kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Баяндама "Рухани жаңғырудың жарқын жолы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

"болашаққа  бағдар:  рухани жаңғыру"  бағдарламасы  негізінде балаларды  патриоттыққа  тәрбиелеу  туралы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Баяндама "Рухани жаңғырудың жарқын жолы"»



Рухани жаңғырудың жарқын жолы


Отан дегенміз - халық. Халық дегеніміз - адам. Адамды сүю оған жақсылық жасау. Ендеше отаншылдық - сонау ерте замандардан қалыптасып келе жатқан қасиетті сезім.

Рухани жаңғыру аясында патриоттыққа тәрбиелеу ұлттық ерлік дәстүрлерге сүйене отырып, жас өскіннің ішкі жан дүниесі, ой санасы мен сезімін дамытып, қалыптастыруға бағытталуы керек.

Қазіргі заманда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында алға қойған міндеттер өрге бастайтынын өз ұлтымыздың тарихы да талай дәлелдеп келеді. Кейде шіркін бір өзіне бірнеше мемлекет сыйып кететін ұлан-байтақ жерді ата-бабамыз сан ғасырлар бойы қанаттыға қақтырмай тұмсықтыға шұқтырмай қалай аман сақтаған деп таңданамыз. Шынында талай зобалаң кезеңді бастан кешірген қазақ жері "Найзаның ұшымен, білектің күшімен " өз жер көлемін сақтап қалған.

Бұрын-соңды даму үрдісінде отансүйгіштік ұғымы бізде, негізінен, біртекті халықтың басын біріктіріп, бір мақсатқа жұмылдыруға қызмет етіп келгені белгілі.

Рухани жаңғыру,Отанға деген сүйіспеншілік, туған жерге құрмет, патриотизм тұлғаның дамуындағы ең жоғарғы деңгейді сиапттайтын аса маңызды рухани игіліктердің бірі. Ол адамның Отан игілігі үшін қызмет етуінен, қажет болса, сол мақсат жолында ғұмырын құрбандыққа шалуға дейін баруынан көрінеді. әңгіме болып отырған мәселенің маңыздылығы соңғ уақыттары “ұлттық патриотизм” және “қазақстандық патриотизм” деген тақырыптардың жиі- жиі көтерілуінен- ақ аңғарылса керек.

Сырт қараған адамға елімізде “қазақстандық патриотизм” мәселесі жоқ тәрізді елес береді. Біріншіден, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың мәлімдегеніндей, қазақстандықтардың 90 пайызы, қай ұлттық өкілі болғанына қарамастан, өздерінің Отаны Қазақстан деп мойындайды. Екіншіден, Қазақстан бұрынғы Кеңестер Одағынан бөлінген мемлекеттер арасында ұлтаралық, саяси, мүдде аралық, конституциялық тәртіп, т.б. жағынан алғанда тұрақтылығымен ерекшелінген. Бұның екеуіде тамаша көрсеткіш өлшемдері.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев өзінің биылғы “Қазақстан экономикалық әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында” атты жолдпуында қоғам мүшелерінің дербес қажеттері мен мүмкіндіктерін ашып қөрсететін мемлекет құру күн тәртібінде тұрғанын атап айтты. Яғни, республика халқы елдің тәуелсіздігін қамтамасыз етуге міндетті. Соған орай, елбасы сөзімен айтқанда, “Біз баршаға мүмкіндік беретін қоғам: әрбір адамның жеке басы мен бостандығын құрметтейтін, өзіне өзі қызмет етуге жағдайы жоқ жандарды қамқорлыққа бөлейтін қандай еңбекті болса да қадірлейтін, ана мен баланы қорғайтын, зейнеткерлерге қамқор болатын, акрдагерлер мен отан қорғаушыларды ардақ тұтатын қоғам құруды аяқтауға тиіспіз!”



