Сабақтың ортасы | – Мұқият тыңдаңыздар. «Біздің отбасы» аудиожазба тыңдау. – Өлеңде кімдер туралы айтылған? (тақтада немесе слайдта отбасы суреті) – Дұрыс, өлеңде әке, апа, аға, жеңге, ата, бала туралы айтылған. Оларды бір сөзбен қалай атауға болады? (Отбасы) Менің отбасым – моя семья – my fаmily – Балалар, отбасы қайда тұрады? (Үйде, бір шаңырақта) – Ендеше, бәріміз ортаға тұрып, шаңырақ құрайық! (өзім ортада тұрамын, балалар түрлі түсті лентаның ұшынан ұстап, шеңбер құрады). – Сіздер отбасы туралы не білесіңдер? (Балаларды сөйлету) Топқа бөлу. – Осы ұстаған лента түстері бойынша топқа бөлінеміз. (лента түстері бойынша топқа бөлінеді) – Біздің сынып та бір отбасы. – Олай болса, бәріміз бір отбасындай тату болып, бір-бірімізді сыйлап, сабаққа жақсы қатысып отырайық. 1-тапсырма Суретке қара, қалдырылып кеткен әріпті қойып, сөзді оқы. – Барлық сөздерде қандай әріп түсіп қалған екен? – Ұ дыбысы қандай дыбыс? – Неге дауыссыз дыбыс дейміз? – Сөздің қай жерінде кездеседі екен? 2-тапсырма Т.Ж. 1-топ: Әріптерден сөздер құрау: ұл, ұлу, ұстаз, ұн 2-топ: Суреттердің ішінен «Ұ» дыбысы бар суреттерді тауып желімдеу. 3-топ Суретің атауын білдіретін сөзді тауып жапсыру. 4-топ: Сөздерге дыбыстық талдау жасау. Ат, ұлу, ұшақ, құс, бала сөздеріне дыбыстық талдау жасау. 5-топ: Сурет бойынша сөйлем құрастыру. Сергіту сәті. «Мен қазақпын» 3-Тапсырма Суреттерге мұқият қара, атауында «Ұ» дыбысы бар суреттерді көрсет. ОҚЫЛЫМ (әр топқа шағын мәтін таратылады) 4-тапсырма Суреттер бойынша жабайы жануарлардың аттарын сәйкестендір. - Өте жақсы балалар! Көзге арналған сергіту. Қызықты тапсырма. (Қ.Б.) Бөлімше 3.8 «Каллиграфиялық, графикалық нормаларды сақтау» | Таныстыры-лым, аудиожазба, отбасы суреті. Түрлі түсті лента Әріптер: ұ, л, у, с, т, а, з, н; Суреттер; Сөздер; Көк-қызыл дөңгелектер Мәтіндер Дәптерлер |