бастауыш сынып мұғалімі Жумабекова Оразгул Маратовна
Сабақтың тақырыбы: «Сан құрамы» Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларды 2-10 сандарының құрамын ажыратуға, әр түрлі текшелермен жұмыс жасауға дағдыландыру. ә) Алған білімдерін саралау. Санды санға қосуға, саннан санды азайтуға үйрету. Белгісіз санды табуға төселдіру. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін, ауызша есептеу дағдыларын, ойын арқылы танымдық қабілеттерін және логикалық ой-өрісін дамыту. б) Еңбекқорлыққа, достыққа, мейірімділікке тәрбиелеу. Көрнекілік: суреттер, кестелер
Сабақтың түрі: аралас сабақ Әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, шығармашылық жұмыс Сабақтың барысы: 1 . Ұйымдастыру кезеңі
а) сәлемдесу
ә) оқушыларды сабаққа даярлау;
б) балаларды жайғастырып тұрғызып, психологиялық дайындық жүргізіп, көңілдендіріп алу.
Сабаққа біз даярмыз Жалқаулықты қоямыз Үздік оқып әрқашан Кілең бестік аламыз.
Мұғалім: Бір, екі, үш Сынып іші тып-тыныш Жалқаулықты тастаймыз Сабақты біз бастаймыз
-Балалар бүгінгі сабағымызға көптеген мұғалімдер қатысып отыр, біз мұғалімдерге не үйренгенімізді, не білетінімізді көрсетеміз бе?
ІІ. Өткенді еске түсіру:
Бір таңбалы сандарды көрсет. Дұрыс.
Қандай геометриялық фигураларды білеміз?
Мына суретте неше үшбұрыш, неше төртбұрыш бар?
Қане кім айтады? Өткен сабақта біз қандай санмен таныстық?
10
Дұрыс. Ендеше осы 10-ға дейін өсу ретімен және кему ретімен сандарды кім санап шығады?
1,2,3,4,5,6,7,8,9,10
10,9,8,7,6,5,4,3,2,1 Өте жақсы!
10 қандай таңбалы сан?
Екі таңбалы
ІІІ. Жаңа сабақ:
Ендеше, балалар бүгін біз осы сандардың құрамымен танысамыз.
1
10
9
9
2
8
3
7
4
6
5
5
1
8
2
7
6
3
4
5
Сергіту сәтін жасату.
Солқолымда 5 саусақ,
Оң қолымда 5 саусақ,
Алақанды ашамын
5-ке, 5-ті қосамын
Бар болады неше саусақ?
Бар болады 10 саусақ
Дәптермен жұмыс.
а) дәптерлеріндегі көркем жазуды жазғызу.
ә)оқулық дәптердегі тапсырмаларды орындау. толықтыруға берілген тапсырмада ортада жазылған санның берілген санға қандай санды қосқанда шығатынын анықтап торкөзге жазу.
Тақтамен жұмыс. Есептерді тақтаға шығару.
Ауызша есептеулерді шығару.
4-1 4+1 2-1 2+1 2+2 4+4
1+7 2+6 3+5 9-8 9-5 8+2
6+4 7+3 6+1 7+1 5+3 9+1
10-9 10-8 10-7 10-6 10-5 10-4
10-3 10-2 9-3 4+5 6+1 3+2
IV. Сабақты қорытындылау
Дидактикалық ойын «Қай сандар жетіспейді?» ойыны. Ойын шарты: Мұғалім екі санды айтады, оқушы олардың арасындағы санды атауы тиіс. «1, 3», «2, 4», «3, 5», «4, 6», «5, 7»
«Кім жылдам?» ойыны Ойын арқылы 7 санының құрамын табу.
V. Үйге тапсырма. Есептерді шығара отырып, берілген түс бойынша суреттерді бояу.
VI. Өз көңіл күйлерін смайлик арқылы көрсету. Сабаққа белсене қатысқан балаларды мадақтау.
- Балалар, осымен сабағымыз аяқталды. Сендерге көп рахмет.
Қол ұстасып тұрайық, Шеңберді біз құрайық Көріскенше күн жақсы Сау-саламат болайық