«____» _____________ 2015 ж.
А. Заттың атын білдіретін сөздерді сұрақ қою арқылы таба алады.
В. Шығарманы оқып, өз бетімен талдай алады.
С. Мәтіннің мазмұнын өмірмен байланыстыра алады.
Өтілу уақыты | Сағат саны | Тарау/сабақ тақырыбы, мақсаты | Күтілетін нәтиже | Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер | Барлық оқушыларды сабаққа тарту жұмысы, оқыту формасы | Үйрену барысын бағалау (сабақтағы формативті және тарау бойынша суммативті бағалау) | Негізгі дерексөздер, құрал-жабдықтар |
Сәуір | 1 | Сабақтың тақырыбы: Адам болам десеңіз Мақсаты: Өлеңді мәнерлеп оқи отырып, заттың атын білдіретін сөздерді ажырата алу. | А. Өлеңді мәнерлеп оқи алады және заттың атын білдіретін сөздерді таба алады. В. Өлеңді оқып, жатқа жаза алады. С. Кесте толтыру арқылы жақсы мен жаманды ажырата алады. | «Ыстық орындық» әдісімен үй тапсырмасын сұрау, Ой қозғау: А.Құнанбаев туралы бейнеролик. «Ішке, сыртқа» стратегиясы, «Жұптық әңгіме», «Топтастыру», «Тізбектей оқу», «Адам болам десе-ңіз» өлеңінің идеясын ашу (кесте толтыру), «Ойлан. Жұптас. Бөліс» әдісімен жаңа сабақты түсіндіру. «Кубизм», «Тақырыптық түйінді сөздер» әдісін пайдаланып, гүлдерді жинау арқылы бекіту «Маған үш нәрсені айт» тәсілі арқылы кері байланыс жасау. | Топтық ереже шығару, кесте толтыру, постер қорғау, өлеңдерді мәнерлеп оқу, топтастыру. Жеке, жұптық, топтық жұмыс. Дарынды, талантты балалар үшін кеңейтілген тапсырма (шығ.тап.) маршруттық карта. | «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы өзара бағалау, «Бағдаршам» әдісі арқылы өзін-өзі бағалау, табыс критерийлері арқылы бағалау, маршруттық картаны табыс критерийлері арқылы бағалау. | Оқулық Ана тілі, 1-сынып\ авторы Г.И.Уайсова, А.Е.Жұма-баева, Интербелсенді тақта, суреттер, кестелер және бағалау парағы, рефлексия парағы, бағдаршам. |
| 2 | Сабақтың тақырыбы: Батырмен кездесу. Мақсаты: Мәтінді түсініп оқып, кім? не? сұрағына жауап беретін сөздерді топтастыруды меңгерту. | А. Мәтінді түсініп, мә-нерлеп оқып, мазмұнын айта алады. В. Мәтіннен заттың атын білдіретін сөздерді таба алады. С. Заттың атын білдіретін сөздерді кім? не? сұрағымен сәйкестендіре алады. | Сандар тренингі арқылы топқа бөлу, «Джокер» әдісі бойынша үй тапсырмасын сұрау. Көрген бейнебаян бойынша екі сөйлем құрату. Жеке оқу, топтық жұмыс, жаңа тақырыпты оқып үйрену үшін жеке оқуға уақыт беру. «Өкіл» әдісі бойынша жаңа сабақты түсіндіру. «Сәйкестендіру » ойыны арқылы кім? не? сұрағына жауап беретін сөздерді сәй-кестендіру, «Кір жаятын жіп» әдісімен сабақты бекіту. «Бағалау ағашы» арқылы кері байланыс жасау. | Топқа бөлу, бейнебаян қарау, сөйлем құрау, сөйлемдерді толықтыру, сәйкестендіру. Дарынды, талантты балалар үшін кеңейтілген тапсырма (шығ,тап.) АББҚ балалар үшін тапсырма | Формативті: табыс критерийі арқылы өзін-өзі бағалау. Сенім білдіру, ынталандыру, «бағалау ағашы» әдісімен өзін-өзі бағалайды. | Оқулық Ана тілі 1-сынып авторы Г.И.Уайсова, А.Е.Жұма-баева, интербелсенді тақта, суреттер, бағалау парағы, рефлексия парағы. |
| 3 | Сабақтың тақырыбы: Кішілерге қамқор бол. Мақсаты: Өлеңді оқып, идеясын ашу және заттың атын білдіретін сөздерді орынды қолдана білу. | А. Өлеңді мә-нерлеп оқып, заттың атын білдіретін сөздерді таба алады. В. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлем құрай алады. С. Суретте берілген заттардың мекенін адаспай таба алады. | Түстер арқылы топқа бөлу, «Сұрақтар түймедағы» әдісімен үй тапсырмасын сұрау, «Коктейл таяқшасы» әдісімен жаңа сабақ, жұптық жұмыс, жеке оқу, тізбектей оқу. «Адасқан әріптер» әдісімен бекіту. «3:2:1» тәсілі арқылы кері байланыс жасау. | Жеке, жұптық жұмыс. Дарынды, талантты балалар үшін кеңейтілген тапсырма (шығ,тап.) АББҚ балалар үшін тапсырма | Формативті: табыс критерийі арқылы өзін-өзі бағалау, «Басбармақ» бағалау тәсілі арқылы өзара бағалау, сенім білдіру, ынталандыру сөздерін қолдану. «3:2:1» тәсілі арқылы кері байланыс жасау. | Оқулық Ана тілі 1-сынып авторы Г.И.Уайсова, А.Е.Жұма-баева, түсті фигуралар, «коктейл таяқшасы» |
| 4 | Сабақтың тақырыбы: Шығыс жұлдызы. Мақсаты: Мәтінді түсініп оқып, Әлияның ерлігі туралы айту және сурет бойынша кім? не? сұрағына жауап беретін сөздерді пайдаланып, әңгіме құрастыру. | А. Мәтінді түсініп оқи алады. В. Әлия ерлігі туралы әң-гімелей алады. С. Сурет бойынша әң-гіме құрып, кім? не? сұ-рағына жауап беретін сөздерді таба алады. | «Үш санының қасиеті» тренингі арқылы оқушыларды үштікке бөлу. «Жұбыңа жатқа айт» әдісі бойынша үй тапсырмасын сұрау, «Миға шабуыл» әдісі арқылы жаңа сабаққа қызығушылығын ояту, «Көршіңе әңгімелеп бер» әдісімен жаңа сабақты меңгерту, топтық жұмыс: суреттен әңгіме құрату. «Сәйкестен-діру тесті» арқылы сабақты бекіту | Жеке, жұптық жұмыс. Дарынды, талантты балалар үшін кеңейтілген тапсырма (шығ,тап.) АББҚ балалар үшін тапсырма | Табыс критерийлері арқылы бағалау, «Күн, бұлт, жаңбыр» әдісі арқылы өзін-өзі бағалау. «Сэндвич» арқылы кері байланыс | Оқулық Ана тілі 1-сынып авторы Г.И.Уайсова, А.Е.Жұма-баева, сандар, |
Мен биылғы жылы 1-сыныпты қабылдағандықтан өз тәжірибеден өту кезеңімде ана тілі пәнінен тізбектелген 4 сабақ топтамасына орта мерзімді жоспар құрдым. Ана тілі пәнінен «Заттың атын білдіретін сөздер» тарауы бойынша орта мерзімді жоспар құрғанда әлеуметтік-сындарлы оқыту идеяларын пайдаландым және 7 модульді ықпалдастыруға тырыстым. Сондықтан да әр сабағымды түрлендіріп психологиялық жаттығулардан бастауды жөн көрдім. Ең бастысы сабақтарда баланың жүрегіне жол тауып, олардың жаңа тақырыпты өздіктерінен меңгерулеріне жағдай жасауға тырыстым. Жалпы тарау бойынша қойған мақсатым мен күтілетін нәтиже оқушыларымның деңгейлеріне қарай жазылды. Блумның таксономиясының білу, түсіну деңгейінен, талдау, бағалау деңгейіне дейін қамтуды қарастырдым десем болады.
Мұғалім негізінен сабақты ұйымдастырушы, бағыт беруші, нұсқаушы болуы керек. Осы бағытта 1 класс болғандықтан көбіне «Жеке жұмыс», «Жұптық әңгіме», «Топтастыру», «Тізбектей оқу», «Ойлан. Бірік. Бөліс», «Жұбыңа жатқа айт», «Сұрақ-жауап», «Тақырыптық түйінді сөздер», «Сөйлемді толықтыр», «Сөзден сөйлем құра», «Кір жаятын жіп» әдістері мен жоғарғы/төменгі деңгейлі сұрақтар пайдаланып, балалардың өздігінен оқуын көздедім және алғашқы үш сабағымда жеке, жұптық жұмыстар болса, төртінші сабақта топтық жұмысты ұйымдастыруды жөн көрдім. Балалардың сыни тұрғыдан ойлауына, өз ойын толық жеткізуге мүмкіндік беру үшін визуалды әдістерді қолдандым. Оқушылардың қызығушылығын ояту үшін АКТ мүмкіндіктерін пайдалануды жоспарладым. Оқушы9ларым кішкентай болса да әр сабақта бағалау критерийін анықтап, оқушыларды нақты критерий бойынша жұмыстана білуге үйретуді мақсат еттім. Болашақта осы әдіс-тәсілдерімді көбейтіп, одан әрі жетілдіріп шәкірттерімді қанаттандыру үшін жұмыстанамын деген ойдамын.