Тақырыбы: “Озық ойлы оқушы”
Мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп есте сақтау қабілетін
шыңдау. Оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру.
Дамытушылық: Оқушылардың белсенділігін дамыту ой-өрісін кеңейту.
Тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа,
ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Көрнектілігі: Интертақта, бетшелер.
Түрі: Топтық сайыс.
Жоспары: 1. “Сәлемдесу сөз басы”
2. “Сұрақ бізден, жауап сізден”.
3. “Адасқан әріптер”
4. “Кім тапқыр” жанкүйерлер сайысы.
5. “Сен маған, мен саған” . (үй жұмысы)
6. “Білімдіге – биіктен орын”. Капитандар сайысы.
7. “Ойнайық та, ойланайық”. Логикалық есептер.
8. “Ойлан тап”. Жұмбақтар сайысы.
9. Қорытынды.