: Танымды? саба?.
К?рнекілігі: Тірек сызбалар, к?рме, суреттер.

Саба?ты? барысы: I. ?йымдастыру.
II. ?ткенді пысы?тау.
1. ?ле?ді жат?а с?рау.
2. Де?гейлік тапсырмалар.
I - топ. Тест орындау – 5 бала?а.
II - топ. Тыйым с?з – 4 бала?а.
III - топ. Карточка – 4 бала?а.
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Шеше мен бала Ы. Алтынсарин»

Сабақ жоспары Бастауыш сыныпқа сабақ топтамасы «Медетова Ұлбосын Сейданқызы»

Топтамадағы сабақтар тізімі:
1. Шеше мен бала Ы.Алтынсарин
2. 100 санымен таныстыру
3. Асқар Тоқмағанбетов Түлік туралы
4. Жылы және суық түстер жайлы не білесің?

Сабақтың тақырыбы: Шеше мен бала Ы. Алтынсарин
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Шығарма арқылы ана мен бала бейнесіне талдау жасау, терең түсіне білуге, қызыға оқуға жетелеу.
2. Дамытушылығы: Сыни тұрғыдан ойлау арқылы өз пікірлерін қорғауға дағдыландыру, көркем сөйлеуге және өзгенің пікірін сыйлауға үйрету.
3. Тәрбиелігі: Оқушыларды адамгершілікке, кішіпейіл болуға және әдептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Сыни тұрғыдан ойлау, пікір айту, ой белсенділігін арттыру.
Сабақтың түрі: Танымдық сабақ.
Көрнекілігі: Тірек сызбалар, көрме, суреттер.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру.
II. Өткенді пысықтау.
1. Өлеңді жатқа сұрау.
2. Деңгейлік тапсырмалар.
I - топ. Тест орындау – 5 балаға.
II - топ. Тыйым сөз – 4 балаға.
III - топ. Карточка – 4 балаға.

III. Жаңа сабақ.
1. Оқулықпен жұмыс. Жаңылтпашты жаңылмай айтуға жаттықтыру. Мәнін түсіндіріп көрсету.
2. Автор туралы қысқаны түсінік беріп кету.
1) ұстаз жазушы ағартушы
Ақын Ы. Алтынсарин аудармашы
Мектеп ашқан хрестоматия жазған
2) Ы. Алтынсарин атында көшелер, мектептер бар. Алматыда Ы. Алтынсарин атында Ғылым академиясы бар, медаль бар.
3. Анасын жырламаған адам жоқ. Енді оқушылар мына сұраққа жауап беріңдер
1) Ақ сүт беріп аялаған,
Менен бәрін аямаған.
Жанашырым саялаған,
Ол кім? – ( Аяулы анам)
Сендерді дүниеге әкелген кім?
2) Ана – біздің күніміз. Не айтасыңдар?
АНА

Ақылды сұлу, ардақты, құрметті, дос

3) Ана бізге жарық дүние сыйлады,
Ол түн ұйқысын төрт бөліп өсірді.
Барлық жақсыны бізге арнады,
Барлық жақсы сөздерді бізге айтады.
4. Мәтінді балаларға оқып беру, түсіндіру.
5. Сөздік жұмыс жүргізу.
Тентек - бұзақы
Сауап - жақсылық жасағанды
Уәде - ант, серт
Кемге - арзанға, азға
Кемтарлықпен - жоқшылықтан
Үнемді - үнемдеу
Сіңлі - сіңлісі (туыстықты білдіреді)

6. Сұрақ - жауап беру.
1 ) Әңгімеге кімдер қатысады?
2) Сіңлісінің сөзін тауып оқы.
3) Әңгімедегі кейіпкердің қайсысы ұнады?
4) Осы екеуінің ісі қамқорлыққа жата ма?
5) Қамқорлық сөзіне жуық, жақын сөздерді табайық.

Әлпештеу ҚАМҚОРЛЫҚ аяушылық
Көмектесу жаны ашу жақсылық

7. Пікірталас ойы? Оқушылардың ойы. Тақырыппен келісеміз бе?
8. Сергіту сәті: Қане, қанат жазайық,
Қарлығаш боп ұшайық.
Ұшып - ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.

9. Диалогты түсіндіру. Шығармадағы екі немесе бірнеше адамның өзара сөйлесуі диалог деп аталады.
10. Балаларға оқыту, диалогпен.
11. Шығармашылық жұмыс:
1) Ана деген сөзді естігенде есіңізге не түседі?
2) Ана туралы шығарма жаздыру.
12. Сабақты бекіту.
1. Мәтіннің қай түрі?
2. Авторы кім?
3. Кейіпкерлерін ата?
4. Диалог деген не?
5. Сөздік ( тентек)
6. Қорытынды ой.
13. Ғажайып қоржын.
1) Ана туралы қандай мақал - мәтелдер білесіңдер?
2) Әдептілік туралы мақал - мәтелдер айту.
3) Ана туралы білетін тақпақтар болса...
4) Анаңа қандай тілек айтар едіңдер?
5) Қандай сыйлық сыйлар едің?
6) Анаңды суреттеп, мінездеме.
Қорытынды: Мадақтау, бағалау.
Үйге оқып келу.











абақтың тақырыбы: «Ыбырай Алтынсарин – ағартушы, педагог»

Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға қазақтың ірі ғалымы, ағартушы, педагог Ыбырай Алтынсарин туралы, оның еңбегі, шығармашылық мұрасы, ағартушылық қызметі жайында мәлімет беріп, білім қалыптастыру.
Дамытушылық: Ыбырай еңбектері туралы білімдерін одан әрі дамыту танымдық көзқарастарын нығайту, шығармашылық ізденістерін жетілдіру.
Тәрбиелік: Қазақтың ұлы тұлғаларының бірі Ыбырай еңбектерін үлгі ете отырып, оқушыларды еңбекқорлыққа, адамгершілікке, іскерлікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд; сурет; сызба; карточка.
Сабақтың типі: жаңа білім беру
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, ойын, баяндау.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу; түгендеу.
II. Үй тапсырмасын қайталау:
1. «Кім жылдам?» ойыны
- Абайдың шын есімі кім?
- Абай – ол кім?
- Абайдың парасатты азамат болып қалыптасуына зор еңбек сіңірген кім?
- Абай алғашқы білімін қай мектептен алды?
- Он жасынан кімнің медресесінен дәріс ала бастады?
2. «Сыр сандық» ойыны
1. карточка: 1. Абай басқа балалардан немен ерекшеленеді?
2. Абай шығыстың қай ақындарының шығармаларын
оқиды?.
2. карточка: 1. Абай орыс тілін қай қалада жүріп үйренді?
2. Абай орыстың қай ақын жазушыларының шығармаларын ана тіліне аударды?
3. карточка: 1. Абай өлең жазумен қанша жасында айналыса
бастады?
2. Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер?
3. « Жылдар жырлайды» ойыны.

1845ж.
1883ж.
1904ж.
Бекіту сұрақтары:
1. Абай қандай таудың баурайында дүниеге келген?
2. Абайдың шын есімі?
3. Науаи, Фирдоуси, Низами қай жақтың ақын жазушылары?
4. Абайдың бір қыры
5. Абайдың табиғат туралы бір өлеңі?
6. Абайдың әкесінің аты кім?

