ІІ. Білімді тиянақтау. – Біз бүгін «Пайдалы қазбалар» деген тақырып бойынша алған білімдерімізді еске түсіріп, бекітеміз.
1-тапсырма: Пайдалы қазбалар деп нені айтамыз? Көз алдарыңа не келеді?
Пайдалы қазбалар: мұнай, газ, гранит, әктас, тас, көмір, мәрмәр, темір, күміс, алтын, астұзы, алюминий, қорғасын, мыс, фосфорит, бор, ұлутас.
Бұл пайдалы қазбаның бәрі біздің жерімізді өндіріледі.
Қолдануына қарай пайдалы қазбалар қандай топтарға бөлінеді? Мына кесте бойынша толырып көрейік:
Кенді пайдалы қазбалар
Кенге жатпайтын қазбалар
Жанғыш қазбалар
Темір, мыс
Фосфорит, асбест
Мұнай, газ
Алтын, никель
Әктас, бор
көмір
Қорғасын
Мәрмәр
алюминий
ұлутас
2-тапсырма:
1)................ ең тамаша қасиеті – электр тоғын жақсы өткізеді.
Бұл қандай металл кендеріне жатады? (түсті)
Түсті металдардың қандай кендері бар? (алюминий, мыс, қорғасын, мырыш)
2) ...................... жанғанда қызуды көп береді, ол күл қалдырмай түгел жанып кетеді. (мұнай) Мұнай қалай өндіріліеді? (сурет бойынша өндірілуін түсіндіру)
3-тапсырма: Балалар қандай металдың суретін көріп тұрсыңдар?
Алюминий 1. Қызғылт, жұмсақ
Алтын 2. Қатты, қара түсті
Мыс 3. Ақ түсті
Осы металға тән қасиеттерін атаңдар.
Сергіту сәті: Жаттығулар жасау
4-тапсырма: Оқушыларға пайдалы қазбалар беріледі:
Қолдарыңдағы пайдалы қазбаларға анықтап қараңдар, осы қазбалар туралы не білесіңдер? Сипаттау бөліктеріне назар аударыңдар.
Пайдалы қазбаны аты:
Түсі.....
Иісі...........
Қасиеті.........
Қайда өндіріледі?
Қайда пайдаланады?
5-тапсырма: Кестені толтыру:
Түсті металл
Қара металл
Жауаптары
Мыс, графит, мырыш, алюминий,
Темір, алтын, көмір, мұнай
фосфорит
6-тапсырма: Жұмбақтар шешу арқылы картадан пайдалы қазбаның шартты белгісін көрсету және шығу жерін айтып беру.
Талшықты тау жынысы халық арасында әдетте тас зығыр деп атайды. (асбест)
Мұнаймен қоса жер астынан шығатын қазба (газ)
Ол күміс сияқты жарқыраған ақ түсті, өте жеңіл металл (алюминий)
Қатты, көбінесе қара түсті зат. Жер қойнауында үш түрі кездеседі. (көмір)
Майлы, қоймалжың зат. (мұнай)
Тыңайтқыш алынатын қоңыр түсті зат. (фосфорит)
Қорытынды тапсырма:
Балалар, біз пайдалы қазбалардан не алынатынын, олардың адам өміріне не үшін қажет екенін білдік. Енді білімімізді тест жұмысы арқылы қорытындылаймыз.