kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Рухани жаңғырудың жарқын болашағы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларға Отанды елін жерін сүйуге дәріптеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Рухани жаңғырудың жарқын болашағы»

Күні:15.09.2019

Тақырыбы: «Рухани жаңғыру –еліміздің болашағы»

Тәрбие сағатының мақсаты:

Оқушылардың туған жеріне, еліне, Елордаға деген, оның бүгіні мен болашағы туралы танымдық көзқарасы артады.

Болашаққа деген сенімі, ой-өрісі дамиды.

Оқушылар елінің мұрасын қастерлеп, оны жалғастырушы азамат болуға тәрбиеленеді.

Көрнекілік: слайдтар, видеофильмдер, сөзжұмбақ,қажетті құралдар

Түрі: танымдық

Барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық:Ұсынайық жүрек нәрін бәріміз.Тренинг «Мен елімнің…..»

 Топқа бөлу

Суреттері арқылы топқа бөлу. Оқушылар қорапшадан қағаз алады, сол қағаздағы сурет бойынша топтарға бөлінеді.
II.Қызығушылықты ояту: Сөзжұмбақ шешу арқылы тақырыпты ашу.
1. Біздің еліміз қалай аталады?
2. Рәміздеріміздің бірі
3. Орман неден құралады?
4. Бал жинайтын жәндік?
5. Пайдалы қазба

6. Қамбар ата төлі
7. Рәміздердің бірі.
8. Астанадағы Қазақстан символы?


Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Рухани жаңғыру - » деп аталады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында өлкетану бағытындағы «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды. .Осы бағыттың жүзеге асырылуына сендер де туған жерді дәріптеу, құрметтеу арқылы үлес қосаса аласыңдар.

Бейнеролик көрсетіледі.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы


Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамды рухани жаңғыртудың басымдықты идеяларын оқушылар арасында кеңінен насихаттау болып табылады

Зияткерлік тапсырма

 «Ойлан тап»стратегиясы

Отан, Туған жер туралы мақалдарды толықтыру керек.

1. Отан — … да ыстық. (оттан)

2. Туған жерге … тік. (туың)

3. … көлін аңсайды,… туған жерін аңсайды. (Аққу) (Ер жігіт)

4. Туған жердің … де ыстық, … де ыстық. (күні) (түні)

5. Отан … басталады. (отбасынан) (бесік).

7. Абыройлы анаң да – Отан,… әкең де – Отан. (Асқар тау)

8. … өскен жерінде,Адамның жаны – туған елінде. (Ағаш)

9. Туған жердің … да тәтті. (жуасы)

10. …– көлінде патша,…– суында патша,…– елінде патша. (Бақа) (Балық) (Ер жігіт)

Топтық жұмыс

 1-топ. «Суреттерді пайдалан» стратегиясы

Менің елім сурет салу

3-топ Отан, туған жер туралы өлең оқиды.

 2-топ. Болашақ  Қазақстанның суретін салу.


Рефлексия

«Соңғы сөзді мен айтайын»стартегиясы

1-оқушы: 1. Бәсекелік қабілет

Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады.

2- оқушы: 2. Прагматизм

Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек.

Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз.

3- оқушы: 3. Ұлттық бірегейлікті сақтауҰлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.

4- оқушы: 4. Білімнің салтанат құруы

Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет.

Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді

5- оқушы: 5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы

Біздің кешегі тарихымыз бұлтартпас бір ақиқатқа-эволюциялық даму ғана ұлттың өркендеуіне мүмкіндік беретініне көзімізді жеткізеді.

6-оқушы: 6. Сананың ашықтығы

Біріншіден, адам жер шарының өзіне қатысты аумағында және өз елінің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді.

Екіншіден, Ол жаңа техологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу деген сөз.

Үшіншіден, бұл – өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі.


Қорытынды: Мұғалім сөзі: Қазақстан кеше,бүгін,ертең …

Кеше (өткен  тарихқа шолу)

Қазақстан – тәуелсіз, азат ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Қазақ халқы ауыр, қайғыға толы кезеңдерді бастан кешірді.  Шолу жасап өтейін.

Жоңғар  шапқыншылығы ;

1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс;

1928-1932 жылдардағы аштық;

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан   соғысы;

1986 жылғы жерді дүрсілкендірген желтоқсан оқиғасы.

Бұның барлығы да туған жерімізге ауыр жара салды. Қаншалықты биіктеп, өркендесек те бізкешегі тарихымызды ешқашан ұмытпаймыз.

Бүгін   (бүгінгі  күннің  тарихына   шолу) Біздің туып -өскен жеріміз– Қазақстан.  Еліміз тәуелсіз, дербес ел атанды. Ел өз қалауымен президентті сайлап, Ата Заңымыз бен мемлекеттік рәміздерді қабылдадық. Ана тіл-қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды. Қазақстанның астанасы – Астана қаласы. Ол күннен күнге жаңарып, жаңа белестерге көтерілуде.

Бүгінгі Қазақстан 2017 жылы Алматы қаласында өткен қысқы Универсиада жане Астана қаласында өткен ЭКСПО көрмесі арқылы, спортшыларымыздың жеткен жетістіктерімен әлем назарына ілігуде.

Еліміз мұнайға, пайдалы қазбаларға өте бай. Қазір ынтымағы жарасқан көптеген ұлттың өкілдері тұрады. Ол бүгінде дүние жүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды.

 Қазір еліміз алдыңғы қатарлы дамыған елдер қатарына қосылу үшін, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қарқынды жұмыстар атқаруда. Мемлекетіміз заман талабына сай заманауи техникалар мен машиналар, өнеркәсіптер күн санап дамып келеді.Біз осы тәуелсіз Қазақстан Республикасының азаматы болғанымызға мақтанамыз.

Ертең   ( «Сұхбат алу» әдісі арқылы ертеңгі   күнге   болжау  жасау )

Үш тілділік;

Латын әрпіне көшу үлкен жетістіктер әкеледі.

Мектептер,балалбақшалар, мәдени орындар жаңа заман талабына сай салынып, жабдықталады.

Халық саны саны көбейіп, жаңа қалалар көбейеді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы толығымен жүзеге асып, дамыған мемлекеттердің ең алдыңғы қатарынан табыламыз.

Мемлекет Басшысының «Рухани жаңғыру» жөніндегі бастамасына сәйкес бүгінде еліміздегі тарихи ескерткіштер мен киелі жерлердің мән-маңызы жан-жақты зерделеніп жатыр.

Бағдарлама аясында ҚР Ұлттық кітапханасының мамандары 2005-2007 жылдары Батыс Европа кітапханаларында құнды жазба деректерді іздестіріп, олардың көшірмелерін алу мақсатымен ғылыми ізденіс жұмыстарын жүргізді. 

2004 жылы мәдениет ескерткіштерін қалпына келтіру, және мұражайландыру болып табылатын «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарлама жасалып, қабылданды.

«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарлама қабылданғалы бері Айша-Бибі кесенесі, Арыстан баб, Абат-Байтақ, Есімхан, Қара Сопы, Ысқақ Ата, қорымдарында сияқты көптеген тарих пен мәдениет ескерткіштерінде реставрациялық жұмыстар аяқталды.

Бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қазақстанда ғана емес шет елдердегі ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Дамаск қаласындағы Сұлтан Бейбарыс кесенесі, Каир қаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешіті , Дамаскідегі әл-Фараби тарихи-мәдени орталық-кесенесінің құрылысы сәтті аяқталды.

Бұл жұмыстардың атқарылу себебі, болашақ ұрпаққа туған жеріміздің тарихын ұмыттырмау, оларға мұра етіп қалдыру. Бұл Отанға, туған жерге, туған елге деген сүйіспеншілік.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Рухани жаңғырудың жарқын болашағы

Автор: Аубакирова Гүлжан Ибрагимқызы

Дата: 04.11.2019

Номер свидетельства: 525604

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) "Рухани жаңғырудың жарқын болашағы"
    ["seo_title"] => string(38) "rukhani_zhang_yrudyn_zharkyn_bolashagy"
    ["file_id"] => string(6) "525281"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1572629235"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) "Ашық тәрбие сағаты."Рухани жаңғыру" 10-сынып"
    ["seo_title"] => string(49) "ashyk_t_rbiie_sag_aty_rukhani_zhan_g_yru_10_synyp"
    ["file_id"] => string(6) "470166"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1526702624"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "Баяндама "Рухани жаңғырудың жарқын жолы""
    ["seo_title"] => string(46) "baiandama_rukhani_zhan_g_yrudyn_zhark_yn_zholy"
    ["file_id"] => string(6) "468521"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1525549623"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Рухани жаңғыру - болашаққа бастар жол"
    ["seo_title"] => string(43) "rukhani_zhan_g_yru_bolashak_k_a_bastar_zhol"
    ["file_id"] => string(6) "459832"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1519670488"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Рухани жаңғыру – кәсіби жаңғыру"
    ["seo_title"] => string(36) "rukhani_zhan_g_yru_k_sibi_zhan_g_yru"
    ["file_id"] => string(6) "441800"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1512230866"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства