kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сауат ашу пәнінен ашық сабақ "Я дыбысы мен әрпі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сауат ашу пәнінен ашық сабақ "Я дыбысы мен әрпі"

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сауат ашу пәнінен ашық сабақ "Я дыбысы мен әрпі"»

Оқу ісінің меңгерушісі: С.У.Сулейменова



Күні: 16.02.2017ж

Сынып: 1

Қатысқандар саны: 24

Қатыспағандар саны:1

Сабақтың тақырыбы

Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін? Я дыбысы мен әрпі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту

1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту

1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.

Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, математика сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

Қоян – заяц - rabbit

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

2 минут

1.Психологиялық сәт:Сенім

Еңбек етсем, ертеңгі Ақыл,сана,білім мен

Бақытыма сенемін! Өнеріме сенемін!

Мақсатыма жеткізер Арым-таза,ақ көңіл

Уақытыма сенемін! Адалдыққа сенемін!

Достық іс пен қасты да Абыройлы,ақ ниет

Жеңеріме сенемін! Адамдыққа сенемін!

2.  «Кубизм» стратегиясы арқылы сұраққа жауап беру.
1)Дыбыс деген не?/естиміз,айтамыз/ 
2)Әріп дегеніміз не?/көреміз,жазамыз,айтамыз/ 
3)Дыбыс нешеге бөлінеді?/дауысты,дауыссыз/ 
4)Дауысты дыбыстар қалай айтылады?/созылып/ 
5)Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?/қысқа/ 

6) Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық? (Я я дыбысы)

Сахналық қойылым «Алдаркөсе мен бай баласы»

Оқушылар хормен айтады









Барлық оқушылар қатысады.



Көрініс көрсетеді

Сабақтың ортасы

8 минут



3.Жаңа сабақ

-Ал, балалар, енді бізге тағы да қонаққа Алдар Көсе келіпті.Алдар Көсені танисыңдар ма? Қайдан білесіңдер? 
Алдар Көсе, балалар, қазақ ертегілерінің ақылды айлакері, яғни ол байларды, сараң адамдарды өз ақылдығымен алдайды. 
Алдар Көсенің де өзімен бірге әкелген тапсырмалары бар екен. Осы тапсырмаларды біз 3 топ болып орындаймыз.Топ басшыларын сайлап алайық. Алдар Көсенің қоржынында не бар екенін және қандай тапсырмалар бар екенін көрейік. 

1 тапсырмасы: «Тақия тастамақ» ойыны.

Мен буынның басын тастаймын, сендер аяқтайсыңдар. Өткен дыбыстарға байланысты сөздер айту керек. 
Ша ..... (һар), ай ..... (даһар), жи ..... (һаз). 

-Балалар жаңа біз қандай ойын ойнадық?

-Тақия сөзінде соңғы дыбыс қандай?

-Тақия сөзін буынға бөлейікші

Ендеше біз я дыбыс мен әрпімен таныстық. 
Я дыбысы дауысты дыбыс. Ол созылып айтылады. Бәріміз айтып көрейікші. Олай болса, балалар, Я дыбысы қосарлы дыбыс й және а дыбыстарының қосарлануы арқылы естіліп тұр, бірақ жазуда я әрпін пайдаланамыз.

Я дыбысы - дауысты дыбыс. Сөздің көбіне басы мен ортасында кездеседі. Орыс тілінен енген яхта сөзінде сөз басында кездеседі.

2 тапсырмасы: «Жұмбақтар әлемі» сайысы (топтастыру).

Қолы жоқ, сурет салады

Тісі жоқ, тістеп алады. (Аяз – мороз-)

Ақсақалды шал жылына

Бір-ақ рет келіп-кетеді

Қызы менен ұлына

Сыйлығын алып келеді. (Аяз ата- дед мороз)

Бірі – ыдысқа керек,

Бірі – жүріске керек. (Аяқ-нога-)

Ұрмай-соқпай жылатады

Әркім бірақ ұнатады. (Пияз)

Есек құлақты, 
Ешкі құйрықты, 
Мысық аяқты, 
Көрдім жүйрікті. 
(Қоян) 

3 тапсырма: «Буын ұйқас» (Тіл даму пәнімен байланыс)

Я – я – я

Құстар салды ұя,

Ян – ян – ян

Секеңдеген ақ қоян

Яз – яз – яз

Ащы екен пияз.

Яр-яр-яр

бақшада пісті... (қияр). 
Яқ-яқ-яқ

тез жүреді..... (аяқ). 


Таныстырылым, оқулықпен жұмыс









Тақия тастамақ

Я я әрпі

Та-қи-я

Сергіту сәті

1 минут

Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы-қырлы жерлермен

Ытқып-ытқып секірді

Қарап еді артына

Қиығын салып көзінің

Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің

Сергіту сәтіне арналған жинақ

Аяқталуы

16 минут


Қызықты тапсырма

8 минут



4 тапсырма: Топтық жұмыс:

1-топқа: «Байланыстыр» ойыны.

(Сол жақ бағандағы суреттерді оң жақ бағандағы я дыбысы бар суреттермен байланыстыру)

Жетелеу сұрақтарын қою арқылы балаларға ойларын дәлелдету.

Сәбіз акварель бояуы

Ата пияз

Суретші таяқ

Тақтай қоян

2-топқа: Суретпен жұмыс (2 түрлі жағдаятты шешу)

-Балалар, суреттен не көріп отырсыңдар?

-Құстың ұясына тиюге болмайды, құстар – біздің қанатты досымыз. Қазір қыс мезгілі. Біздер құстарға қамқор болып жүруіміз керек. Құстарға ұя жасап береміз.(Берілген фигуралардан ұя құрастыру)

3-топқа:Берілген суреттегі заттардың атын жазып, дыбыстық талдау жасау.

Топтың жұмысын бағалау. «Отшашу», «Шапалақтау», «Қол белгілері»арқылы әр топ бір-бірін бағалайды.

5 тапсырма: «Әдемі етіп жазайық!»

Я әрпінің элементтерімен таныстыру.

а) Я әрпінің баспа, жазба түрлерімен таныстыру.

ә) Я ауада,партада жазу.

б) Я әрпін дәптерге жазу.

№6 тапсырма «Саусақтар сөйлейді» әдісі.Топ басшылары шығып қоржыннан тапсырма алады.


Мысық пен кірпінің суреті.


Оқулық, дәптерлер.


Сабақтың соңы

2 минут


Сабағымызды «Дұрыс тап» ойынымен қорытындылайық.

  • Тақтаға 3 топтан бір оқушыдан шығарып, тақтадағы қияр мен тақия қоян суретіне дыбыстық талдау жасату.

Қ И Я Р Т А Қ И Я Қ О Я Н


Қорытынды:













Сабақ соңында жоғары ұпай жинап, сабаққа өте жақсы қатысқан топқа
« Қазақстанның туын көкке желбіретер азамат,азаматшасы болыңдар !» деп көк жалаушаны үлестірдім.
— Сабаққа жақсы қатысқан топқа « жіптің ұзындығындай өмірлерің ұзақ болсын ! » деп ақ жіптер үлестірдім.
— Келесі топқа «Қызыл жұлдыздай жарқырап жүре беріңіздер !» деп қызыл жұлдызшалар үлестірдім.


Смайликтер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?


Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.


Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)


Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.


 

























































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Сауат ашу пәнінен ашық сабақ "Я дыбысы мен әрпі"

Автор: Зайнуллина Асемгул Катаповна

Дата: 13.03.2017

Номер свидетельства: 399738

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(91) "Конспект урока на тему Сауат ашу О дыбысы мен әрпі"
    ["seo_title"] => string(53) "konspiekt_uroka_na_tiemu_sauat_ashu_o_dybysy_mien_rpi"
    ["file_id"] => string(6) "393526"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1487515012"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "Сауат ашу "А дыбысы мен ?рпі""
    ["seo_title"] => string(23) "sauatashuadybysymienrpi"
    ["file_id"] => string(6) "272904"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452085489"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Сауат ашу Ж дыбысы мен әрпі"
    ["seo_title"] => string(29) "sauat_ashu_zh_dybysy_mien_rpi"
    ["file_id"] => string(6) "365302"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1480767090"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "Конспект урока сауат ашу "А дыбысы мен әрпі""
    ["seo_title"] => string(44) "konspiekt_uroka_sauat_ashu_a_dybysy_mien_rpi"
    ["file_id"] => string(6) "382862"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1485183168"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Сауат ашу.Б дыбысы мен ?рпі "
    ["seo_title"] => string(30) "sauat-ashu-b-dybysy-mien-rpi-1"
    ["file_id"] => string(6) "183896"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425973794"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства