| 2сынып | Әдебиеттік оқу |
Сабақтың тақырыбы | С.Жүнісов.Кімнің мекені жақсы? |
Жалпы мақсаттар | Өз Отанын сүюге, оның құдіреттілігі туралы түсінік беру. Оқушылардың ана тілінде сөздік қорын қалыптастырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Ана тілін құрмет- теуге, Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу. Оқуға деген қызығушылығын арттыру. |
Сілтеме | 2 сынып. Әдебиеттік оқу «Атамұра» |
Оқушылар үшін оқу нәтижелері: | Оқушылар алған білімдерін өмірмен ұштастыру.Суреттер арқылы әңгіме құрастыра отырып, ойларын өрбіту. Оқушының есте сақтау қабілетін бақылау. |
Негізгі идеялар | Сабақтың мазмұнын ашу, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.Жұмыс жасау тәсілдеріне ерік беру. |
Оқыту әдістері | 1.Диалоктік әдіс.2Оқулықпен жұмыс 3.ДЖИК СО,4 Еркін жазу. | І. Топтық жұмыс ІІ.Жеке жұмыс |
Ресурстар | Оқулық,оқулық әдістемесі1.Тақырыпқа байланысты суреттер.2.Үнтаспа |
Тапсырмалар | 1.Топтық жұмыс. 2.Жеке жұмыс. 3.Диалогтік әдіс. 4.Дәптермен жұмыс. |
Орындалатын тапсырмалар | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
І.Оқушыларға жағымды ахуал туғызу | - амандасу - түгендеу - жағымды ахуал туғызу | -амандасады - кезекшілік қызметін атқару -сабаққа дайындалу |
ІІ. Сыныпты топқа бөлу(3 минут) | Сынып саны бойынша топқа бөлу. «Көкқұтан» , «Жауынқұрт», «Бозторғай» «Саяхатшы кейіпкерлер». | Оқушылар саны бойынша топқа бірігеді. |
ІІІ.Түсіну. (5 минут) | Өткен сабақты еске түсіру үшін сұрақтар қою. –Отан деген не? -Оқыған әңгімелеріңіз ұнады ма? Несімен? -Мақал –мәтелдер жаттадық па? | Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы өткен сабақты еске түсіреді. |
ІV.Білу. (5 минут) | 1.Мәтіндерді еске түсіреді 2.Өткен сабақтардағы мәтіннің жолдарын қайталау. 3.Шығармашылық тапсырмалар | Оқушылар мәтіндерді еске түсіре отырып әңгімелейді.Арнайы сөздік қор жазу. Тапсырмаларды орындайды. |
V.Қолдану. (20 минут) | Мекен дегеніміз не? –Олай болса, бүгін дүние жүзінде кімнің мекені жайлы екендігін қорытар сәт жетті. ДЖИК СОәдісі бойынша мәтінді оқып отырып, дәптердің бір бөлігіне мәтіндегі қатты әсер еткен тұстарын, ал екінші бөлігіне әсер еткен үзінділер жайлы пікірлерін жазады. Әр оқушы әңгіме мен танысып болған соң , жұпта, топта талқылайды. Саяхаттан түсінгеніміздей әр топ өз аталған топ атауларын постерлер арқылы қорғайды. .Сұрақтарға жауап алу.Жаңа сөздердің мағынасын түсіну. Сергіту сәті Шығармашылық тапсырмалар. | Оқушылар сыни тұрғыдан ойланып, өздеріне ұнаған шығарманың бөліктерін әңгімелейді. Мәтінді оқып түсінгенін айтады. Сұрақтарға жауап беру. Жаңа сөздердің мағынасаын түсінеді. Сергіту жаттығуын жасау. Әр топ өз тапсырмаларын орындай отырып постер қорғайды. |
VІ.Жинақтау. ( 5 минут) | Бүгін не білдік? Көбірек сені не қызықтырды? | Сұрақтарға жауап береді. |
VІІ.Келесі тапсырма | Мәтінді түсініп оқу.Отан туралы мақал-мәтелдер жаттау. |
VІІІ.Бағалау ( 5минут) | Мақтау, ФБ |