Сайысты? ма?саты : О?ушыларды? ?з ?лтына, ?з еліне, ?з тарихына деген с?йіспеншіліктерін ояту, ана тілімізді? ?адір-?асиетін дарыту, ?аза? тілі мен ?дебиетінен ал?ан білімдерін орта?а салу,о?ушыларды тез ойланып, жауаптарын тияна?ты, ж?йелі айту?а, топ алдында еркін с?йлеуге баулу.
Сайысты? айдары : О?у, білім – жан?ан шыра? ойласа?,
?иыннан ?иыстырар ер данасы - ,деп сайысымызды? келесі кезе?інде сайыскерлер берілген та?ырыпты? т??ірегінде бір шума? ?ле? шы?аруы тиіс. Берілген та?ырыптар:дос,ана,ту?ан жер,наурыз,к?ктем,тіл жайлы.
Просмотр содержимого документа
««Асыл с?з - асыл ?азына» ?нер-білім сайысы »
«Асыл сөз - асыл қазына» өнер-білім сайысы
Сайыстың мақсаты : Оқушылардың өз ұлтына, өз еліне, өз тарихына деген сүйіспеншіліктерін ояту, ана тіліміздің қадір-қасиетін дарыту, қазақ тілі мен әдебиетінен алған білімдерін ортаға салу,оқушыларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты, жүйелі айтуға, топ алдында еркін сөйлеуге баулу.
Сайыстың айдары : Оқу, білім – жанған шырақ ойласақ,
Жүргізуші: «Сәлем сөздің анасы,сәлем берер әр қазақтың баласы» демекші, армысыздар «Асыл сөзді ардақтап,аталы сөзді батадай көрген», құрметті қауым!
Жүргізуші: Ал,енді менің ойымша, көп күттірмей, бүгінгі отырған көпшілікке жиналған себебімізді айтып өтейік.
Жүргізуші: Иә,келісемін, айтсақ айтайық.
Жүргізуші: Олай болса ,құлақ түре отырыңыздар.Бүгінгі жиналған себебіміз 9- сыныптар арасында «Асыл сөз-асыл қазына»атты өнер-білім сайысы болатынын мәлімдейміз.
Жүргізуші : Олай болса,дүбірлі додаға ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР !!!
Жүргізуші : Өнерге биік өсіңіз,
Думанға қызық келіңіз.
Әділқазы ел сенген,
Өнерге баға беріңіз,- дей отыра, бүгінгі сайысымызды саралап,таразылап,әділ бағасын беретін әділқазы мүшелерімен таныс болыңыздар!
1.____________________________________________
2.____________________________________________
3.____________________________________________
Жүргізуші : Әділқазылармен таныс болдыңыздар,олай болса. «Қане,бір-бірімізді қостаймыз, Жарысымызды бастаймыз»!
Жүргізуші : І кезең: Әр топ өздерін таныстыру.
Жүргізуші : ІІ кезең: Поэзия минуты.
Жүргізуші : ІІІ кезең: Үй тапсырмасы:әр топтың өнері.
Жүргізуші : IV кезең: Мақал-сөздің мәйегі.
Жүргізуші : V кезең: Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Жүргізуші : V І кезең:Тапқыр болсаң,тауып көр.
Жүргізуші : V І І кезең: Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
Жүргізуші : V І І І кезең: Экранда көрсетілген ұпайдың біреуін таңдап,жауап беру.
Жүргізуші : Бүгінгі сайыскерлерімізге өз тобын таныстыруға кезек берелік.
Жүргізуші : Қанекей,жеребе тастайық.
Жүргізуші : «Білімдіден шыққан сөз,Талаптыға болсын кез».
Жүргізуші : Қателеспесем,бұл дана Абайдың өлеңінен үзінді емес пе?
Жүргізуші : Иә,дәл таптың.
Жүргізуші : Ендігі кезек Поэзия минутында.
Жүргізуші: Ендеше сөз кезегі................................
