Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей
Тақырыбы: Сан құрамы
Мақсаты: Балаларға өз еркімен атқаратын тапсырма беріп, өткен сабақтарда танысқан сандарға талдау, жасау. Құрамын аңықтап, сандарға байланысты алған білім деңгейін бақылау.
Ақыл- ой белсенділігін күшейту, шапшандыққа, дәлдікке тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру бөлімі:
Психологиялық сәт (хормен айту)
-Армысың айтын күн!
Армысың көк аспан!
Сәлеметсіз бе, достарым
Сіздерді көрсем қуанам
Қуан, шаттан алақай!
Қуанатын күн бүгін
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін.
II. Жаңа сабақ
а)Әлемде үлкен бір ел болыпты. Бұл елдің тұрғындары сандар екен.
Балалар тақтаға шығу, санамақ айтып беру (1-10 дейін)
-Санау білеміз ме: Ия (хормен айту)
ә)Тақтаға назар аудару
-Ненің сүретін көріп тұрсындар?
-Балалар не жетіспейді?
-Қарандаршы, жай гүлден қандай айырмашылығы бар?
-Күлте жапырақтары нешеу?
-Оны қалай атар едіңдер?
-Жеті түсті гүл ертегісі бар екен, бұл ертегісінде жеті түсті гүл қыздың барлық тілегін орындаған
- Ал, біздер жеті түсті гүлдің тапсырмасын орындаймыз, дұрыс орындасақ, күлте жапырақтары орнына жиналады.
* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт