ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Үш сом» мазмұнын сұрау.
Алдар қойшыны қалай алдады? Ол неге алдыңғы заттарын қосып, көбейтіп айтты? Аңыз кейіпкерлерін ата? Қожанасыр Алдарға қандай тапсырма берді? Алдаркөсе тапсырманы қалай орындады? Олжалы болған кім?
ІІІ.Миға шабуыл: Ертегі дегеніміз не? Ертегі нешеге бөлінеді? Жаңылтпаштар қандай шығарма? Жұмбақтар қандай шығарма? Жаңылтпаш ше? Аңыз дегеніміз не?
Өтірік өлеңге түсініктеме: Өтірік өлең – қазақ халқының тұрмыс салтына байланысты шығарылған ауыз әдебиетінің көне түрі.Біріне бірін шендестіре айту арқылы бір заттың екінші заттан өзгешелегін, артықтығын көрсету.Өтірік өлеңде суреттелетін оқиға желісі нақтылы шындықтан алынғанымен ,ондағы іс-әрекет шынайы өмірге жанаспайды: «Аспанға алты жерден тіреу қойдым,Той қылып,мың масаны сонда сойдым» сияқты үлкен фантастикалық қиялға,қызықты күлкіге құрылады.Өтірік өлеңде қиыннан қиыстырылған тапқырлық,ойдың өткірлігі мен логиканың күштілігі сарапқа түседі. «Өтірік өлең ауызша тараған қазақ халқының асыл мұраларының бірі»...
1-тапсырма. Сөздік жұмыс. Мәтінді оқып түсіндіру. Оқушыларға оқыту.
Айттым да өтірік өлең айла қылдым Кесіп ап бетегені найза қылдым. Торғайды үш қонаққа сойып беріп, Жарты етін алып қалып, пайда қылдым. Дүниеде болады екен қоян мықты, Жабылып он бес жігіт зорға жықты. Соғымға сойған едім, семізін-ай, Бүйрек майдан басқасы бес қап шықты
Сұрақ-жауап: Бірінші оқушы қандай өтірік өлең айтты? Жәй сөзбен әңгімеле. Екінші оқушы ше? Қай оқушының өлеңі көбірек күлкі шақырды?
Тазша Бала - қазақтың күлдіргі тұрмыс-салт ертегілеріндегі басты кейіпкер Қазақта тағыда басқа туралы ауыз әдебиетінде "Қу тазша", "Ақылды тазша", "Айлалы тазша", "Тазшаның қырық ауыз өтірігі", "Хан қызы мен Тазша", тағыда басқа ертегілер бар. Бұлар тағыда басқа халық арасынан шыққан ақылды, алғыр, айлалы, тапқыр, өжет жігіт ретінде суреттеледі. Өзінің ақыл-парасаты, тапқырлығы арқасында талай қиын-қыстау жағдайдан, ауыр халден аман-есен құтылып кетеді, неше түрлі сыннан мүдірмей өтіп, жеңіп шығады. Өзі сіңірі шыққан кедей болса да уәзір, жендеттермен айқаска түсіп, оларды халық алдында күлкі, мазақ етеді. Әділетсіздікке, кертартпа әдет-ғұрыпқа, зұлымдыкқа қарсы тұрып, күншілдік, қызғаншактық, сараңдық сияқты мінездерді аяусыз әжуалайды. Сөйтіп тағыда басқа халық даналығы мен шешендігін бойына жиған кейіпкер болып табылады
2-тапсырма. Берілген суреттерден өтірік өлең құрастыру. Жаңылтпашты, жатқа сұрау
Түйме,ши, шие, үй. Теңіз, түйе, күйме, шие.
3-тапсырма. « ЖҰМБАҚ ХАТ» Балалардың алдына шындық пен өтірік аралас қиық сөйлем жазылған хатқалтар таратамын.
Шыңғыс атқа мінді. Али шегірткеге мініп Шыңғыспен жарысты. Әмір арыстанға мініп, серуендеді. Мухаммед бауырымен ойнады. Санат Астанаға құспен ұшып барды. Тоқтар Алматыға машинамен барды. Айман жіп иірді.
Сергіту сәті
Сүп – сүйкімді аққудай.
Ұшып-ұшып алайық,
Судың көркі балықтай.
Жүзіп-жүзіп алайық,
Шаян болып шақылдап.
Тез-тез жүріп алайық,
Орнымызды табайық.
4-тапсырма Берілген сөздер бойынша өтірік өлең құрастыру. Кесінділер арқылы өтірік өлең құрастырады. Құрастырған өлеңдерін тақтаға жазады.
Дәптермен жұмыс: Тақтаға жазған өтірік өлеңдерін көшіріп жазады.
5-тапсырма Венн диаграммасы
Өтірік сөзінің жақсы және жаман жағын салыстыру.
Ү. Түсінгендерін тексеру:Тазша қандай бала?Өтірік өлеңде не туралы айтылған?
ҮІ. Бекіту.Өтірік өлең құрастыру. Сөздер арқылы.
ҮІІ. Үйге тапсырма: 62-63 бет жаттау. Өтірік өлең құрастырып келу