1. Рухани жаңғыру - барлық тәрбие бастауы

Ұлтына, нәсіліне, сенімімен нанымына, саяси көзқарасымен ұстанған бағыт- бағдарына, т.б. ерекшеліктеріне қарамастан республикамыздың әр бір азаматы өзі өмір сүріп, ауасын жұтып, игілігін пайдаланып отырған мемлекетін “Туған елім, Отаным” деп тануы қажет. Мемлекетке есімін беріп отырған ұлттық салт - дәстүрлеріне құрметпен қарау, оның тілі мен ділін, дінін сыйлау, заңдарына бағыну,рәміздерін ардақтап, жетістіктеріне шаттану- қоғамның әрбір мүшесінің парызы. Әңгіме болп отырған мәселе төңірегінде үлкен мәселелер бар. Өйткені, республика халқының бүгінгі басым көпшілігін құрып отырған жұртшылық, атап айтқанда - жастар, өз елінің тарихы мен географиясынан, ұлттық батырлары мен біртуардарынан гөрі шетелдік эстрада жұлдыздарын жақсы біледі. “Американдықтар өз елдеріне қатысты нәрсенің бәрін дүние жүзінің ең үздігі деп есептейді: мемлекеттік рәміздерін - ту, елтаңба, әнұраннан бастап, шайнайтын сағызға дейін”. Сондықтан да Құрама Штаттардың халқы өз билеушілер “ ислам әлемінен төніп тұрған қатерге” қарсы жүргізіп жатқан империялық соғысына да қолдау көрсетіп, әлем алдында ақтап шығуға даяр. Яғни, бұл шетелдік, нақты осы жағдайда алғанда американдық патриотизмнің үлгісі.

Сондықтан, Рухани жаңғыру ,патриотизм - Отанға деген іңкәрлік, өз халқыңның табыстарына, жеріңнің игілігіне қуана білу болса, “қазақстандық патриотизмнің” еркшелігі қандай? Біздің көзқарымыз тұрғысынан алғанда, ол тек қазақтардың ғана емес, осынау кең-байтақ кеңістікті мекендейтін барлық ұлт пен ұлыс өкілдерінің ортақ тілегі-өз елінің тағдырына қобалжуы, жанашыры болуы керек. Әрине, ешкімге де елін, жерін, Отанын зорлықпен немесе жалынып-жалбарынып сүйгізе алмайсың. Елжандылық, туған жерге деген құрмет - әркімнің дербес парызы, ар-ұятының ісі. Ол ана құрсағын жарып шыққан пенденің пешенесіне бірден ұялай қалмайтыны тағы да ақиқат. Патриотизм - санаға біртіндеп қалыптасатын, тынымсыз тәрбиенің нәтижесінде орнығатын ұлы сезім. Әркімнің өскен ортасына, қалыптасқан қоғамына қарай түрліше дамып, алуан сатылы деңгейде болатын, үздіксіз тәрбиенің жемісі.

Жоғарда айтып өткеніміздей, патриотизмдердің ең алғашқы шарты- мемлекеттік рәміздерге – туға, елтаңбаға, әнұранға құрмет. Өйткені, оларда халқымыздың өткен өмір тарихы, бүгінгі игіліктеріміз, болашақ мақсаттарымыз айшықталған. Қазақстанның әнұраны орындалған шақта чемпион аталған спортшыларымыз сағыз шайнап тұрмай, ұлттың ұлы музыкасына қосылып, көзінен жас моншақтап тұрса, бүкіл елдің мәртебесі әсері күмәнсіз. Осы мемлекеттік рәміздерден басталған тәрбие тұлғалардың қоғамдық бағыт - бағдарын анықтайды, адамгершілік құндылықтарын қалыптастырады, әлеуметтік белсенділігін жоғарылатып өз іс - әрекеттеріне жауапкершілігін арттырады және Отан игілігі жолында қызмет етуге ұмтылады.

«Туған жер « бағдарламасы бойынша білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізу арқылы экологияны жақсартуға және көптеген елді мекендерді абаттандыруға баса мән бере отырып, жергілікті жерлердегі мәдени және тарихи нысандарды мен ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетін болады.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Баяндама "Рухани жаңғырудың жарқын жолы"

Автор: Шыршықбай Айсара Шералықызы

Дата: 05.05.2018

Номер свидетельства: 468521


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства