Сабақтың тақырыбы: «Озық ойлы оқушы» білім сайысы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың білімдерін тереңдету. Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа жетелеу.
Дамытушылық:білімді, дарынды, озық болуға жетелеу және пәндерге деген қызығушылығын ояту. ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелік:жастарды елін, жерін, оның дәстүрін сыйлауға, тәрбиелі, білімді болып өсуіне ықпал ету және тәрбиелеу.
Түрі: сайыс сабақ
Көрнекілгі: интерактивті тақта
Әдісі: сұрақ-жауап, тірек,сызба
Сайыстың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Кіріспе сөз
3. Сайысқа қатысушыларды таныстыру.
4. Сауалнама
Жүргізуші: бүгінгі сайыс барысында оқушылардың ой-өрісін, білімдерін,ептілігін сарапқа салатын боламыз.
Біреу озса сайыста,біреу артта қалады,
Ренжімей тараса, озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден- жеңімпазды анықтау,
Озат болу шарты сол –еңбектену, жалықпау.
5. Сайысты бағалайтын әділ қазылар алқасын сайлап,таныстыру.
Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер — деп, сайысымыздың алғашқы «Тіл-өнер» кезеңін бастаймыз.
«Тіл-өнер» шарттары: берілген мақалдарды аяқтау.
1.Тіл тас жарады, тас жармаса....
2.Тауды, тасты жел бұзар,...
3. Жақсы сөз....
4. Ине көзінен сынады, ....
5. Қаһарлы сөз ....
6. Жақсы байқап сөйлер, .....
7. Тіл қылыштан да, .....
8.Жақсы сөз жұбатады,....
«Тапқыр болсаң тауып көр» (жұмбақ шешу)
Бір-бірімен жарысқан
Төрт аю, бір арыстан
Екі қой мен бір түлкі
Бәрі нешеу кім білді?
Түйе бота маң басқан
Төрт аяғын тең басқан
Шұнақ құлақ бес ешкі
Төрт қозылы екі қой
Бәрін бірге санап қой
Көлден ұшты 40 қаз,
Қайтып қонды 15 қаз.
Қонбады оның нешеуі
Кәне, кім тез шешеді?
Дүкеннен сабын алдым,
Оның және қабын алдым.
Екі дәптер, бір қарындаш төрт кітап
Тіс ысқышты қоса алдым.
Есептеші сонда бәрі
Қанша болды қолда бары?
Бесеуін бердім апама,
Бесеуін алды атам да.
Бесеуін бердім әкеме
Нешеуі қалды өзімде?
«Іздеген жетер мұратқа» кезені.
1. Үш жақын
2. Бес асыл
3. Бес дұшпан
4. Үш дауасыз
5. Үшкөз
6.Жеті қазына
“Кім жылдам” ойыны
Екі нүктенің арасын қосқанда не пайда болады?
2. Уақыт өлшем бірлігін ата
3. Периметрді қалай табамыз?
4. Қарама қарсы қабырғасы тең төртбұрыш
5. Мыңның жартысы
6. Ең үлкен екі таңбалы сан
7. Бір жылда неше ай бар?
8. Теңдеу дегеніміз не?
9.Артыққа қарсы таңба
10.Үш санының кубы нешеге тең?
“Кім жылдам - 2” ойыны
Бір айда неше күн бар?
2. Ұзындық өлшем бірлігін ата
3. Төртбұрыштың ауданын қалай табамыз?
4. Барлық қабырғасы тең төртбұрыш
5. Қосуға кері амал
6. Ең кіші үш таңбалы сан?
7. Тақ сандарға қарсы сандар
8. Бір ғасырда неше жыл бар?
9.Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті
10.Төрт санының кубы нешеге тең?
«Сөзжасам» ойыны. Екі топқа сөз беріледі. Одан барынша әртүрлі сөз жасау керек.
«Бәйге»
Сөз кезегі әділ қазылар алқасына
«Қайнар» мектеп – гимназия» мемлекеттік мекемесі
«Озық ойлы оқушы»
білім сайысы.
Дайындаған: Мамыртаева Д.У.