kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Отбасыны? берекесіні? ма?ыздылы?ы

Нажмите, чтобы узнать подробности

№ 23 ЖББОМ бастауыш сынып м??алімі:

                                                                          ?алдыбаева Б.И.

                                                                           3 «?»сынып

Саба?ты? та?ырыбы: Отбасыны? берекесі

Саба?ты? ма?саты: О?ушылар?а отбасыны? берекесі – ?мір с?ру ?шін ?те ?ымбат, ?ажетті, ба?алы байлы? екендігін т?сіндіру. Отбасы туралы т?сініктерін ке?ейту. ?з ойларын ж?йелі т?рде жеткізе білуге ?йрету.

Саба?ты? міндеттері:

 Білімділік:  Отбасыны? берекесі мен ?зара ?арым – ?атынасы жайлы ??гімелеу ар?ылы т?сіндіру.

Дамытушылы?: Отбасы берекесін сыни т?р?ысында ойлау, с?йлеу шеберліктерін жетілдіру,  тіл байлы?ын, с?здік ?орын молайту. Ой-?рістерін, танымды?, шы?армашылы? ?абілеттерін, шеберліктерін, п?нге ?ызы?ушылы?ын, д?ниетанымын дамыту.

Т?рбиелік: ?з отбасын, ту?ан туыстарын сыйлай білуге, ?лтты?  салт-д?ст?рлер мен ?дет-??рыптарды  ?адірлей білуге т?рбиелеу. ?лкендерді сыйлау?а ?йрете отырып, бойларына адамгершілік ?асиеттерді сі?іру.

Саба?ты? т?рі: аралас  саба?

Технологиялы? ?діс: СТО технологиялары

Саба?ты? к?рнекілігі: слайдтар, ма?ал - м?телдер, на?ыл с?здер, суреттер, семантикалы? карта.

П?н аралы? байланыс: ?аза? тілі, ?дебиеттік о?у, математика, орыс тілі, а?ылшын тілі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Отбасыны? берекесіні? ма?ыздылы?ы »


23 ЖББОМ бастауыш сынып мұғалімі:

Қалдыбаева Б.И.

3 «ә»сынып



Сабақтың тақырыбы: Отбасының берекесі


Сабақтың мақсаты: Оқушыларға отбасының берекесі – өмір сүру үшін өте қымбат, қажетті, бағалы байлық екендігін түсіндіру. Отбасы туралы түсініктерін кеңейту. Өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуге үйрету.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Отбасының берекесі мен өзара қарым – қатынасы жайлы әңгімелеу арқылы түсіндіру.

Дамытушылық: Отбасы берекесін сыни тұрғысында ойлау, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру, тіл байлығын, сөздік қорын молайту. Ой-өрістерін, танымдық, шығармашылық қабілеттерін, шеберліктерін, пәнге қызығушылығын, дүниетанымын дамыту.

Тәрбиелік: Өз отбасын, туған туыстарын сыйлай білуге, ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды қадірлей білуге тәрбиелеу. Үлкендерді сыйлауға үйрете отырып, бойларына адамгершілік қасиеттерді сіңіру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Технологиялық әдіс: СТО технологиялары

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, мақал - мәтелдер, нақыл сөздер, суреттер, семантикалық карта.

Пән аралық байланыс: қазақ тілі, әдебиеттік оқу, математика, орыс тілі, ағылшын тілі.


Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпты сабаққа әзірлеу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Үлкенге де «сіз», кішіге де «сіз».

Сәлем бердік сіздерге құрметпенен біз.

Психологиялық дайындық

Әрбір адам –туысым, досым, жұрағат,

Әрбір сабақ – үйрену, ұғу, ұлағат,

Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адамдық,

Әрбір ісің – тілек, тірлік, адалдық.


Үй тапсырмасын тексеру

«Жануарлар әлемін қорғау» мәтіні бойынша мазмұнын айту.(2оқушы)

Слайд

Тест ( 2 минут уақыт беріледі де, дұрыс жауабы тақтада көрсетіледі)

  1. Тіршілік ету ортасы деп –

а) орналасу ерекшелігін айтады; б) бейімделіп мекен етуді;

ә) тіршілікке қолайлы ортаны; в) тұрғызылған қоныс мекені.


2. Балықтар ...тыныстайды.

а) өкпесімен; ә) торсылдағымен; б) желбезегімен; в) қанатымен.

