О?ушыларды? сын есім туралы ??ымын толы?тыру,с?йлем ішінен сын есімді тауып,с?ра? ?ою?а ?йрету.Грамматикалы? тапсырмалар ар?ылы теориялы? ойлау тілін дамыту,?з бетінше ж?мыс істеу ж?не ой ?орытыту машы?ын арттыру.О?ушыларды ?йымшылды??а,ізденімпазды??а т?рбиелеу. Жіктеу есімдігі туралы т?сінік беру, с?йлемде д?рыс ?олдануды ме?герту.Грамматикалы? тапсырмалар ар?ылы теориялы? ойлау тілін дамыту, ?з бетінше ж?мыс істеу ж?не ой ?орытыту машы?ын арттыру.О?ушыларды ?йымшылды??а,ізденімпазды??а т?рбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Открытый урок "Местоимение" »
Қазақ тілі.3- сынып.
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелерінің байланысы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Сөйлем туралы алған білімдерін арттырып кеңейту, сөйлем ішінен тұрлаулы мүшелерді тауып, дұрыс сұрақ қоя білуге дағдыландыру, қай сөзбен байланысып тұрғанын ажырата білуді қалыптастыру. Дамытушылық:Шығармашылық ойлау қабілетін дамытып, сөздік қорларын, тілдерін жетілдіру.
Пәнаралық байланыс: өзін- өзі тану,әдебиеттік оқу,музыка.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі. 2 топқа бөлу.
І топ. «Тұрлаулы мүшелер» ІІ топ. «Тұрлаусыз мүшелер»
ІІ.Психологиялық дайындық.
- Амансың ба, Алтын Күн!
- Амансың ба, Көк Аспан!
- Амансың ба, Жер – Ана!
- Амансың ба, қонақтар,
Сіздерді көріп қуанам.
- Иә, балалар, біз әрқашанда келген қонақтарға қуаныштымыз.
ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
Жаңа сабақ.
• Өткен сабақтарды қайталау. «Ой қозғау» Кубизм.
- Сөйлем неден құралады? - Сөйлем мүшелері дегеніміз не? (ереже) - Сөйлем түрлерін ата. (Лепті, хабарлы, сұраулы) - Сөйлемнің қандай мүшелері болады? - Сөйлемнің негізгі, яғни тұрлаулы мүшелерін ата. - Бастауыш қандай сұрақтарға жауап береді? (ереже) - Баяндауыш қандай сұрақтарға жауап береді? (ереже) - Бастауыш пен баяндауыштан басқа сөйлем мүшелерін қалай атаймыз?
Екі топ 1-жаттығуды орындайды.
Оқулықпен жұмыс.Сөйлемдерді көшіріп жаз.
Айбек кітап оқыды.Нұржан суық суға жуынды.Нұртай саябаққа барды.Үйдің жанында бау-бақша бар.Айжан әжесімен әңгімелесті.
Сөйлемдегі сөздерге сұрақ қою арқылы сөйлем мүшелеріне талда
Сөйлем мүшелері бір- бірімен байланыста болады.Олардың байланысын сұрақ қою арқылы білуге болады.
Мысалы:Үсен қиын есепті тез шығарды.
Үсен (кім?) шығарды.
Үсен (қайтті?) шығарды.
қиын (қандай?) есепті
тез(қалай?) шығарды
есепті(нені?)шығарды
Тақтада жұмыс .2-жаттығу.
Әр топқа тапсырма.
І топ.Сөйлемдерді тек тұрлаулы мүшесі бар сөйлемге айналдырып жаз.
Бір - бірінің сөйлемдерін оқып, көркем сөздер қосып түзейді. Жұптасып орындайтын жұмыс: қателерін түзейді. Презентация: оқушы «автор орындығынан» өзінің шығармасын оқиды «Күн сәулелері» - Барлығымыз өзімізді күн сәулесіміз деп елестетіп көрейік. Әрбір күн сәулесіне бүгін сабақта не білгеніңді жазып іл.