Алматы облысы
Панфилов ауданы
Басқұншы ауылы
«Крылов атындағы орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Бастауыш сынып мұғалімі
Кененбаева Гульбану Сейткожаевна
Қазақ тілі
Уақыты:
Кабинет:
Мұғалім:
Сабақтың атауы
Сөйлем және сөз
Сілтеме
Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы
Кесте, үлестірмелі қима қағаздар, суреттер.
Жалпы мақсаттар
1.Сөйлемнің сөздерден, сөздің дыбыстардан құралатынын, дыбыс әріппен таңбаланатынын оқушылардың есіне түсіру.
2. Сөз белгілі бір заттың,құбылыстың,сын-сапаның,т.б. атауы екенін ұғындыру, сөздің өзіне тән мағанасы болатынын байқату.
3. Оқушылардың сөздерді дұрыс қолдана білу қабілетін дамыту, сөздерден сөйлем құрау дағдысын жетілдіру.
Оқыту нәтижесі
Топқа бөлу
Оқушыларға қызыл,жасыл,сары түсті қағаздар үлестіріледі. Қағаздың түсіне сай 3 топқа бөлініп отырады.
Ынтымақтастық атмосферасы
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы-қырлы жерлерден,
Ытқып-ытқып жүгірді.
Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады
Үй тапсырмасын сұрау
Үй жұмысы дәптерлерін тексеру
Қызығушылықты ояту
Әлемдегі бар дүние түрлі нәрселерден құралады.Мысалы: бұлттар-су тамшыларынан, орман- ағаштардан тұрады.Біздің сөйлеу тіліміз- сөйлемдерден, ал сөйлем неден құралады? Мұғалім, ең алдымен, оқушылардың сөз туралы не білетіндерін тексеріп,бұрын айтылған ұғымдарды еске түсіреді.
-Қазір мен сендерге бір қызық өлең оқып берейін, тыңдаңдар, сонда ғана бұл сұраққа жауап бере аламыз.
Теңіз де тартылады, Жер болып тау шөгеді,
Мұхит да сарқылады. Жайқалған бау семеді.
Құлайды орман- тоғай, Көз жастан қақ қалады.
Қирайды орда- сарай. Сонда не сақталады?
Мәңгілік.(сөз) қалады.
Дыбыстар
Сөздер
Сөйлем
Т,ү,й,е,м,а,л,д,ы,ң,ү,л,к,е,н,і
Түйе
Мал
үлкен
Түйе- малдың үлкені.
Дербес тұрғанда мағынасы жоқ, жазғанда әріптермен таңбаланады.
Әрқайсысы белгілі бір мағынада айтылады.Дыбыстардан құралады, буынға бөлінеді.
Белгілі бір ойды бейнелейді.Сөздердің саны әр түрлі болады.
Мәңгілік өлмейтін тек сөз екен.
Оқушылардың бұл білім, дағдылары төмендегі кестені талдау барысында жинақталып, кеңейтіле түседі.
Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу
Тапсырмалар орындау
Оқулықтағы жаттығуларды топтарға бөліп орындату
Карточкамен жұмыс
Сабақта пайдаланылатын үлестірмелі қима қағаздардың үлгілері:
Көп нүктенің орнына төменде берілген сөздердің тиістісін қойып, өлеңді көшіріп жаз.
№1
Еңбексүйгіш..
Ерте шығып.., (құмырсқа, жұмысқа)
Жазда астық.,
Толтырады ас.. (тасиды, үйді)
Қыстай тыныш.,
Рақатқа.. (жатады, батады)
(Н.Жанаев)
№ 2
Төменде берілген сөздерді қатыстырып, үш сөйлем құра.
Келді, ала, өрістен, бұзау, мал, мөңіреді, шықты,Қанат, алдынан,
малдың.
Төмендегі сөйлемдердің тиісті жеріне жақша ішіндегі сөзді қойып, төрт сөзден тұратын сөйлем құрап жаз.
№3
1.Жадыраның көйлегі бар.(қызыл)
2. Далада жел соқты (қатты)
3.Бағдаршамның көзі бар (үш)
Сергіту сәті
Таулы аймаққа саяхат
Еліміздің бестен бір бөлігін таулар алып жатыр. Ендеше тауға экскурсия жасайық. – Таудың табиғаты немен ерекше?
Ой толғаныс
Төмендегі кесте арқылы сұрақ- жауап әдісімен ережені оқушылардың өздеріне қорытындылатады:
заттың
Сөз- сапаның атауы.
қимылдың
Шығармашылық тапсырма
Шығармашылық тапсырма: Әр қалыпты жазу
І топ:
ІІ топ.
ІІІ топ
Үй тапсырмасы
Оқулықтағы тапсырманың қалғанын үй жұмысы ретінде беру
Күнделіктеріне жазады
Бағалау
Кері байланыс
Смайликтер арқылы
Рефлексия Не білдік? Не істедік?