Қазақ тілі,
4-сынып
Уақыты: 11.01
Мұғалімі: Г.Қ. Дукетаева
Сабақтың тақырыбы:
Зат есім
Сілтеме
Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы
Жалпы мақсаттар
Оқыту нәтижесі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Зат есім туралы кең ауқымды түсінік беру. Сөйлем ішінде зат есімді ажырата білуге, сұрақ қоюға, сабаққа ынта – ықыластарын арттыру.
2. Дамытушылығы: ақыл – ойын, логикалық ойлау жүйесін дамытуды көздеп, арнайы жаттығулар жүргізу. Сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту.
3. Тәрбиелік мәні: Сауаттылыққа, көркем жазуға, ұстамдылыққа, жылдам ойлауға, әдемі сөйлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс – тәсілдері: Әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ – жауап
Көрнекілік: интерактивті тақта, суреттер, дидактикалық материалдар жинағы
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану
Топқа бөлу
Пазл арқылы топтарға бөлу
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Ынтымақтастық атмосферасы
Қазақ тілім - өз – тілім – ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана – тілім.
Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім.
Үй тапсырмасын сұрау
Қане, балалар, сабаққа көңіл аударайық:
- Суретті плакатпен жұмыс. Сөз таптары туралы берілген білімді еске түсіру.
- Сөз таптары атау, тиянақтау.
- Зат есім, сан есім, етістік.
- Сөз табу, сөзді қатыстырып сөйлем құрап айтады. (әр сөз табына)
- Мынау алма. Алма тәтті, қызыл. Ағашта бес алма өсіп тұр.
Қызығушылықты ояту
- Ребус шешу арқылы сабақтың тақырыбын табу.
- Зат есім.
Зат есім туралы ережені интерактивті. тақтадан шығарып өздерімен бірге айтып түсіндіріп өтемін.
Ой ашар.
Ол кім? Бұл не? ойыны.
- Жекелеген заттардың суреті арқылы оларға кім? Не? сұрақтарының қойылатынын білдіру. Сұрақтардың қойылатынын өздеріне тұжырымдатып, көздерін жеткізу, ереже шығару.
- Мысалы:
- Тақтадағы домбыра, кітап, бор, дәптер, әже мұғалім дәрігер т. б. суреттерге сұрақтар қойып өздері тұжырымдап, көздерін жеткізіп ереже шығарады.
«Кел, жұмбақ шешейік. »
Бірнеше жұмбақтар шешкізіп, олардың жауаптарын беретін сөздерге тиісті сұрақтар қойғызу.
Мысалы: Қабат – қабат қаттама.
Ақылың болса аттама. (Кітап)
Жіп – жіңішке денесі,
Ортасында инесі (қалам)
Кітап, қалам сөздеріне сұрақ қойғызып, оларды қатыстырып сөйлемдер құрату.
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.
3жаттығу (ауызша)
4-жаттығу (жазбаша)
5-жаттығу ( топпен)
Қосымша шығармашылық тапсырмалар.
«Қыста» тақырыбына шағын әңгіме құра.
«Дөңгелек стол» әдісі
Шарты: Топта бірінші оқушы өз ойын әр түрлі пасталарды пайдалана отырып, тақырыпқа сай жазады. Қалған оқушылар да алдыңғы сөйлемді қайталамай, өз ойын жазу керек.
Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу
Сергіту сәті
Еркiн ұста денеңдi,
Тарсылдатпай едендi
Орнымыздан тұрып ап
Жүгiрейiк бiр уақ.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Аяқты алға созайық
Тiк көтерiп, қозғайық.
Тым сылбыр да болмайық
Алға қарай озбайық.
Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.
Ой толғаныс
Тест тапсырмалары.
1. Заттың атын білдіретін сөздерді тап:
А) күн
ә) биле
б) суық
2. Кім? деген сұраққа ауап беретін сөзді көрсет.
А) ән
ә) күй
б) әнші
3. Не? Сұрағына жауап беретін сөзді көрсет.
А) ақын
ә) жер
б) адам
4. Жан - жануарға қойылатын сұрақты көрсет.
А) кім?
ә) не?
Б) кімдер?
5. Адамға қойылатын сұрақты көрсет.
А) не?
ә) кім?
б) нелер?
Үй тапсырмасы
Оқулықтың 100 бетіндегі 6 жаттығуды орындау,ереже жаттау
Күнделіктеріне жазады
Бағалау
Бағалау парақшаларын толтыру.