Қазір бізде қай сабақ? Математика. Дұрыс айтасыңдар.Математика сабағында біз нені үйрендік? «Ыстық картоп» әдісі бойынша оқушылардың жауабы тыңдалады.(санауды,қосуды,азайтуды,салыстыруды үйрендік) Проблемалық сұрақ: Математика пәнін өмірмен байланыстырамыз. (Адамның жасын, мекен жайын,ақша санауда, қай жыл екенін білуде) Балалар қазір қай мезгіл? Қыс. №1 Слайд. Қыс табиғаты туралы видео көрсету. Суретте нелерді көрдіңдер? Аққала, шырша, тиін, қоян, құстар, үй, қар, шана, адамдар және балалар қар лақтырып ойын ойнап жатқанын көрдік. Осы суреттердің әрқайсысының артында сендерге арналған тапсырмалар бар.Осы табиғат суретін өздерің салғыларың келе ме? Дайынсыңдар ма? Сендердің ойын ойнағыларың келе ме? Ия. Оқушылар алдарында тұрған ақ қағазды умаждап , домалақтап қар жасайды. Бір-біріне лақтыру арқылы, қар лақтыру ойынын ойнайды . Қағазда жазылған сөзді оқытамын. Қызыл, жасыл , көк қағаз түстері арқылы оқушыларды 3 топқа бөлу. Өздерің байқағандай біз бүгін математика сабағында қандай тақырыппен танысып білімімізді жетілдіреміз Санды өрнектерді салыстыру туралы білетін боламыз. математикада Өрнектің мәнін салыстыру деп атаймыз Күлімсіреген смайлик тапсырмасы 5,4,3 сандарына байланысты. Махаббат күні құтты болсын. Мереке сөзіне дыбыстық талдау жасау. 1-тапсырма: Ауызша санау: 1-топ: 1-10-ға дейін тура санау. 2-топ: 1-10-ға дейін кері санау 3-топ: ағылшын тілінде санайды. ( қызыл және көк қима қағаздар арқылы ,бірін-бірі бағалайды) 2-тапсырма: 1-топ: үйрек пен кірпі санын салыстыру 4*3 2-топ: 4 +а және 5+а әріпті өрнекті салыстыру 4+а *5+а 3-топ: Таразыдағы салмағы белгісіз қоян мен аюды салыстыру арқылы санды өрнектің мәнін табу 3+5 және 1+10 Топтар бірін-бірі бағалайды. 2 Слайд: Электронды оқулықпен жұмыс Оқулықпен жұмыс: Жаңа сабақты түсіндіру «Аққаланың тапсырмасы: Жұптық жұмыс: Текшені лақтырып, түскен беттегі санға байланысты өрнек жазып көрсетуі керек. Соңынан оқушылар жұбы бір -бірінің жұмысын салыстырып, санды өрнектерді салыстырады. Оқушылардан құрастырылған санды өрнектерді қалай салыстыруға болатынын сұраймын. Осы сұрақты жұппен талқылауды ұсынамын. Санды өрнектерді салыстыру — өрнек мәндерін салыстыру болып табылады деген қорытындыға келтіру.. Мысалы: 2 + 5 ? 6 + 4; 7 2 + 5 Аққаланы ілемін Шыршаның тапсырмасы: Топпен жұмыс: Хайуанаттар дүкенінде. Тапсырманы орындамас бұрын оқушылармен әңгіме жүргіземін. Хайуанат дүкені туралы не білетінін сұраймын. Хайуанат дүкенінде жануарларға арналған қорек түрлері, торлар, аквариумдар, түрлі аксессуар сатылады. Оқулықтағы суреттердің әрқайсысы бойынша санды өрнек құрастыруды ұсынамын.. Құрастырған санды өрнектерді салыстырамыз. Ламинатты қағазға жазамыз. 1-топ: 3+4 = 2+5 2- топ. 6+6 8+3 3-топ: 4+4 = 2+8 Әр топ бірін-бірі бағалайды Тиіннің тапсырмасы: Шығарып көр:Топтық жұмыс: Оқушылар санды өрнектерді салыстырады. Тапсырманы жеке парақтарға жазып беремін. Тапсырманы топтар арасында сайыс түрінде ұйымдастырдым.Қандай санды өрнектердің мәні бірдей? Оларды ата. Тапсырманың орындалу жылдамдығы мен қатесіз орындалуын оқушылар өзара бағалайды. Жауабы: 1-топ: 5 + 3 = 4 + 4; 2 + 0 2-топ: 7 + 10 10 + 2; 18 + 1 = 0 + 19 3-топ: 50 + 40 = 40 + 50; 20 + 80 = 90 + 10. Топтар бірін-бірі бағалайды «Қоянның» тапсырмасы. Жеке жұмыс: Ол өте жылдам екенін білеміз.Сондықтан тапсырмасын жылдам орындауға тырысамыз. «Ойлан тап» ойыны арқылы Робис қар барысы мен түйе төлі Ботаның заттарының салмағын салыстыру Олар көкөніс пен жемістер Робистың заты 8+7= 15 кг ал Ботаның заты 6+5 =11 кг 15 11 Дескриптор 1.Сандарды жаза алады | 1 балл | | 2.Өрнектер құрастырып мәнін таба біледі | 1 балл | | 3. Өрнектердің мәнін салыстыра алады | 1 балл | | Барлығы:3 | | | Ламинатты қағазға жазып оқиды 3 балл жоғары деңгей 2 балл орташа деңгей 1 балл төменгі деңгей Сергіту сәті: іс –қимылмен Жарық болсын күніміз Жарқын болсын үніміз Елін сүйіп ержеткен Біз болашақ гүліміз Дәптермен жұмыс: «Құстардың» тапсырмасы Берілген тапсырмаларды өздігінен орындап , жетістік баспалдағы арқылы өзін-өзі бағалау . «Қардың» тапсырмасы. Логикалық тапсырма: 1-топ:.Көлден ұшты 7 қаз, Қайтып қонды 2 қаз. Қонбады оның нешеуі, Қане , кім тез шешеді? (5) 2-топ: табақта 5 өрік Қолымда 4 өрік Қосқанда барлығын Болады неше өрік? (9) 3-топ:Аулада 5 үйрек, Қорада 3 үйрек 1 үйрек жығылды, 1 үйрек тығылды, Қалады қанша үйрек? (6) Қардың суретін ілу. Топтық жұмыс: «Балалардың» тапсырмасы. Постер қорғау: Қағазға жазылған бірнеше өрнекті оқушыларға таратамын. Олар оның ішінен санды өрнекті бір бөлек , әріпті өрнекті бір бөлек, етіп плакатқа жапсыруы қажет. 5+3 10-в 7+4 а-2 4+3 5-а Балалар суретін ілемін Біз қыстың табиғатының суретін салдық.Табиғатты қорғауымыз қажет.Қыс қызығы деген осы.Табиғат бізге бәрін береді, бірақ айтарға тілі жоқ.Әсіресе құстарды жануарларды қорғай білуіміз керек, себебі оларға қыста қорек табу қиындыққа түседі. Сондықтан біз оларға ұя жасап жем шашуымыз қажет.Біз бүгін сабақта оларға көмек көрсеттік деп білейік. Ретсіз орналасқан сандарды орнына қою арқылы Жарайсыңдар! деген сөзді шығару арқылы сабақты бекіту Біз бүгінгі сабақта нені біліп, нені үйрендік? Бүгінгі сабақта біз Санды өрнектерді салыстыру туралы білім алдық. Кері байланыс Смайлик астындағы 5, 4, 3 сандарының астына өздері бүгінгі сабақты қаншалықты түсінгенін,меңгергенін анықтау барысында алдарындағы стикерлерді сол сандардың астына іледі. 5 – барлығы түсінікті 4 – сұрағым бар 3 – ештеңе түсінбедім |