Әр адамның өмірінде отбасының маңызы зор. Адамға жалғыз өзі өмір сүру, қиындықтармен күресу қиындық келтіреді. Бір өзі өз табыстарына қуана алмайды. Отбасы ұғымы сүйіспеншілік және қамқорлық туралы алғашқы ізгі ниеттермен байланысты. Әр отбасында өз дәстүрлері болуы тиіс. Дәстүр – ұрпақтан-ұрпаққа берілетін әдет-ғұрып және көзқарастар жиынтығы. Дәстүрлерге сонымен бірге отбасылық шежіре құру да жатады. «Шежіре – бұл бір тамырдан тарайтын ұрпақтар ағашы»,- деп атап өтті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» Жолдауында. Мұндай дәстүрлерге отбасылық мерекелер де жатады. Отбасылық мерекелерді өткізу отбасы мүшелерін ұйымшыл етіп, қуаныш сыйлайды. Кейбір отбасыларында дастарқан басында бірге ас ішу, жоспарларды бірге талқылау, мәселелерді бірлесе шешу, киноға, табиғатқа бірге бару сияқты дәстүрлер қалыптасқан. Қазақ отбасыларында балаларға ерекше көңіл бөлінеді. Бала дүниеге келгеннен бастап («Шілдехана тойы», «Қырқынан шығару», «Тұсау кесер», «Тілашар» және т.б.) бүкіл өмір бойы баланың барлық қуаныштары аталып отырады. Тұсаукесер дәстүрінің пайда болу тарихы. Бұл дәстүр өте ертеде пайда болған және тек қазақтарда ғана емес, сонымен бірге басқа да туыстас халықтарда да (қырғыз, алтайлықтар, хакастар) кездеседі. Ерте заманда әлемді жер үсті, жер асты және аспан әлемі деп үш бөлікке бөлген екен. Адам бұл әлемнің барлығында болып қайтуы тиіс екен. Нәрестенің жерасты әлемімен байланысы мықты болғаны сондай, оны өз бетімен үзе алмаған. Оған көмектесу қажет болған. Сол кезеңнен бастап тұсау кесуді жігерлі, рухы мықты адамға сеніп тапсырған. Тұсауды кесе отырып, ол жерасты әлемімен баланы байланыстырып тұратын соңғы жіпті кескендей болады. Бала содан кейін біздің әлемге алғашқы қадам жасайды! БҰҰ Бас Ассамблеясы 1993 жылы 15 мамырда Халықаралық отбасы күні деп жариялады. Бұл күнді белгілеу туралы шешім әлем жұртшылығындағы көптеген отбасылық мәселелерге назар аудару үшін қабылданды. 1998 жылғы 20 қаңтарда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда Отбасы күнін мерекелеу туралы жарлыққа қол қойды. Бұл күн қыркүйектің әр екінші жексенбісінде мерекеленеді. | Сабақты «Түймедақ» ойнынан бастауыңызға болады. Түймедақтың ортасына «отбасы» сөзін жазып қойыңыз. Оқушылар әр жапыраққа осы сөзге қатысты сөздерді жазуы тиіс. «Отбасы» тақырыбына әңгіме өткізіңіз. Сұрақтар қойыңыз: «Отбасының басқа адамдар тобынан айырмашылығы неде? Біздің сыныбымызды отбасы деп атауға болады ма?» Кел, талқылайық! Суретте кімдер бейнеленген? Бұл адамдарды біріктіретін не? Отбасы – ең жақын және туыс адамдар.Әр отбасында жақсы қарым-қатынас болуы өте маңызды. Отбасы мүшелерін Отбасылықдәстүрлербіріктіреді. Менің отбасым. Оқушылардан өз отбасы,отбасындағы адамдардың қарым-қатынасы туралы айтуын сұраңыз. «Қонақжайлылық» ойынын өткізіңіз. Сынып оқушыларын 3-4 топқа бөліңіз. Әр топ өзара әже, ата, ана, әке, балалар, қонақтар рөлдерін бөліседі. Рөлдерді бөліскеннен кейін ойын өткізіледі және оны талқылайды. Әр топтың жақсы жақтарын айтыңыз: үлкендерге, қонақтарға құрмет көрсете алды ма, отбасы мүшелеріне назар аударды ма? Дәстүрлер. Оқушылардан өздеріне таныссуретті таңдауын сұраңыз («Шашу», «Бата», «Тұсау кесу» және т.б.). Оқушылар өз өмірлерінде болған оқиғаларды әңгімелейді. Бұл дәстүрлердің қайсысын көргенін айтады. «Отбасылық шежіре» сөзінің мағынасын оқушылармен бірге ашыңыз. Оқушылардың назарын ағаштың суретіне аударыңыз. «Шежірені неліктен ағашпен салыстырады?» деген сұрақ бойынша оқушылардың ойларын біліңіз. Сен білесің бе? Оқушылардың пікірін сұраңыз.Адамның өмірі, азамат ретінде қалыптасуы отбасынан басталатыны туралы түсінік беріңіз. Отбасы мәселелеріне көңіл бөлу үшін Халықаралық отбасы күні құрылды. Отбасы күні Қазақстанда да аталып өтіледі. Анықта. Бұл тапсырманы үйде орындауға беріңіз.Оқушылар үшін өз ата-аналарының балалық шағы туралы білу қызықты болады. Олар өздері жүргізген бақылау нәтижелерін сурет арқылы берсе де болады. Қабілеті жоғары оқушылар суреттерінде ата-аналарының бала кездерінде үлкендерге қалай көмектескенін, қандай ойындарды ойнағанын және қазіргі кезде оқушылардың өздері қандай ойындарды ойнайтынын көрсетеді. Орындап көр. Оқушыларға ашықхат жасау үшінүлгілер таратып беріңіз. Өз жақын туыстарына тілек жазуды сұраңыз. Ашықхаттың арғы бетіне үй мекенжайын жазсын. Бұл келесі сабаққа арнап алдын ала берілген тапсырма болады. «Отбасылық шежіреге» туыстарыңның суреттерін желімде. |
Зертте. Оқушылардан Наурыз мерекесі туралы әңгімелеп беруді сұраңыз. Олар өз отбасында бұл мерекені қалай атап өтетіні туралы естеріне түсіріп, әңгімелеп беруі тиіс. Олардың әңгімесін тойда айтылатын тілектер, ұлттық тағам, киіз үй және т.б. туралы қосымша ақпаратпен толықтырыңыз. Наурыз мерекесінің тарихы туралы қысқаша түсінік беріңіз. | Жұмыс дәптеріндегі тапсырма тілдік мақсатты іске асыруды көздейді. Оқушылар «ана», «әке», «әже», «ата», «аға», «іні», «әпке», «сіңілі» сөздерін үш тілде айта алады. |
Өнер. Оқушыларға өз отбасына қатысы бар заттардың суретін салуды ұсыныңыз. Олар күннің, кемпірқосақтың, ағаштың, үйдің және т.б. суретін салуы мүмкін. Әр суретке атау беруге болады. Мысалы, «Анам, әкем және мен – тату-тәтті отбасымыз», «Отбасымыз – қорғанымыз», «Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін!», «Әрқашан біргеміз» және т.б. АКТ. Қабілетті оқушыларға өз отбасы туралы шағын таныстырылым жасауды ұсыныңыз. Онда отбасы мүшелерінің суреттерін орналастыруға болады. Оқушылар суретке өз шежіре ағашын сала алады. Жауабы: Жеті күннен кейін. | Оқушыларға әшекейлі тізбек көмегімен өз отбасын бейнелеуді ұсыныңыз. Оқушылар түрлі-түсті қағаз жолақшаларына өз есімін, анасының, әкесінің, атасының, әжесінің, ағасының, әпкесінің есімдерін жазады. Әр жолақты сақина етіп бекітеді де барлық әшекейлі тізбектерді біріктіреді. Нәтижесінде отбасы шежіресі шығады. Әрқайсында қайталанбас өз отбасы бар екенін байқайды. Оқушылар бір-бірінің әшекейлі тізбектерін біріктіре алады. Оқушылардан барлық әшекейлі тізбектерді біріктірсе, не болатыны туралы тұжырым жасады сұраңыз. |