kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Отбасыны? берекесі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты: О?ушылар?а отбасы туралы т?сініктерін кенейту. ?з ойларын ж?йелі т?рде жеткізе білуге ?йрету.
Білімділігі: Отбасында адамдарды? алатын орны туралы т?сінік беру.Отбасым?шелеріні? міндеттерімен ?зара ?арым- ?атынасы жайлы ??гімелеуар?ылы т?сіндіру. О?ушылар?а ?ке - шеше, бауырды? ?адірін білгізу.Т?рлі тапсырмаларды орындау ар?ылы  с?йлеу да?дыларын,шеберлік

терін ?алыптастыру

Дамытушылы?ы:  ?ыз бала мен ?л балаларды? бір-біріне к?мектесуге, ?ам?орлы? таныту?а баулу. Ойлау ?абілеттерімен, с?йлеу м?дениетін ?алыптастыру.

Т?рбиелігі: Ата-анасына, ту?ан жерге, Отан?а деген с?йіспеншіліктерін ояту.

Сыйласты??а, мейірімділікке, татулы??а,?ам?орлы??а т?рбиелеу. О?ушыларды? бойына ата-ана?адегенс?йіспеншілікті, ??рмет сезімін ояту, адалда парасатты ?л мен ?ыз т?рбиелеу.

Ж?мыстары?ыз табысты болсын!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Отбасыны? берекесі"»




Құрметті: «Сайт» !

Ел ертеңі жас ұрпақты саналы тәрбие,сапалы біліммен қаруландыру мақсатында өз тәжірибелерімді сіздермен бөліскім келеді.Осы мақсатпен жіберіп отырғандүниетану пәнінен «Отбасының берекесі» ашық сабақты сайтқа жарияланса деген өтінішім бар

Құрметті редакция ұжымы, еңбектеріңіз әрдайым жемісті де табысты болсын!


Құрметпен, Теректі ауданы, Ақсоғым ауылы

Восход жалпы орта білім беретін мектебі

Хами Сандуғаш Беркінқызы

Бастауыш сынып мұғалімі



Сабақтың тақырыбы: Отбасының берекесі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға отбасы туралы түсініктерін кенейту. Өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуге үйрету.
Білімділігі: Отбасында адамдардың алатын орны туралы түсінік беру.Отбасымүшелерінің міндеттерімен өзара қарым- қатынасы жайлы әңгімелеуарқылы түсіндіру. Оқушыларға әке - шеше, бауырдың қадірін білгізу.Түрлі тапсырмаларды орындау арқылы  сөйлеу дағдыларын,шеберлік

терін қалыптастыру

Дамытушылығы: Қыз бала мен ұл балалардың бір-біріне көмектесуге, қамқорлық танытуға баулу. Ойлау қабілеттерімен, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Тәрбиелігі: Ата-анасына, туған жерге, Отанға деген сүйіспеншіліктерін ояту.

Сыйластыққа, мейірімділікке, татулыққа,қамқорлыққа тәрбиелеу. Оқушылардың бойына ата-анағадегенсүйіспеншілікті, құрмет сезімін ояту, адалда парасатты ұл мен қыз тәрбиелеу.

Түрі: Жаңа сабақ.
Әдісі: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, топпен жұмыс, ойындар
Көрнекілігі:интерактивті тақта.Мақал - мәтелдер, нақыл сөздер, суреттер.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпты сабаққа әзірлеу. Назарын сабаққа аудару.
II. Психологиялық дайындық.
III. Үй тапсырмасын тексеру. Интерактивті тақтамен жұмыс.

Семантикалық карта(өткен материалдар бойынша сұрақтар)
- «Жануарлар әлемін қорғау» мәтіні бойынша мазмұнын айту.
- Өте жақсы.
- Ендеше балалар, жаңа сабақты бастамас бұрын жұмбақтар шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбымен танысамыз.
«Ол кім?» жұмбақтар шешу.

1) Айтары мол ғұлама, көп жасаған бұл адам.

Әкесі ол көкеңнің , білер оны сұраған. Ол кім? /ата/

2) Ол - өте мейірімді, ақ шашты.Дәмді тағамдар пісіреді, бізге жылы қолғап, шұлық тоқиды, ұйықтар алдында ән немесе ертегі айтып береді.Бұл кім?(әже)

3) Бала,бала, бала деп,түнде шошып оянған

Түн ұйқысын төрт бөліп, түнде бесік таянған. Бұл кім? /ана/

4) Ол – асқар тау. Атаңның баласы. Ол қабағын шытса «байқа, балам» дегені.

Отбасын қорғаушы, сақтаушы. Ол кім? (әке)

5) Әкеден кейінгі отбасының иесі. Ол ініге, қарындасқа үлгі көрсетіп қамқоршы болуға міндетті. Ол кім? /ұл/

6) Ол – екінші ана. Анаға көмекші, бауырларына мейірімді. Бұл кім? /әпке/

7) Ол ағадан кіші, ағасын үлгі тұтады. (іні)

« Отбасы» деп айтуға болады.
- Ендеше балалар, мына сұрақтарға жауап берейікші.
- Отбасына кімдер жатады?
- «Отбасы» туралы қандай мақал –мәтелдер білесіңдер?

Ата - анаңызды қуанышқа бөлеген кездеріңізді айтып беріңіз.
- Өте жақсы.
- Ендеше , балалар, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы:
« Отбасының берекесі».
IV. Жаңа сабақ.

- Отбасы дегеніміз не?

- Отбасы дегеніміз бір үйде тұратын ең жақсы туыс адамдар. Ол адамдарды отбасы мүшелері дейміз.

- Сен отбасында кімсің?

- Мен отбасының мүшесімін , әке менанамның баласымын , атамен әжемнің немересімін.

-Отбасы мүшелері бір – бірімен қандай қарым –қатынас жасайды?

- Әңгімелеседі, бір –бірін сыйлайды, балалар үлкенді тыңдайды, бірге демалады.

-Отбасында қандай жағымды жақсы сөздер айтылады?

- Рахмет қайырлы күн, ас дәмді болсын, жолыңыз болсын, көріскенше , кешіріңіз.

- Иә, дұрыс айтасыңдар балалар , бір шаңырақ астында тұратындардың бір- біріне сыйластығы , махаббаты, бауырмалдығы , бір –бірімен ынтымағы татулығы , бірлігі отбасы жарастығын құрайды.
Топпен жұмыс. Оқушыларды топқа бөлу, топ аттарымен және топ басшыларын таныстыру.
« Сандық» стратегиясы туралы тапсырмасын орындайық.
1. Не тәтті? ( Ананың сүті тәтті.)
2. Не жұмсақ? ( Ананың қолы)
3. Не қатты? ( Атаның жүрегі қатты)
4. Кім жақын? ( Тату болса, ағайын жақын,
Ақылшың болса, апайың жақын.
Алдыңа тартқан, адал асын,
Қимас жақын қарындасың.)
5. Не қымбат? ( Алтын ұяң Отан қымбат.
Құт - береке атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат.
Бәрінен де ар мен ұят қымбат.)
V. Оқулықпен жұмыс.
а) Мәтінді мұғалім оқуы, түсіндіру.
б) Оқушыларға тізбектей оқыту.

Мәтінмен жұмыс:

Зерттеу орталығы.

1. Отбасы мүшелерінің саны ... болады. /әр түрлі/

2. ... - аға буын өкілдері. /үлкендер/

3. ... – анасының көмекшілері, олар мейірімді. /қыздар/

4. Қыздар ер балалармен .... сөйлесуі керек. /айқайласпай, дөрекі сөздер қолданбай/

5. Ер балалар кішкентайынан қыздарға .... тиіс . /көмектесуге, қамқорлық көрсетуге/

Мақал-мәтел орталығы: /бала, ұл, қыз балаға арнап мақал –мәтел айту/

  1. «Бала- адамның бауыр еті, көз нұры»

  2. «Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады».

  3. Жақсы жігіт – аспандағы – жұлдыз, жақсы қыз – жағадағы құндыз.

4. « Балалы үй базар, баласыз үй – қу мазар»

  1. Бала әкеден -ақыл, анадан- мейірім алады.

  2. Әкеге қарап ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі.

6. Ананың сүті бал, баланың тілі бал.

7. Қызға қырық үйден тыйым. т.б.

Ой толғау орталығы. Эссе жазу: «Қыз бала қандай болуы тиіс? Ұл бала қандай болуы тиіс?»