III. Жаңа білім беру:
Жоспары:
1. Ыбырай
2. Хронологиялық кесте

Ағартушы, педагог, жазушы, ғалым балалар әдебиетінің атасы Ыбырай 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының Торғай жерінде дүниеге келген. Әкесінен жастайынан айырылған Ыбырайды атасы Балғожа би тәрбиеледі. 1857 жылы Орынбор шекаралық комиссия жанындағы мектепті алтын медальмен бітіреді. Мұнда орыс, араб, татар және парсы тілдерін жақсы меңгеріп шығады. Сосын атасы Балғожа бидің хатшысы ретінде тілмаштық қызмет атқарады. 1864 жылы Торғай қазақ балаларына арналып ашылған мектепте ұстаздық етеді.
Сол заманның ең озық білім ордалары саналған Петербург, Қазан қалаларына барып орыс ағартушыларының еңбектерімен, орыс үкіметінің халыққа білім беру жүйесімен танысты. Солармен таныса отырып, қазақ балаларына арналған оқулықтар жасаумен айналысты. 
1879 жылы Ыбырай Торғай облысында мектептердің инспекторлығына тағайындалады. Осы жылы оның алғашқы қазақ тіліндегі оқулығы «Қазақ хрестоматиясы» Орынбор қаласында жарық көрді. Бұл қазақ хрестоматиясы оқулығына енгізілген өлеңдері мен әңгімелерінің тәрбиелік, білімдік маңызы зор болды.
Ыбырай қазақ даласында бірінші болып қыздарды білімге тартты. 1887 жылы Ырғызда жанында интернаты бар қыздарға арналған мектеп ашылды.
Ол 48 жасында ерте қайтыс болса да, болашақ ұрпаққа тәлім болар мол еңбек қалдырды. Ыбырай Алтынсариннің еңбегі қазақ халқының мәдени және рухани дамуына, алдыңғы қатарлы озық мәдениетке жетуге игі ықпал етті.
IV. Бекіту:







































Балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсарин.
Ыбырай Алтынсарин балаларға арнап шығарма жазған бірінші қазақ жазушы болып табылады. Ы.Алтынсарин 1841 жылы Торғай өңірінде, дүниеге келген. Ол нағашы атасы, Торғай өңіріне белгілі Балқожа бидің тәрбиесінде өседі.
Үміт еткен көзімнің нұры балам,
Жаныңа жәрдем берсін хақ тағалам.
Атаң мұнда анаңмен есен –аман
Сүйініп сәлем жазды бүгін саған...
деп он жасар немересі Ыбырайға хат жолдаушы сол атасы еді. 
19 ғасырдың ІІ жартысында өмір сүрген қазақ халқының ұлы демократы Ы. Алтынсарин. Ол қазақ жастарын оқыту халықты сауатандыру саласында балаларға жазба әдебиетінің негізінде зор педагог.
Ы. Алтынсарин тұңғыш ағартушы –педагог болуымен бірге, баларға арнап көлемі шағын, мазмұны мәнді ондаған өлеңдері мен әңгімелерін қалдырған жазушы. Ол өзінің Қазақ балалар «Қазақ хрестоматиясы» атты тұңғыш оқулығын «Кел, балалар, оқылық» деген өлеңімен ашып, онда жастарды оқуға, талаптанып талпынуға, білім алуға шақырады.
Оқысаңдар, балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан
Іздемей –ақ табылар.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық,-
деп оқудың пайдасын жастардың санасына сіңіреді. 
Бұл өлеңде ақын бір жағынан, жастарды оқуға, білім алуға үндесе, екінші жағынан, өмірдің бар қызығы тек байлықта деп ұғатын, оқу, өнер, ғылым –білімге мән бермейтін кертартпа көзқарасқа соққы береді. Өмірде сарқылмас мол байлық –білім екендігін айта келіп, оған қол жеткізу үшін ерінбей –жалықпай еңбектенудің керектігін түсіндіреді.
Ыбырай жастардың білімді адам болудағы мақсат, міндеттері –халқына пайдасын келтіру, өнер –білім меңгерудің арқасында өз елін «тастан сарай салдырған», от пен суды пайдаланып, «отынсыз тамақ пісірген, теңізде кеме жүргізген» мәдениетті елдердің қатарына жеткізу деп біледі. 
Келешекке сенімі мол Ыбырай өзі орындай алмаған істерді жастар орындайды деп сенді. Өзін қоршаған ортаның қараңғылығы мен надандығын шеней келіп:
Біз надан боп өсірдік,
Иектегі сақалды.
«Өнер –жігіт көркі», -деп,
Ескермедік мақалды.
Біз болмасақ, сіз барсыз,
Үміт еткен достарым,
Сіздерге бердім батамды....-
деп жастарға зор үміт артты. 
Өнер –білім бар жұрттар
Өнер –білім бар жұрттар Мал істейтін жұмысты 
Тастан сарай салғызды. От пен суға түсірді,
Айшылық алыс жерлерден Отынсыз тамақ пісірді.
Көзіңді ашып –жұмғанша Сусынсыз сусын ішірді.
Жылдам хабар алғызды Теңізде жүзді балықтай
Аты жоқ құр арбаны, Дүниені кезді жалықпай,
Мың шақырым жерлерге Білгендерге осылар -
Күн жарымда барғызды. Бәрі –дағы анықтай,-
Адамды құстай ұшырды Білмегенге танықтай.

Спандияр Көбеев
Қазақ жазба әдебиетін Ыбырай мен Абайдан кейін негізін салған педагогикалық бағытын ХХ ғасырдың басында қазақ әдебиетінің өкілдерінің бірі Спандияр Көбеев.
С.Көбеев өзінің әдеби қызметін педагогтық қызмет пен ұштастыра жүргізді. Ол ұзақ жылдар мектепте мұғалім болып жас ұрпақты оқыту тәрбиелеу ісіне үлкен үлес қосты.
С.Көбеев баларға арнап шығармалар жазды. Солардың кейбіреулеріне тоқталып кетейік.
Балалар мен мұғалім.
Екі бала келе жатып бір кітап тауып алды. Бірі айтты: «Кітап менікі, не үшін десең, мен сенен бұрын көрдім». Бірі айтты: «Жоқ, кітап менікі, не үшін десең, мен сенен бұрын жерден көтеріп алдым». Осылай балалар кітапқа таласып жатқанда оларға бір мұғалім келді де, балалардан сұрады: «Оқи білесіңдер ме?» -деп.
Балар : «Жоқ, оқи білмейміз», -дейді. «Егер оқи білмесеңдер, кітап сендерге неге керек, бұл кітапты мен алайын, қай бұрын оқи білгеніңе берермін», -деді.
Құстың ұясы
Балар ойнап жүріп ағаштың ішінен бір құстың ұясын көрді. Бұл ұяның ішінде екі балапан отыр екен. Балар алып үйіне әкелді. Әкесі баласына айтты: «Бұл балапанды ұядан неге алдың», -деп. Шешесіз балапандар тұра алмайды; баласынсыз шешесі қайғырады, далада құр өліп қалады ғой, деді. Балалар балапанды аяп, ұясына апарып қойды.
Атасы мен немересі
Ата қартайып күші кеміді; нашар көретін, нашар еститін болды; ішкен тамағын алдына төгетін болды. Не үшін десеңіз оның аяқ, қолы кәріліктен қалтыраушы еді. Шалдың бұл ісі баласы мен келініне ұнамады. Олар шалға тамақты бөлек беретін болды, алдына жаман дастархан, жаман ыдысқа құйып. Немересі өзінің әкесіне атамды бөлек отырғызба деуге бата алмай, бір күні бір ағашты жонып отырады. Әкесі көріп: «Шырағым, не ғып жатырсың?» -дейді. Сонда баласы айтады: «Аяқ істеп жатырмын, әжем мен екеуін атам құсап қартайғанда, сендерге тамақты осы аяққа құйып беремін»,- дейді. Бұл сөзді естіп, шалдың баласы ұялып, әкеден бөлек отырғызып тамақ беруді қойды.
Қайыршы
Қайыршы бір мүсәпір білуші ем шал,
Үререге ит, тігерге тұяқ болмаған мал,
Ертеден кешке дейін қайыр сұрап,
Жүруші ед көрінгенін етіп амал.
Әркімнен бұл қалпымен жинағанын,
Жақсының құдай үшін сыйлағанын.
Ғарп –қасыр, ақсақ –соқыр, нашарларға –
Өзінен таратушы ед ылғи әман.
Арыстан, қасқыр әм түлкі
Бір арыстан ауырып, үлкен кең апанда жатты. Барлық аңдар оның көңілін сұрап келеді. Бірақ түлкі келмеген екен. Қасқырдың түлкімен азғана кемпірназы бар екен. Соның үшін арыстанға келіп айтты: түлкі сені құрмет етіп, тым болмаса халіңізді де сұраған жоқ, -деп. Арыстан ашуланып түлкіні шақыртты. Түлкі қасқырдың жамандағанын білді де, арыстанға айтты: маған бекер ашуланасыз, көңілімді сұрамадың деп, мен сенің ауырғаныңды білген соң бір тыным тапқаным жоқ, саған дару іздеп ауруыңнан жазатын. Міне, жаңа ғана тапқан соң келе жатқаным еді деді. Арыстан сонда, не дару еді деді. Сонда түлкі айтты: егер де тірі қасқырдың терісін сыпырып жылыдай жамылсаң...арыстан сөздің артына құлағын салмастан қасында тұрған қасқырға бас салып, теріні сыпыра бастағанда, түлкі сөзін айтып болмастан күліп, шығып жүре береді.

Сәбит Дөнентаевтың балаларға арнап жазған шығармалары.
Сәбит Дөнентаев 1894 жылы бұрыңғы Семей губерниясы, Кереку уезінде шаруа отбасында дүниеге келген.
Оқу –білімді әуелі ауылдық мектептерде алып, кейін Павлодар қаласындағы медреседе оқиды.
1915 жылы Уфа қаласында С.Дөнентаевтың «Уақ –түйек» деген атпен алғашқы өлеңдер жинағы басылып шығады. Өзінің ақындық ізденісінде ақын Абайға көп еліктеген сауап үйренген.
С.Дөнентаев сыншылдық өлеңдерінде ирония көбірек қолданды. Оның көптеген өлеңдері баларға арналған. Атап айтатын болсақ ол ақынның 1915 жылы шыққан «Уақ –түйекте» жарияланған «Талап», «Ұры мен баласы», «Ой», «Ақыл» өлеңдері. Ал «Қиялым» өлеңі алғаш рет 1913 жылы «Айқап» журналында басылды. Ақынны бұдан басқа да қаншама өлеңдері баспа бетін көреді. 
С.Дөнентаевтың одан басқа да баларға арнап жазған шығармалары бар.»У жеген қасқырға» деген өлеңі бұрын баспаға шыққан, шықпағаны мәлім емес -1935,1950,1957 жылы жинақта бұл өлең бар еді.
Түстің бе мұндай күйге, көкжал арлан?
Жолдасқа қалай екен мынау жалған?
Кешегі дер күнінде бүйтемін деп,
Жоқ едің түсте көріп, ойға да алған.
Жерім кем шарламаған, бармай қалған,
Ісің кем алмаған, болмай қалған.
Жалғызды, жарлыны да, қимасты да,
Ер едің көмекейге бүктеп салған.
Ұзақ жылдар газет редакциясында қызмет істеуіне байланысты ақын өлең –мысалдар жазумен бірге, көркем прозаның ұзақ түрінің дамуына да белсене қатысады.

Ахмет Байтұрсынұлы 
Ахмет Байтұрсынұлы ашқан қазақ мектебі, Ахмет


























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Шеше мен бала Ы. Алтынсарин

Автор: Медетова Улбосын Сейдан?ызы

Дата: 31.03.2016

Номер свидетельства: 312772

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) "Ыбырай  Алтынсарин «Шеше мен бала»"
    ["seo_title"] => string(36) "ybyrai-altynsarin-shieshie-mien-bala"
    ["file_id"] => string(6) "312917"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459416289"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) ""Шеше мен бала" Ы.Алтынсарин"
    ["seo_title"] => string(27) "shieshiemienbalayaltynsarin"
    ["file_id"] => string(6) "288895"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454688860"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "Ы.Алтынсарин "Шеше мен бала""
    ["seo_title"] => string(27) "yaltynsarinshieshiemienbala"
    ["file_id"] => string(6) "309773"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458855103"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "Урок шеше мен бала"
    ["seo_title"] => string(23) "urok-shieshie-mien-bala"
    ["file_id"] => string(6) "252495"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447400030"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Ы. Алтынсарин «Әке мен бала» әңгімесі"
    ["seo_title"] => string(37) "y_altynsarin_kie_mien_bala_n_ghimiesi"
    ["file_id"] => string(6) "360401"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1479558047"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства