Ойын: жарық көздері бейнеленген бірнеше суретті екі топқа топтастыра отырып, түсіндіреді. Табиғи жарық көздерін атайды. Оқулықпен жұмыс Қала көшесі. Тапсырмада оқушыларға фотосуреттердегі жарық көздерін қарастыру және салыстыру ұсынылады. Бірінші суретте күндізгі уақыт бейнеленген, ал екінші суретте табиғи жарық көзі — жұлдыздар. Бірақ олардың жарығы әлсіз. Алайда қала көшелері жақсы жарықтандырылған. Оқушылар көшеге жарық беріп тұрған жарық көздерін атай алады. Сен білесің бе? айдары. Оқушылар алғашқы жасанды жарық көздерінің пайда болуы туралы тарихын біледі. Жасанды жарық көздері. -Жарық көздерінің қайсысын жиі кездестіресің? -Бұл жарық көздерін қайдан көруге болады? -Оқушылар күнделікті қандай жарық көздерін қолданады? Түнде жұмыс істейтін адамдар қандай жарық көзін пайдаланатынын айту, мысалы, наубайханада, зауытта және фабрикада. -Қандай маман иелері түнде жұмыс істейді? -Кімнің атаанасы түнгі уақытта жұмыс істейді? Жасанды жарық көзі не үшін қажет? -Жарық көздерінің әрқайсысы не үшін қолданылады? Жауабы 1.Шамшырақ. Кемелер жартастарға соғылмау немесе суасты үңгірлеріне түсіп кетпеу үшін және жағалаудың қауіпті аумағын жарықтандырy үшін қажет. 2.Үлкен аспашам. Бөлмені жарықтандыру үшін керек. 3.Көше шамдары. Түнгі уақытта көшені жарық тандыру үшін қажет. 4.Белгі беретін құрал. Белгілі бір арақашықтықта белгі беру үшін керек. “Шамшырақ” атты жаттығу “Көздеріңді жұмыңдар. Терең тыныс алыңдар. Теңіздің ортасында жартасты жағалау бар деп елестетіңдер. Аралдың ең биік нүктесінде шамшырақ тұр. Әркім өзін адамдарға көмектесетін шамшырақпын деп есептесін. Аралда күшті жел тұрғанда сен қозғалмайсың. Күн демей, түн демей сен мұнара басынан жарық сәулесін шашып тұрасың. Саған адамдар сенеді, көмекке дайын тұратыныңды бағалайды, көздеріңді ашыңдар”. -Шамшырақтың орнында өзіңді қалай сезіндің? -Теңізшілерге жол көрсетy сендерге ұнай ма? -Сендерге қандай жағдайда сенім артуға болады? Сергіту сәті: «Жарық-қараңғы» ойынын ойнау (Т)Шығармашылық жұмыс Оқушыларға флипчат пен маркерлер беріледі.Оқушылар топта ақылдаса отырып, жарықтандыру мақсатында қолданылатын жарық көздерінің суретін салып, постер құрастырады. 1-топ:Көшедегі жарық 2-топ:Мереке күндері қолданылатын жарық 3-топ:Реклама мақсатында қолданылатын жарық 4-топ:Үйдегі жарық Ойлан! Оқушылардан далада жанған алауды көргені болса, еске түсіріп, от жалынының күшеюін қимылмен көрсетеді. -Алаудың қандай жарық көзіне жатады? (жасанды) Үйіміздегі жарық көзі Оқушылар өз отбасында қолданылатын жасанды жарық көздерінің суретін салады. Аппликация.Жұмбақ шешкенде жұмыс парағына аппликациядан шамшырақ жасап көрсетеді. ҚБ тапсырмаларын орындату. - сурет бойынша тәуліктің мезгілдерін анықтайды; - суретке сүйеніп, жарықтың ерекшеліктерін сипаттайды; - суретке сүйеніп, қараңғылықтың ерекшеліктерін сипаттайды. Дәптермен жұмыс: “Білгір” ойыны. Оқушылар екі топқа бөлініп, жасанды жарық көзін атау бойынша жарысады. Кім қатесіз көп сөз атайды, сол жеңімпаз болады. (шырақ, от, алау, ошақ, белгі беретін құрал, отшашу, шамшырақ, торшер, шам, аспашам, қолшам және т.б.) |