Просмотр содержимого документа
«?? дыбысы 1 сынып»
Сабақтың тақырыбы: Әлібек, бұл - ө дыбысы
Сабақтың мақсаттары:
«ө» дыбысын дұрыс айтуға үйрету, айтылу ерекшелігін көрсете отырып, жаттықтырып, мұғалімнің сұрағына зейін қойып, жауап беруге , бұрын үйренген сөздерді қоса отырып сөйлем құрастыруға үйрету. Оқушылардың сөздік қорын молайтып , әңгімелесу дағдысын жетілдіру.
Оқыту әдістері: сұрақ-жауап, аударма,түсіндіру, жаттығу, тыңдап түсіну.
Сабақтың барысы:
І .Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу , түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ.Жаңа сабақ.
Балалар, мына суреттерге қарайықшы не артық екен?
/№1 сурет не артық? Қалған нәрселердегі әріптердің қандай ұқсастығы бар екенін табу /
КӨЙЛЕК
ГҮЛ
СӨМКЕ
КӨК
-Дұрыс, ал енді «ө» әріпі бар сөздерді жазып алайық, аудармасымен бірге
Сонымен балалар бүгін біз сендермен қандай әріп түрін өтеміз?
«Ө» әріпі. Жақсы. /тақтаға Өө әріп элементтерін жазып қою/
Ал енді, 35 беттегі ережені оқып шығамыз. /ережені мен оқимын, балалар оқиды, мысал келтіреміз/.
VІ. Оқулықпен жұмыс.
Оқулықтағы №1 тапсырма, 35 бет. /сөздерді оқып, балалар қайталайды. Сызба арқылы сөз тіркестерін құрастыру. Жуан немесе жіңішке сөз екенін ажырату/.
Мысалы:
Умный 5
Өмірбек ученик Өзен теплое
Мальчик чистое
Сергіту сәті.
Қолды белге қояйық,
Басты оңға бұрайық
Басты солға бұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Бір отырып, бір тұрып,
Біз демалып қалайық.
№ 5 тапсырма, 36 беттегі мәтінмен жұмыс. Мәтінді оқып, балалар тыңдайды. Таныс емес сөздермен аударма жұмысын өткізу.Кейін әр оқушы 1 сөйлемді оқып аударып көру.
Менің атым –Өмірбек. Мен жеті жастамын. Менің достарым бар. Олар: Боря, Ілияс,Үміт. Біз 1-ші сыныпта оқимыз.
Жаңа сөздермен жұмыс:
Жас – лет
Бар – есть
Олар – они
Оқимыз – учимся
V.Үй тапсырмасы:
Оқулықтағы №4 тапсырманы мәнерлеп оқып, қазақ тіліне тән дыбыстарды айту, аудару.