В) Топтастыру: /мағыналас сөздер жазу/

Атаның тапсырмасын орындау. « Сиқырлы сандық» ойыны. Ойынның шарты: сандықтағы жұлдызды алып, сол жұлдыздағы тапсырмаларды орындату.
1. Отбасын кімдер құрайды? ( Ата, апа, ана, әке, аға, қарындас, әпке, сіңілі, іні.)
2. Ұл мен қызды жасына қарай қалай атайды? ( қарындас, әпке, сіңілі, аға, іні)
3. Отбасының әдет - ғұрпы туралы түсініктеме беру ( Үлкенді сыйлау, айтқан ақылдарын тыңдау, үлкендер - кішіге ақылшы, кішіге - көмекші.
4. Неке дегенді қалай түсінесің? ( Сүйіп қосылған екі адамның ерікті одағы)
5. Отбасының бүкіл міндеті кімдерге негізделген?( Ата - анасына)
6. « Үлкенге көмек» дегенді қалай түсінесің? ( Үлкендердің заттарын көтеріп, айтқандарын істеу керек.)
7. Конституцияда отбасына қамқорлық туралы не айтылған? ( 27 - бабында «Неке мен отбасы, әке мен ана және бала мемлекеттің қарауында болады деп көрсетілген»).
8. Отбасының ұйтқысы кім? ( Ана)
9. Отбасының басшысы кім? ( Әке)
- Ата, балалар тапсырмасын дұрыс орындағаны үшін бата береді.
VI. Сергіту сәті.
- Балалар, енді « Кім жылдам?» ойыны арқылы бойымызды сергітіп алайық. Ойынның шарты. Отбасы мүшелерінің заттарын жылдам құрастыру керек.
VIІ. Дәптермен жұмыс.
- Балалар, « Менің отбасым» немесе сурет бойынша эссе жазыңдар.
Шығармашылық жұмыс:

Бір сәт көзімізді жұмып ,өз отбасымызды көз алдымызға елестетеміз. Енді әрқайсымыз өз отбасымыздағы адамдарға жақсы тілегімізді іштей айтайық.

  • Көзімізді ашайық. Отбасыларыңды елестеткен сәтте қандай жағдайда болдыңдар?

  • Отбасыларыңа қандай жақсы тілек тіледіңдер?

VIІІ. Қорытынды.

  • Балалар ,бүгін біз не жайлы әңгімелестік?

  • Сабақ сендерге ұнадыма?

  • Неке мен туыстық қатынастарға негізделген адамдар тобы. /отбасы/

  • Отбасының құқықтары мен міндеттері ҚР Конституциясының нешінші бабында белгіленген? /27/

  • Отан неден басталады? /отбасынан/

  • Бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлерді ата. /ат қою, бесікке салу, тұсау кесу, сүндет тойы/

  • Қуанышты хабарды тез жеткізу үшін не сұрайды? /сүйінші/

  • Қызды ұзатқанда киетін бас киім?/сәукеле/

  • Ағаға қарап іні өсер, .../апаға қарап сіңлі өсер/

  • Сәбидің бесігін отпен аластап болғасын оған қандай жабдықтар салады? Қандай мақсатпен?/пышақ, айна, тарақ, тұмар/

«Отбасы ағашы» (отбасыңның шежіресін құру)(музыка қосып қою)

Ата - ананы тыңдайық,
Айтқанынан шықпайық,
Ал, достарды қолдайық,
Қиын шақта қорғайық.
- Ендеше балалар «ІNSERT» жүйесі арқылы «Не үйрендік?» «Не білдік?» Сабақты бекітейік.
- Осымен сабағымызды аяқтаймыз.
- Отбасымыз аман, деніміз сау болсын!
- Балалар, сабағымызды қорытындылай келе қай топ көп ұпай жинағаның тексерейік.
ІХ. Бағалау.
- Әр топ басшылары бағалау парағы арқылы өз топтарындағы оқушыларды бағалайды.
Отбасының алтын тірегі - әке. Әкеміз асқар тауымыз, ендеше асқар тауымыздың еңсесі биік болсын дейміз. Әке туралы ән тыңдайық.

«Әкем -әнім» әні.
Х. Үйге тапсырма:
1. «Отбасының берекесі» мәтінін мәнерлеп оқып, мазмұнын айту.
2. Отбасына байланысты мақал - мәтелдер, нақыл сөздер жаттау.
3. Мәтін бойынша сурет салып келу.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
"Отбасыны? берекесі"

Автор: Хами Санду?аш Беркін?ызы

Дата: 26.02.2016

Номер свидетельства: 299249

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Отбасыны? берекесі "
    ["seo_title"] => string(21) "otbasynyn-bieriekiesi"
    ["file_id"] => string(6) "178787"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424879913"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Отбасыны? берекесіні? ма?ыздылы?ы "
    ["seo_title"] => string(38) "otbasynyn-bieriekiesinin-man-yzdylyg-y"
    ["file_id"] => string(6) "241390"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1445244458"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "Отбасыны? берекесі - ?йлесімділікте! "
    ["seo_title"] => string(38) "otbasynyn-bieriekiesi-uiliesimdiliktie"
    ["file_id"] => string(6) "152683"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1420894732"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "Саба? "Отбасыны? берекесі""
    ["seo_title"] => string(27) "sabak-otbasynyn-bieriekiesi"
    ["file_id"] => string(6) "287562"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454502627"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "открытый урок на тему Отбасы берекесі"
    ["seo_title"] => string(41) "otkrytyi-urok-na-tiemu-otbasy-bieriekiesi"
    ["file_id"] => string(6) "291054"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455050824"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства