-Балалар бәріміз ортаға шығып «Шаттық шеңберін» құрайық.
Қуанамын менде,
Қуанасың сенде
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге!
Қырқынан шығару(салт). Баланың туғанына қырық күн толған соң оны ыдысқа қырық қасық су құйып шомылдырады.ол сәбидің жан-жүйесінің қалыптасып дені сау болып өсуіне деген ақ тілектен шыққан.
Шілдехана(салт).жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын-сауық, той.
Бесікке салу(салт). Жаңа туған баланы бесікке салу. Бесік қасиетті,киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеле
ді.
Үйлену той. Қыздың бойжетіп ұлдың ержеткеннен кейін отау құруын айтады.
Тұсау кесер(салт).Сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып. Әдетте сәби аяғын тәй-тәй басып жүре бастағанда оның тұсауын кеседі. Ата-әжелеріміз бұл ырымға қатты көңіл бөлген, өйткені баланың болашақтағы жолы, аяқ алысы жақсы, нық болуы осы тұсау кесуге байланысты деп шешкен.
Баланың тұсауын малдың тоқ ішегімен кесу елдің тоқ болуы және баланың келешекте бай болуы деген ұйғарым болған.
Таңғажайып сәт.
Шар ұшып келеді. Шардың ішінен хат шығады.
Тәрбиеші: Балалар хатта былай жазыпты: - Сәлеметсіңдер ма балалар? Сендердің салт-дәстүр туралы сабақ өтіп жатқандарыңды естіп, біраз сыйлықтар жібердім. Ол сыйлықтарды алу үшін менің мақал-мәтелдерімді шешіп беріндерші.
Мақал-мәтелдер шешу.
Сергіту сәті:
Ойын: «Арқан тарту»
Қорытынды: Сабақты аяқтау.
Балалар сонымен біз не білдік?
Қазақтың салт – дәстүрлері мен таныстық.Соның бірі «Тұсау кесерге» тоқталдық.Осы салт – дәстүрді қайталап өтейік.
Күтілетін нәтиже: Балаларың салт-дәстүр деген сөздің мән-мағынасына түсіне білуі.
Білуі керек: балалар берілген тапсырмаларды орындап,айта біледі.
Меңгеруі: Балалар аралас сабақта салт-дәстүрге байланысты мақал-мәтелдерді айтып жеткізе білді.