Күні:18.11.2016
Пәні: Сауат ашу
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы
Менің отбасым. М дыбысы мен әрпі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту
1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту
1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
Сабақтың мақсаттары
Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.
Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
Жетістік критерийлері
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтарды дарыту
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс
Өнер, ана тілі сабағы
АКТ қолдану дағдылары
Аудиожазба, таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік
М дыбысы мен әрпі.
Сабақ барысы
Психологиялық ахуал
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
5 минут
Қызығушылығын ояту:
Қайырлы таң достым
Қайырлы күн болсын
Аптаның әр күні
Сәттілікке толсын!
Сауат ашу іс-әрекетіміздің шаттық шеңберін, біз ойынмен бастайық. « Ойлан тап» ойынын ойнаймыз.
1. Сауат ашу оқу іс әрекетінде біз нені үйренеміз?
Әріпті дыбысты үйренеміз.
2. Әріп дегеніміз не?
Дыбыстың таңбасы.
3. Дыбыс нешеге бөлінеді?
Дыбыс екіге бөлінеді.
4. Дыбыс қалай бөлінеді?
Дауысты, дауыссыз
5. Буын дегеніміз не?
Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады
6. Дыбыстан не құраймыз?
Дыбыстан сөз, сөзден сөйлем, сөйлемнен мәтін құраймыз
Шаттық шеңбері
Топқа бөлу :
Бағалау таныстырылым
Түстер бойынша топқа бөлу
І-топ ІІ-топ ІІІ-топ VІ-топ
Қима қағаздармен сурет құрастыру, үш тілде таныстыру
Мысық-кошка-cat
Моншақ-бус-bead
Маса-комар-mosquitoes
Мақта-хлопок-cotton
Әр тапсырманы смайликтер арқылы бағалау
Жаңа сабақ
Менің отбасым. М дыбысы мен әрпі.
М дыбысына сөздер айту
Қызықты тапсырма
Оқулықпен жұмыс
І-тапсырма:
Топтық жұмыс
Отбасы мүшелерін жазу.
Ата,әже, әке, ана, аға,әпке және мен.
ІІ-тапсырма
Әріптер мен сандарды пайдаланып, сөз құрастыру
Буынға бөліп оқу
Ма-са, ма-та, мақ-та, Ма-рал, ма-қал, ал-ма, ал-мұрт, мұ-ра.
Топтардың бірін-бірі бағалау
«Айналмалы бекеті» әдіс-тәсілі бойынша бағалау
Сергіту сәті:
«Ақ көбелек, көк көбелек»
Сөздерге дыбыстық талдау жасау
ІІІ-тапсырма
Маса, мата, марал, малта
М-дауыссыз дыбыс
а-жуан дауысты дыбыс
с-дауыссыз дыбыс
а-жуан дауысты дыбыс
Жұптық жұмыс
Дәптермен жұмыс:
Тақтамен жұмыс:
Ауаға жазу.Мм дыбысының жазба түріндегі жазылуын көрсету.
Мм дыбысының жазылуын тақтаға жазып көрсету.
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)
Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)
Өнер, ана тілі сабағы
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Рефлексия