О?ушыларды? «?зін-?зі тану»п?ні бойынша ?ткен сыныптарда ал?ан білімдерін пысы?тай отырып,?зін-?зі тануды? ?здіксіз ?деріс екендігін ??ындыру;
О?ушыларды? ?мірдегі ?станымын,болаша?ын аны?тауына,о?у материалдары ар?ылы ы?пал ете отырып,адамны? ?айталанбас т?л?а екндігі туралы т?сініктерін дамыту;
?р адамны? ?айталанбас т?л?а екндігін есте т?та отырып,?зін-?зі т?сіну,?зін-?зі ба?алай білу ж?не ?зін-?зі т?рбиелеу туралы халы? даналы?ымен таныстыру;
?зін-?зі т?рбиелеу ?рдісінде рухани ??ндылы?тарды? ?айнар к?зі-халы?ты? та?ылымдарды? т?жірибесінен т?лім ала білуге баулу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"?зімді-?зім танумен, ?сіп келем"»
Сабақтың тақырыбы: Өзімді-өзім танумен, өсіп келем
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Оқушылардың «Өзін-өзі тану»пәні бойынша өткен сыныптарда алған білімдерін пысықтай отырып,өзін-өзі танудың үздіксіз үдеріс екендігін ұғындыру;
Оқушылардың өмірдегі ұстанымын,болашағын анықтауына,оқу материалдары арқылы ықпал ете отырып,адамның қайталанбас тұлға екндігі туралы түсініктерін дамыту;
Әр адамның қайталанбас тұлға екндігін есте тұта отырып,өзін-өзі түсіну,өзін-өзі бағалай білу және өзін-өзі тәрбиелеу туралы халық даналығымен таныстыру;
Өзін-өзі тәрбиелеу үрдісінде рухани құндылықтардың қайнар көзі-халықтық тағылымдардың тәжірибесінен тәлім ала білуге баулу.
Мақсаты: Оқушылардың адам өмір жолының маңызды құрамдасы ретіндегі өзін-өзі тану туралы түсініктерін кеңейту.
Шаттық шеңбері Жаңа сабақ тақырыбын жариялап,оқушыларды шаттық шеңберіне шақыру.Барлығы қосылып Ж.Қалжанованың «Шаттық шеңбері» өлеңін оқу.
Ойын «Таныс болайық».Шаттық шеңберін одан әрі жалғастырып, «Таныс болайық» ойыны ойнатылады.
Әңгімелесу Оқулықта «Ойланайық,әңгімелесейік» айдарымен берілген сұрақтар негізінде әңгіме жүргізіледі:
Біз «Өзін-өзі тану» пәнінен не үйрендік?
Өзін-өзі танудың адам өміріндегі маңызы қандай?
Өзін-өзі тануды «сарқылмас қазына»деуге бола ма?Неліктен?
Мәтінмен жұмыс Оқушылардың оқулықта «Оқып үйренейік» айдарымен берілген «Таным тағылымы» атты мәтінді оқып,сұрақтар арқылы талдау.
«Алыстан көруге үйренді»днгнді қалай түсінесіңдер?
«Сендер танымның қай жолын таңдап алар едіңдер?»Неліктен?
Қай данышпанның тағылымы табандылыққа,болашақты болжауға үйретеді?
Жаңа ақпарат Жаңа ақпарат нақтылы тұжырымдама жасау үшін беріледі.Оқулықта ұсынылған түйіндемені оқып,жетекші сұрақтар арқылы талдау жасау.
Тапсырма
Абай атамыздың «Өзіңнен-өзің әр күн сайын есеп ал»деген сөзін қалай түсінесіңдер?
Есті болу үшін адамға қандай қасиеттер керек деп ойлайсыңдар?
Дәйексөз Отырарлық ғұлама ғалым әл-Фарабидің адамның өзін-өзі тануы туралы «Дүниедегі ең оңай нәрсе-біреуге ақыл айту,ең қиын нәрсе-өзіңді-өзің түсіну»деген нақыл сөзіне талдау жасау.
Түйіндеме Оқулықта ұсынылған тұжырымдамаларға жеке-жеке талдау жасау.
Тапсырма Шығыс философы әл-Машанидың өлеңін жаттап келу.
Дәптермен жұмыс Сауалнамалық сұрақтарды мұқият оқып,өз ойларын үйден жазып келу.
Жүректен жүрекке Балаларды шеңберге тұрғызып,сыныптас достарымен қол ұстасып бір-біріне жүрекжарды тілектерін айтуды ұйымдастыру.Қостанайлық айтыскер ақын Әлфия Орманшинаның «Мен де өсіп келемін»деген өлеңін әуеніне қосып .белсенді айтып шығу.
Өзін- өзі тану .5-сынып.1-тоқсан
2-ші сабақ.10-шы қыркүйек.2010- жыл.
Сабақтың тақырыбы: Адам мінезімен танылады
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Жақсы,жаман мінез-құлықты ажырата білуге үйрету;
Оқушылардың бойында жақсы мінез-құлық дамытуға ықпал ету;
Өзін қүрметтеу,өзіне деген сенімділікке тәрбиелеу.
Мақсаты: Адамның мінезі,мінезді жетілдірудегі адамның мүмкіндіктерітуралы түсінік беру.
Шаттық шеңбері Сабақта көңілді орта құру мақсатында «Балалығым-бал дәуренім»әнін айтуды ұсыну.
Әңгімелесу
1.Мінез дегеніміз не?
2. Адамның мінезі қайда және қалай танылады?
3.Мінез-құлық адамдардың қарым-қатынасына әсер етеді ме?Қалайша?
4. Адам өз мінезін өзгерте ала ма?Қалай?
Дәйексөз Оқушылардың мінез-құлық туралы ойларын түйіндеу мақсатында оқулықтағы мінез туралы нақыл сөзді түсіндіру.
Мәтінмен жұмыс Оқушыларға Б.Тұрсынбаевтың «Әлім мен Жанар» әңгімесін оқу.
Жаңа ақпарат «Адамның мінезі оның басқа адамдарға,қоршаған ортаға деген қарым-қатынасынан,іс-әрекеттерінен байқалады. Адам өзін-өзі тәрбиелеу үшін өзінің мінез-құлқын танып,өзіне сыни көзбен қарай алатындай қабілетке ие болуы керек.Әр адам өз бойында адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеп,өз мінезін жетілдіре алады».
Дәптермен жұмыс Дәптерде берілген криптограмманы шешіп, «Өзін-өзі тану»туралы Сократтың нақыл сөзіне пайымдау жасау.
Жүректен жүрекке Оқушылар шеңбер бойымен тұрып,бір-бірінің жақсы қасиеттерін тізбектеп айтып шығады.
Өзін- өзі тану .5-сынып.1-тоқсан
3-ші сабақ.17-ші қыркүйек.2010- жыл.
Сабақтың тақырыбы: Адам мінезімен танылады
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Жақсы,жаман мінез-құлықты ажырата білуге үйрету;
Оқушылардың бойында жақсы мінез-құлық дамытуға ықпал ету;
Өзін қүрметтеу,өзіне деген сенімділікке тәрбиелеу.
Мақсаты: Адамның мінезі,мінезді жетілдірудегі адамның мүмкіндіктерітуралы түсінік беру.
Шаттық шеңбері Оқушылармен амандасып,олардың көңіл-күйін көтеріп,сабақта көңілді Сабақта көңілді орта құру мақсатында «Балалығым-бал дәуренім»әнін айтуды ұсыну.
Жағдаяттарды талдау « Кім қыз Жібек болады?»
Тапсырма Оқулықта «Тапсырма»айдарымен Әбунасыр әл-Фарабидің нақыл сөздері берілген.Бұл нақыл сөздердің берілу мақсаты-жақсы мінез-құлық адам өмірін нәрлендіретіндігін,шынайы бақытқа қол жеткізуіне,адами қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретіндігін оқушыларға ұғындыру.
Дәптермен жұмыс Дат суретшісі Херлуфа Бидструпаның дәптерде берілген адам мінезіне байланысты салған суретіндегі мінез-құлықты әр-түрлі адамдардың мыжылған қалпаққа өз эмоцияларын,қатынасын білдіруін әңгімелеп,олардың арасындағы қарым-қатынасты суреттеу тапсырылады.
Мәтінмен жұмыс Оқулықта берілген Іңкәр Тоқаштың «Жақсылық шапағаты»атты әңгімесін оқу.
Шығармашылық жұмыс Оқушыларға «Жаныңда жүр жақсы адам»тақырыбына шағын әңгіме жазу.
Түйіндеме Сабақты қорытындылау мақсатында түйінсөз оқылып,талдау жасалынады.
Жүректен жүрекке Оқушылар сабақтан алған әсерлерін өлең жолдарыиен түйіндеп,сабақты аяқтайды.
Өзін- өзі тану .5-сынып.1-тоқсан
4-ші сабақ.24-ші қыркүйек.2010- жыл.
Сабақтың тақырыбы: Адамның жан сұлулығы
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Адамның «жан сұлулығы» ұғымының мәнін ашу;
Адам жанының сұлулығын көрсететін жақсы қасиеттерін дамыту;
Жан сұлулығына жеткізетін ізгі істерге тәрбиелеу.
Мақсаты: Оқушылардың адам жанының сұлулығы туралы түсініктерін кеңейту.
Шаттық шеңбері Оқушылармен амандасып,олардың көңіл-күйін көтеу,ынтасын арттыру және сабаққа әзірлеу мақсатында Ш.Қалдыаяқовтың «Балдырғандар»әнін қосылып айту,шаттық шеңберін өткізу.
Әңгімелесу Оқулықта «Ойланайық,пікірлесейік»айдарымен берілген сұрақтар бойынша пікір алысу:
Әдемілік,сұлулық деген сөздердің мағынасын қалай түсінесіңдер?
Адамды тек сыртқы келбетіне байланысты сұлу деп айта аламыз ба?
Жан сұлулығы дегенді қалай түсінесіңдер?
Жаны сұлу адамды қалай сипаттар едіңдер?
Адам сұлулығын қандай ісінен байқауға болады?
Мәтінмен жұмыс «Сұлулық сыры»атты мәтінді оқу.
Сахналау Оқушылардың ойларын білу және жан сұлулығының маңыздылығын түсіндіру мақсатында оқулықтағы «Сахналау»айдарымен берілген диалогті сахналауды ұсыну.
Дәйексөз Виктор Гюгоның «Сыртқы сұлулық толық болуы үшін ішкі сұлулықпен жандану керек»деген дәйексөзінің мағынасына мән беріп,түсіндіру.
Тыныштық сәті Оқушылардың сәл тыныстап,алған білімдерін жинақтап өздерінің ой таразысына салу мақсатында тыныштық сәтін өткізу.
Жаңа ақпарат Жаңа ақпараттағы «Әр адамның өзіндік сұлулығы бар.Бірақ ол сырт келбеті ғана емес жан сұлулығына байланысты»деген сөздерді оқушыларға түсіндіру.