Басы | 5-10 мин | Ынтымақтастық атмосферасын құру-Олай болса,балалар бүгінгі сабағымызды бастаймыз,әрбір ісімізге мұқият болайық. Үй тапсырмасын сұрау – Түйенің төлін қалай атайды? Сүтін ше? – Түйенің жүрісі туралы не деуге болады? – Шудасы туралы ше? – Түйе қандай шөпті жақсы көреді? – Түйенің пайдасы қандай? | Әрбір адам? Туысым,досым,жұрағат.Әрбір сабақ? Үйрену.ұғу,ұлағат. Әрбір ісің? Тірлік,тірек ,адамдық. Әрбір сөзің? Шындық,бірлік,адалдық. Топқа бөліну «Жылқы, түйе, қой, сиыр.» «Түйе» өлеңін жатқа айтады. Сұрақтарға жауап береді. Бота, шұбат. Маң-маң басқан, маң басқан Шудалаы шаң басқан Тікен, ащы қурай. Шөл далада көлік, еті тамақ, сүті сусын, әрі тамақ. | Жұлдызшалар | Төрт түліктің суреті |
Ортасы | 5-7мин | Жаңа сабаққа кіріспе, әңгімелеу | Жұмбақ жасырып, жауабын табады.1. Өзі үлкен жануар, Үстінде үлкен тауы бар. (Түйе) 2. Кішкене ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар. (Қой) 3 Өзі жуас, өзі момын, Бір шешпейді тонын. (Қой) 4. Тастан-тасқа секіреді, Қалқиып қос құлағы, Ойын болып көкірегі, Аула оның тұрағы. (Лақ) 5. Туа сап жүріп кеткен Енесін қуып кеткен. (Құлын) 6. Қамыс құлақ, тастаған тұяқ Мінсең қанат, сүті дәрі, еті тамақ. (Жылқы) 7. Екі айнасы бар, Екі найзасы бар, Төрт жылтырмағы бар Екі шыбыртқысы бар. (Сиыр) 8. Екеу елеңдеп келеді, Төртеу төбелесіп келеді. (Жылқы). Төрт түліктің пайдасы жайында әңгімелейді. | Жұлдызшалар | Ноутбук |
15-20мин | Жаңа сабақты түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап Тапсырма: Топтық тапсырма кластер арқылы жұмыстану | Кейіпкерлерді бөлісіп, өлеңді сомдайды.Қой, Сиыр, Жылқы, Түйе –төртеуі бір күні жиылып отырып кеңеседі. «Қайсымыз қандай жерге, қандай кісіге бітсек, жақсы болар еді?» деген сөзді айтысады-мыс. Мәтіндегі сөздердің мағынасын ашатын тіркестерді дәптерге теріп жаз. Топтық тапсырмада төрт түлік малының төлі қалай аталады, малды қалай шақырады? деген тапсырма берілді, конвертте берілген сөздерді желім арқылы қатесіз төрт түлік малының суреттерінің қасына жабыстыру керек. | Жұлдызшалар | ОқулықКесте |
5-7мин | Сабақты қорытындылау, бекіту Үй тапсырмасы | Мақал – мәтелді жалғастырыңыз.Нар жолында ………… қалмас. Бақырауық демесең, Бағалы …….. түйе ғой. Сиырлының үйі – айран, Сиырсыздың үйі – сырдаң. Сиырдың сүті – тілінде. Төрт түлік туралы тыйым сөздер жазып келу. | Жұлдызшалар | Мазмұнды суреттер |