Просмотр содержимого документа
««?нер – білім» сайысы »
Гүлнар Нұғматқызы Кутинова
«№ 19 ЖОББМ» КММ
бастауыш сынып мұғалімі
Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы
Тәрбие сағаты 3 сынып
Тақырыбы: «Өнер – білім» сайысы
Мақсаты: оқушыларды әдептілікке, көпшілік алдында еркін сөйлеуге, өз білімін көрсетуге, халықтық салт-дәстүрді аялай, ардақтай білуге тәрбиелеу. Ұлағатты, ғибрат аларлық сөздерді оқушыларға ұғындыру.
Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакаттар, слайд.
Сабақтың барысы:
І. Кіріспе сөз
Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгін сіздер «Өнер - білім» сайысын көріп тамашалайсыздар. Ендеше балалар, тәрбие сағатында білгендерімізді ортаға саламыз. Білмейтіндеріңді үйрене аласыздар. Сайыс жарыс түрінде өтеді. 2 командаға бөлінеді.
Мынандай бөлімдерден тұрады:
Сәлемдесу түрлері;
Өзін-өзі таныстыру;
Өлеңді мәнерлеп айту;
Ырым-тыйымдар;
Мақал-мәтелдер айту;
Өз өнерін көрсету.
«Сәлем» - әдептіліктің белгісі. Сәлемдесу – кездескен адамдардың бір-бірінің амандығын біліп, қуанышқа бөленуі. Сәлемдескенде, сәлем бергенде әркім дауыстың дабырламауына, үнінің үйлесімділігіне, яғни дауыс ырғағына ерекше көңіл аударып, қоңыр дауыспен, сыйласымдылық үнмен, аптықпай, салмақпен, әдеппен сөйлеу керек. Сәлемдесу, сәлем беру, сәлем қылу сияқты көптеген түрлері бар. Ендеше, балалар біз бірінші сәлемдесуден бастайық. Сендер қалай сәлем береді екенсіңдер.
І. Сәлемдесу түрлері:
сәлеметсіз бе?!
аман-есенсіз бе?
бала-шаға, мал жаныңыз аман ба?
аман саусыз ба?
ассалаумағалейкүм!
үй ішіңіз аман ба?
қайырлы күн!
оң алақанын жүрігінің үстіне қойып, басын изейді.
ІІ. Өзін-өзі таныстыру
Мен... Оқуда да, еңбекте ... атты мен қызға,
Болып жүрмін тек озат. емеспін мен тым ерке.
Менің атым ... Менің атым ....
Мектебімде сүйікті Бәрі жақсы көретін
оқып жүрмін төрт пен беске. Мен бір жүрген ерке.
Менің атым ... Менің атым ...
Мұғалім көңіл бөлетін Жалқаулықты сүймеймін
Анам не айтсам да көнетін. Ән айтамын, би билеймін.