Ұйымдастыру (3минут) -Амандасу -Балалар көңіл күйлерің қалай? Алдымен сабағымызды бастамас бұрын сабаққа дайындық жасап бір-бірімізге жақсы көңіл күй сыйлайық Қайырлы күн досым Қайырлы күн болсын Сәрсенбінің сәті Сәттілікке толсын бүгінгі алар бағаң Кілең бестік болсын Ал енді балалар ,өткен сабағымызды еске түсірейікші .Біз, балалар әліппе сабағында немен танысатын едік . -әріптермен -дыбыстармен –жазып үйренеміз –оқып үйренеміз «Қар кесек» ойыны (3 минут) -Дыбыс дегеніміз не? -дыбыс дегеніміз құлаққа естілетін үн -Әріп дегеніміз не? -әріп дегеніміз дыбыстардың таңбасы -дыбыстар нешеге бөлінеді -дыбыстар екіге бөлінеді Дауысты және дауыссыз. -Ал енді балалар ,сабағымызды бастамас бұрын топтасып алайық ол үшін мен сендерге өтілген әріптерді берейін ,сол арқылы төрт топқа бөлінеміз. Сынып оқушылары төрт топқа бөлінеді. ( 1 минут) Топтардың тапсырмаларын орындауға 5 минут, тапсырманы айтып шығуға 5 минут беріледі. Алдыңғы сабағымызды қалай меңгергендіктеріңді байқау үшін «ІЗ кезу » ойынын ойнайық. Ол үшін мұнда жерде жатқан іздерді оқып жылжисыңдар, бірінші келген бала мәреге бірінші болып жетіп,жеңіске жетеді. Ал енді балалар ғажайып тақтаға назар аударайық https://www.youtube.com/watch?v=Oo0tjDg2Og8 (2 минут) Сұрақ -жауап кезеңі: (5 минут) -Ал, балалар, қандай әріппен таныстыңдар ? -П әріпі қайда кездеседі екен? -П Дыбысы қандай дыбыс екен? - Қандай түспен белгіленеді екен? - Ендеше балалар ,бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз қандай әріп деп ойлайсыңдар ? - Демек ,бүгінгі сабағымыздың мақсаты П әріпімен танысып ,п әріпінің баспа және жазба түрімен танысып, ,п дыбысы бар сөздермен танысамыз және п дыбысы бар сөздерден сөйлем құрап үйренеміз. Ендеше әліпеміздегі п әріпін ашайық . Суретпен жұмыс. (69-бет) (3 минут) Ал, балалар оқулықта қандай сурет берілген екен ? -Мектептегі спорт алаңы -доп ойнаған балалар және доп соғатын қақпа -Дұрыс айтасыңдар, осы айтылған сөздерде п дыбысы бар ма ? Болса сөздің қай жерінде кездесіп тұр? Келесі тапсырма. -Доп сөзіне дыбыстық талдау жасайық Дұрыс айтасың . Енді балалар ,п әріпін санағыштан жасап көрейік Ендеше оқулығымдағы бізге берілген тапсырмаға назар аударайық. Алдымен тыңдап, артынан бірге оқимыз. - тамаша ал енді балалар әр топтан бір оқушы оқысын қалған балалар ішімізден оқимыз. -сергіту жаттығуын орындап сергіп алайық. (1 минут) Ал ,балалар,дәптерімізді ашайық, бойымызды тік ұстап дәптерімізді сәл солға көлденең бұрып алдымен п әріпін ауада жазып көрейік. Ал енді тақтаға п әріпінің жазылуына мұқият қарап алайық . П әріпінің жазылуына бейнеролик. https://youtu.be/JDF-S35CeuY (1 минут) Ал, іске сәт! Барлығымыз дәптерде берілген тапсырмаларды жазып алайық. Балалар жазып болсақ сабағымызды әрі қарай жалғастырайық. Ол үшін біз «Кім жылдам?» ойынын ойнаймыз.Ол үшін әр топтан 1 оқушыдан шығарасыздар.Алдымен «Жұмыртқа жинау» әдісімен танысып алыңдар. «Жұмыртқа жинау» үшін жұмыртқадағы берілген сөздерді оқып мен қоңырау соққанда тоқтаймыз . Кім жұмыртқаны көп жинайды,сол жеңіске жетеді. (3 минут) Ал, балалар, бізде келесі тапсырма топтарда өздеріңе берілген топтық тапсырма орындаймыз. «А» әріп тобы Құрамында П дыбысы бар суреттерді жинап, постер жасайды. «Ә »ТОБЫ . «Адасқан буындар» ойыны арқылы буындардың орнын тауып сөз құрайсыңдар және дыбыстық талдау жасайсыңдар. «Б» тобы. «Кубик әдісі» арқылы берілген кубиктегі суреттерді қолдана отырып,п әріпі бар сөз тауып, сөзді буынға бөліңдер. «Т» тобы «Балапан» сөзіне дыбыстық талдау жасайсыңдар. Барлықтарың да өте керемет орындадыңдар. Бойымызды сергітіп алайық. Балалар тақтаға назар аударайықшы .Біз кәзір тағыда бір керемет ойын ойнаймыз. Ол Ойын «Шыбын қағу » ойыны деп аталады Кім зерек болса сол көп шыбын қағады Ал келесі екі топтың баласы «Шыбын қағу » арқылы жарысасыңдар берілген сөздерді мен оқимын сендер сол сөздерді тауып қағасыңдар. Қанша сөз ұрсаң сонша бал жинайсың. (3 минут) Рефлексия сәті. (5 минут) Ал ,балалар біз сөздермен не істей аламыз? Сөздерді оқи аламыз,.сөздерге дыбыстық талдау жасай аламыз.сөздерді буынға бөле аламыз.сөздерді жаза аламыз. Өте жақсы ! Балалар, бүгінгі сабақты сендер қаншалықты түсінгендеріңді байқау үшін өздеріңді бағалауларың керек .Ол үшін «бағдаршам» әдісі бойынша бағалау жүргізесіңдер. Егер сендер толық түсінген болсаңдар- жасыл түсті,сұрақтарың болса- сары түсті,мүлдем бүгінгі сабақты түсінбесең- қызыл түсті көтеріңдер. Балалар, бүгін сабаққа барлығың да тамаша қатыстыңдар. «От шашу» әдісімен кері байланыс Үйге барғанда п дыбысына байланысты сөздерді айтып ,әліпеміздегі п әріпін оқуға болады. Ал, балалар, бүгінгі сабағымыз осымен аяқталды .Сабаққа белсенді қатысқандарыңа көп-көп рахмет. |