Сабақ: №64 Менің отбасым
Тақырыбы: Қ дыбысы мен әрпі
Пән: Сауат ашу
Мектеп: №46 орта мектеп
Мұғалімнің аты: Ахметова Райхан Сабыровна
Ортақ тақырып
Менің отбасым және достарым
Сынып: 1
Қатысқандар: 31
Қатыспағандар:
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
1.2.1.2. Оқудың түрлерін (буындап оқу,жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану
1.2.4.1. мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату
1.1.3.1 мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау
1.3.8.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап,әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу
Бағалау критерийлері
1. Қ, қ дыбысы мен әрпін тану, ажырату және оны атайды, анықтайды.
2. Сөздердің мағынасын ажыратады, хормен, тізбектей, жекелей оқиды.
3. Сызба және сөздермен мәтін құрастырады.
4. Бас әріптер мен кіші әріптерді бір – бірімен дұрыс байланыстырады және оларды гигиеналық талаптарға сай жазады.
5. Әріпті дыбыспен сәйкестендіріп оқиды
Сабақ мақсаты
Барлық оқушылар:
Қ дыбысы мен әрпін таниды,сөздерді оқып,дыбыстық талдау жасайды
Оқушылардың басым бөлігі:
Тыңдау арқылы мәтінді баяндайды
Кейбір оқушылар:
Сурет атаулары бойынша сөйлем
құрайды, берілген сөздерді үш тілде айтады
Тілдік мақсат
2.1 Оқу түрлерін қолдану
3.8 Каллиграфиялық нормаларды сақтау
1.4 Оқиғаны болжау
1.2 Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау
Алдынғы оқу:
Менің отбасым. М,м дыбысы мен әрпі.
Менің отбасым- суретпен жұмыс
Жоспар
Жоспарланған уақыт есебі
Жоспарланған жаттығу түрлері (төмендегі жазбаларды сіз жоспарлаған жаттығу түрлерімен ауыстырыңыз)ресурстар
Басы
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Қайырлы күн, достым,
Қайырлы күн болсын.
Сауат ашу сабағы
Сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз,
Кілең бестік болсын!
Сабағымыз сәтті өтсін деп, жылылықпен бір –бірімізге күліп, көңілді кейіп көрсетейік. Бар зейініміз сабақта болсын.
Оқушыларды геометриялық фигуралар арқылы топқа бөліп отырғызамын
1-топ 2- топ 3-топ
Қима қағаздар, геометриялық фигуралар
Ортасы
«Суретті әңгімеле» әдісі (Айтылым)
Отбасына байланысты суреттер іліп, әңгіме құрау.
Электронды оқулық. (Тыңдалым)
Достық туралы видеоролик
Ата-апа адал-арам жақсы –жаман
Ата, баба, қария - мағынасы жуық сөздерді,
қарама қарсы мағыналаы сөздерді табады.
Менің отбасым - алдыңғы оқумен байланыстыра
әңгіме құрастырады
Оқулықпен жұмыс. «Тізбектелген оқу» әдісі
Қ,қ дыбысы және әрпімен таныстыру. «Қ,қ» дыбысының дауыссыз дыбыс екенін айту. Қ,қ дыбысының баспа және жазба түрімен таныстыру. Оның сөз басында, ортасында келу үлгілерін көрсету.
қала қара қалақ қалта
қола қора қонақ тақта
асық қармақ талқан Қанат
қасық сылдырмақ тышқан Қуат
Кері байланыс. «Бағдаршам» әдісі.
Дескриптор
1.Буындып оқиды, тұтастай оқиды
2. Сөздердің мағынасын ажыратады
3. Қ дыбысы қай буында кездесетінін анықтайды.
2 – сурет. Заттардың кімге тиесілі екенін тап: (Айтылым)
Топпен жұмыс.
1-топ 2-топ
Жұмыс құралдары Ыдыстар
3-топ
Ойыншықтар
Дескриптор:
1. Суреттегі заттарды топтарға бөледі, атын атайды.
2. Құрамында қ дыбысы бар сөздерді табады.
3. Құрамында қ дыбысы бар сөздерді буынға бөледі.
4. Қ дыбысының орналасу ретін біледі
5. Осы суреттегі заттардың атауындағы жаңа дыбыстарды табу.
Кері байланыс «Бас бармақ»
Сергіту сәті.
«Артығын алып таста.» ойыны
( Құрамында қ дыбысы жоқ сөзді табады.)
Дескриптор
1. Суреттегі заттарды атау.
2. Сөздердің мағынасын ажыратады
3. Қ дыбысы қай буында кездесетінін анықтайды.
4. Осы суреттегі заттардың атауындағы жаңа дыбыстарды табу.
5. Әр заттың өмірде қажеттілігіне байланысты сөйлем құрау.
Дәптермен жұмыс.
1. Бас әріптер мен кіші әріптерді бір – бірімен дұрыс байланыстырады және оларды гигиеналық талаптарға сай жазады.
2. Каллиграфиялық нормаларды сақтайды
3.Сауатты жазады
Оқулық
Суреттер
Электронды оқулық
«Достық туралы» видеоролик
Кеспе әріптер
Буындар
Түрлі-түсті сигналдар
Қима суреттер
Дәптер,
қаламсап
Соңы
Кері байланыс
«Тілек ағашы»
Жасыл алма - жақсы түсіндім
Сары алма - әлі де көп үйрену керек
Қызыл алма - түсінбедім
«Тілек ағашы»
Жасыл, сары, қызыл алма стикерлері
Қосымша мәліметтер
Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?
Қабілетті оқушыға тапсырманы
қалай түрлендіресіз?
- Қ дыбысы бар сөздерді тауып сөйлем құрайды.
- Қ дыбысы қай буында тұрғанын айтады.
- Өзіне ұнаған суретті салады
- Үш тілде айту: отбасы - семья
Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
«Тілек ағашы» әдісі
«Бағдаршам» әдісі
«Басбармақ» әдісі
Өзін-өзі бағалау
«Суретті әңгімеле» әдісі
«Тізбектелген оқу» әдісі
Пәнаралық байланыс – дүниетану
денсаулық және қауіпсіздік, АКТмен байланыс- проектор, интербелсенді тақта. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)
«Үлкенге құрмет,
кішіге ізет»
2. Оқушылардың топтық жұмыстары кезінде өзара әлеуметтік әрекеттестік орнату