Жүргізуші:Иә,көңілге қонымды,жүрекке жылы тиетін өлең шумақтары екен.
Жүргізуші :Тіпті,менің де 1шумақ өлең айтуға шабытым оянып тұр.
Жүргізуші : Құлағымыз сенде,Қанағат.
Жүргізуші : Болмасын кекшіл,
_______________
_______________
_______________
_______________
_______________
Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
Жүргізуші : Соңғы тармағы мақал-мәтел емес пе?
Жүргізуші : Өзің бір данышпан екенсің.
Жүргізуші : Рахмет,Қанағат.Келесі айналым үй тапсырмасы. Әр топтың өнерін тамашалайық.
Жүргізуші : Келесі айналым «Мақал-сөздің мәйегі»
Жүргізуші : Мен шартымен таныстырайын.Алдарыңызда берілген қағаздағы мақал-мәтелдерді толықтырыңыздар.
1-конверт: 1)Ерінбеген елекпен су ішеді;
2)Аққу айдынын аңсайды,
Адам атамекенін аңсайды.
3)Атпаз көрген ат таныр,
Ұстаз көрген хат таныр.
4)Өнерлі адам ешкімге жалынбайды.
5)Кетпен шауып өлгем жоқ,
Кемтаршылық көргем жоқ.
2- конверт:1)Халық-қазы,еңбек-таразы.
2)Достыққа бірлік пен теңдік керек.
3)Ер жігіттің аты жақсы болса бір бақыт,
4)Дау мен жау-ерге сын,
Көшіп-қонбақ-елге сын.
5)Елің сені елесе,еңбегіңнің жанғаны,
Елің сені шенесе-көз қырына алғаны.
3- конверт:1) Алтын-әзәзіл аздырар,
Адал еңбек бойыңды жаздырар.
2)Оқып үйрен,ғалым бол,
Ең керегі-адам бол.
3)Өмір ойыншықтай арзан емес,
Жаққанын сатып алатын.
4)Қатты ағашта шайыр жоқ,
Қатты адамда қайыр жоқ.
5)Көн қатса қалпына барады,
Көпке түскен іс анығына барады.
Жүргізуші : Келесі кезек сайыскерлерде!
Жүргізуші : Мінекей ,біраз мақал-мәтелдерді естіп, біраз ғибрат алған сияқтымыз.Олай болса,келесі кезеңге көшейік!
Жүргізуші : Өлең- сөздің патшасы,сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы - ,деп сайысымыздың келесі кезеңінде сайыскерлер берілген тақырыптың төңірегінде бір шумақ өлең шығаруы тиіс. Берілген тақырыптар:дос,ана,туған жер,наурыз,көктем,тіл жайлы.
Жүргізуші : Жарайсыңдар, сайыскерлер!Өнерлерің өрге жүзсін,- демекпіз.
Жүргізуші : Ендігі кезең «Тапқыр болсаң, тауып көр».
Жүргізуші : Әр топтан 3 оқушы шығып,әріптерді таңдап,сұрақтарға сол әріптерден басталатын сөзбен жауап айтуы тиіс.
Жүргізуші : Бастайық!
Жүргізуші : Енді,келесі айналымға көшейік. «Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте».Бұл айналымда топ басшылары шығып,берілген сөзді бірнеше тілге аударуы тиіс.
Жүргізуші : Ал енді оқушыларымыздың білім деңгейінің тереңдігін тексеріп көрсек,қалай қарайсың, Айдана?
Жүргізуші : Табылған ақыл.
Жүргізуші : Сонымен,сайысымыздың соңғы кезеңі «Ұяшықтардан сұрақ таңдап,жауап беру».Олай болса,шартымен таныстырып өтейік.
Жүргізуші : Экранда көрсетілген ұяшықтардың біреуін таңдап,жауап беру. Бұл сайысымызға берілген уақыт 1минут.
Жүргізуші : «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар»-дей отыра, бүгінгі сайысымыз да өз мәресіне жетті.