3. Бауырымен жорғалаушылардың екінші атауы қалай аталады?

а) амфибия; ә) рептилия; б) жорғалаушы; в) деликатес.

4. Омыртқасыз жануарлар:

а) құстар, маймылдар, балықтар ; ә) көбелектер, бұландар, өрмекшілер ; б) жәндіктер, өрмекшілер, ұлулар; в) ұлулар, балықтар, өрмекшілер.

5. Сүтқоректі кемірушілер:

а) ақтиін, тышқан, атжалман; ә) піл, кәмшат, атжалман;

б) саршұнақ, суыр, морж; в) тышқан, саршұнақ, итбалық.


Ой толғаныс. Семантикалық картамен жұмыс (2 мин)

Карта әр оқушыға таратылып беріледі, жұптастар бір – бірін тексереді.

Жануарлар

Шыбын,

маса

Бүркіт,

түйеқұс

Сазан, шортан

Бақа,

жылан

Бұлан,

маймыл

Тасбақа, кесіртке

Сүтқоректілер







Бунақденелілер







Бауырымен жорғалаушылар







Қосмекенділер







Құстар







Балықтар








Пазл арқылы жануар (киік) құрастыру. «Қызыл кітап» туралы айта отырып, өткен тарауды бекіту.

- Бұл қандай жануар?

- Кім суреттеп айтып береді? Лағы қалай аталады?

- Бұл жануар түрінің азайып бара жатқаны неліктен? Неге «Қызыл кітапқа» енді?

-«Қызыл кітапқа» қандай жануарлар енген?

- Әдебиеттік оқу пәнінен осы жануар туралы қандай шығармадан білдік?

- Біз қандай тарауды аяқтап отырмыз?

- Қане, балалар, мына берілген сөзжұмбақты шешіп көрейік.

Слайд. Қызығушылықты ояту. Сөзжұмбақ шешу

1. Туған жер.

2. Қаһарман сөзімен мағыналас сөз.

  1. Ең жақсы баға.

  2. Анаңның туыстары.

  3. Оқушы отыратын бөлме.

  4. Қыздарға сіңілі дейді, ұлдарда ...




о

т

а

н

б

а

т

ы

р



б

е

с


н

а

ғ

а

ш

ы



с

ы

н

ы

п

қ

а

р

ы

н

д

а

с

- Отбасы сөзі қандай сөзге жатады? (Біріккен сөз)

- «Отбасы» атауының мәніне үңілер болсақ, от сөзінің де үлкен маңызы бар екенін сеземіз.

- Бұл сөз орысша және ағылшынша қалай аталады?

Ми шабуылы. Әр оқушы отбасы туралы өз түсінігін, пікірін айтады.

- Ендеше балалар, мына сұрақтарға жауап берейікші.

- Отбасына кімдер жатады?

Слайд. Топтастыру стратегиясы



отбасы





- Ендеше , балалар, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы:

« Отбасының берекесі».

IV. Жаңа сабақ. Кіріспе.

Бүгін біз «Адам және қоғам» деп аталатын тарауды бастаймыз. Қоғам біз өмір сүріп жатқан орта. Тарауда осы орта жайлы кеңінен танысамыз.

Отбасы – таным бесігі,

Отбасы – өркениет ошағы,

Отбасы – үлгі – өнеге бастауы.

Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя болса, «Баланың бас ұстазы – ата - ана». Ата – ана балаға отбасылық өмірдің алуан түрлі қыры мен сырын, тылсым дүние жұмбақтарын танытып, талғампаз әдептілікке баулиды. Ата – ана күнделікті өмір тіршілігінде еңбегі, адамдық бейнелері, жақсы мінез – құлқы, дұрыс қарым – қатынасы арқылы балаға үлгі.

Отбасында «Әке - асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» болып есептеледі, ата – анаға баладан жақын ешкім жоқ.

Оқулықпен жұмыс.

  1. Мұғалімнің оқып беруі.

  2. Оқушылардың кезектесіп оқуы.

  3. Сөздік жұмысы.

Неке, борыш, асар сөздеріне түсінік беру.

Слайд. Асар (салт). Суреттер. Аудиожазбадан тыңдалады.

«Ауылға асар жасататынын хабарлайды». Бір отбасының қолынан келмейтін

жұмыстарды атқаруүшін бір ауылдың адамдары «асарға» шақырылады. Мысалы, үй көтергенде, егін салғанда, шөп шабуға, тағы сол сияқты ауыр жұмыстарға шақырылады. Асарға шақырушылар еңбегі үшін ақша талап етпейді. Оның есесіне асарға шақырушы адам оларға арнаулы мал сойып, қымыз құйып, жақсы ас әзірлеп, тойғызады. Асар – қазақ елінің ұжымдық топта жұмыс істеуінің бір көрінісі.

Мағынаны ашу. Мәтінді қосымша ақпараттар арқылы толықтырып түсіндіремін.

Слайд. Елбасының жолдауы.

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауынан.

Ананы қорғау

Мемлекет үшін және менің жеке өзім үшін де ананы қорғау – ерекше мәселе.

Баланы қорғау

Балалар – қоғамымыздың ең әлсіз және қорғансыз бөлігі және олар құқықсыз болуға тиіс емес.

Біздің топырағымызда туған кез келген сәби – қазақстандық. Және мемлекет оны қамқорлығына алуға тиіс.

Бала тәрбиесі – тек ананың емес, ата-ананың екеуінің де міндеті.

Баланы білім мен еңбекке дайындау – ата-ананың борышы.

«Бар жақсылық балаларға» ұраны барлық ата-ана үшін қағидаға айналуы қажет.

Слайд . Қазақстан Республикасының Конституциясында отбасына қамқорлық туралы

27 - бабында «Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады» деп көрсетілген.

Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы заңының

24 – бабында:

« Ата – анасы баланы тәрбиелеуге , оны күтіп бағуды жүзеге асыруға, материалдық жағынан қолдап, оның әл – ауқатына қамқорлық жасауға, тұрғын үймен қамтамасыз етуге міндетті».


Слайд. Қазыбек бидің суреті. Аудиожазбадан Қазыбек бидің «Не жақын, не қымбат?» туралы айтқан ойын аудиожазбадан тыңдау.

«Тату болса – ағайын жақын,

Ақылды болса – апайың жақын,

Бауырмал болса – інің жақын,

Инабатты болса – келінің жақын.

Алтын ұяң – әйелің қымбат,

Құт – береке – атаң қымбат,

Айналайын –анаң қымбат,

Мейірімді – ағаң қымбат», - депті.

  • Қазыбек бидің сөзінен не ұқтық?

  • Айналаңдағы адамдар бір- біріне мейірімді болса, инабатты болса, бауырмал болса отбасының берекесі бірлікте болады.

Дәптермен жұмыс. Дәптерге тақырыпты жазу. Мәтіннің ішінен мақалды тауып, жазып алу.


VI. Сергіту сәті.

Слайд. 1 - тапсырма: Мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндір.

1-топ: Әдептінің белгісі – иіліп сәлем бергені.

2-топ: Балапан ұяда не көрсе,

Ұшқанда соны іледі.

3- топ: Сыйласаң, сыйлы боларсың.

4- топ: Өнер алды – бірлік,

Ырыс алды – тірлік.

Слайд. 2-тапсырма: Мақал –мәтелдер (жартысын жасыру)

1 –топ: Ана - үйдің ажары, Бала – үйдің базары.

2 –топ: Әже көрген – тон пішер,

Ата көрген – оқ жонар.

3 –топ: Әке алдында – қызмет,

Ана алдында – құрмет.

4 - топ: Ата – бәйтерек,

Бала – жапырақ.

Слайд. 3 - тапсырма:

1 –топ: Бала тәрбиесіне байланысты ұлттық салт – дәстүрлерді атаңдар.

2 – топ: «Сөйлемді жалғастыр» ойыны. Ата –ананы ренжітпеу үшін...

(- құрметте,- көмектес,- кешірімді бол, - ренжітпе,т.б.)

3-топ: «Ата –ана...» деп бастап, не үшін құрметтеуге лайық екендігін, ата-ананың өз баласы үшін жасайтын жақсылықтары жөнінде жазу.(Мысалы:

Жарық дүниеге әкелу, аялап өсіру, т.б.)

Ән: «Ана» туралы естіліп тұрады.(топтар дайындалғанша)

Слайд. 4 - тапсырма: Шығармашылық тапсырма

  1. топ: Отбасының суретін салу.

  2. топ: Отбасы туралы «5 жолды өлең» құрастыру.

  3. топ: Отбасы туралы эссе жазу.

  4. топ: Ата-анаға тілек білдіру.

Ән: «Ана» туралы естіліп тұрады.(топтар дайындалғанша

Слайд. «Қызықты математикалық ойын – есептер»

Үйде қанша кісі?

  1. Атам, әжем, ағаммен,

Әкем, інім және мен.

Анам және енесі,

Енесінің бөлесі.

Отыр еді шай ішіп,

Жеңгем кірді майысып,

Арқасында – кіші інім.

Саны қанша, айта ғой,

Үйдегі бар кісінің? (Жауабы:11кісі)

  1. Ал, санаңдар, санаңдар,

Бізде қанша адам бар?

Алдымда: атам, әжем,

Алдымда: әкем, анам.

Білмесеңдер біліңдер,

Тағы саусақ бүгіңдер.

Алдымда: әпкем, көкем,

Аман жүрсін інім,- дер,

Өзім бармын, інім бар

Кіп - кішкентай күнім бар.

Қанша болдық бәріміз? (Жауабы: 8кісі)



VIІІ. Қорытынды

Слайд. «Болжау» стратегиясы. «Егер мен ...» ойыны. Балаларға ой тастау.

«Егер мен президент болсам, ана мен балаға...»

«Егер мен әкім болсам, ана мен балаға...»

«Егер мен мектеп директоры болсам, ана мен балаға...»

«Егер мен бизнесмен болсам, балаларға...»

-Ал, 2050 жылы Қазақстан қандай ел болады деп ойлайсыңдар?

Отбасы дегеніміз өте жақын адамдар. Отбасында бәрі бірін - бірі жақсы көреді және қамқор болады.

Ата - ананы тыңдайық,

Айтқанынан шықпайық,

Ал, достарды қолдайық,

Қиын шақта қорғайық.


- Ендеше балалар «ІNSERT» жүйесі арқылы «Не үйрендік?» «Не білдік?» Сабақты бекітейік.

- Осымен сабағымызды аяқтаймыз.

- Отбасымыз аман, деніміз сау болсын!

- Балалар, сабағымызды қорытындылай келе қай топ көп ұпай жинағаның тексерейік.


ІХ. Бағалау.

- Әр топ басшылары бағалау парағы арқылы өз топтарындағы оқушыларды бағалайды.


Х. Үйге тапсырма:

1. «Отбасының берекесі» мәтінін мәнерлеп оқып, мазмұнын айту.

2. Отбасына байланысты мақал - мәтелдер, нақыл сөздер жаттау.

Мәтін бойынша сурет салып келу.








Семантикалық карта Оқушының аты:­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ ____________

Жануарлар

Шыбын,

маса

Бүркіт,

түйеқұс

Сазан, шортан

Бақа,

жылан

Бұлан,

маймыл

Тасбақа, кесіртке

Сүтқоректілер







Бунақденелілер







Бауырымен жорғалаушылар







Қосмекенділер







Құстар







Балықтар








Семантикалық карта Оқушының аты:____________


Жануарлар

Шыбын,

маса

Бүркіт,

түйеқұс

Сазан, шортан

Бақа,

жылан

Бұлан,

маймыл

Тасбақа, кесіртке

Сүтқоректілер







Бунақденелілер







Бауырымен жорғалаушылар







Қосмекенділер







Құстар







Балықтар








Семантикалық карта Оқушының аты:___________


Жануарлар

Шыбын,

маса

Бүркіт,

түйеқұс

Сазан, шортан

Бақа,

жылан

Бұлан,

маймыл

Тасбақа, кесіртке

Сүтқоректілер







Бунақденелілер







Бауырымен жорғалаушылар







Қосмекенділер







Құстар







Балықтар








Семантикалық карта Оқушының аты:___________


Жануарлар

Шыбын,

маса

Бүркіт,

түйеқұс

Сазан, шортан

Бақа,

жылан

Бұлан,

маймыл

Тасбақа, кесіртке

Сүтқоректілер







Бунақденелілер







Бауырымен жорғалаушылар







Қосмекенділер







Құстар







Балықтар















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Отбасыны? берекесіні? ма?ыздылы?ы

Автор: Калдыбаева Баян Ибишевна

Дата: 19.10.2015

Номер свидетельства: 241390


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1590 руб.
2270 руб.
1480 руб.
2110 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства