kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?неге отбасынан басталады.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты?  та?ырыбы : ?неге отбасынан басталады.

Ма?саты: Балаларды? отбасы туралы т?сініктерін ке?ейту, ?з отбасы туралы сурет бойынша ??гімелеп беру, отбасы м?шелері туралы та?па?тар, ма?ал-м?телдерді жат?а айтып ?ана ?оймай, оларды? ма?ынасын т?сіндіре білу, «?зін-?зі тану» п?ні элементтерін саба??а тиімді пайдаланып балалар?а рухани-адамгершілік т?рбие беру, логикалы? с?ра?тар?а жауап беруге ?йрету.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?неге отбасынан басталады. »


Сабақтың тақырыбы : Өнеге отбасынан басталады.

Мақсаты: Балалардың отбасы туралы түсініктерін кеңейту, өз отбасы туралы сурет бойынша әңгімелеп беру, отбасы мүшелері туралы тақпақтар, мақал-мәтелдерді жатқа айтып қана қоймай, олардың мағынасын түсіндіре білу, «өзін-өзі тану» пәні элементтерін сабаққа тиімді пайдаланып балаларға рухани-адамгершілік тәрбие беру, логикалық сұрақтарға жауап беруге үйрету.

Көрнекіліктері: Отбасылық газеттер, суреттер, отбасы мүшелерінің суреттері.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

Балалар орындарынан тұрып амандасады.



Отбасы



Әке Ана Бала

  • Әке, ана, бала оларды бір сөзбен қалай атаймыз?

  • Отбасы (балалар хормен)

  • Дұрыс. Бүгін, балалар, біз отбасы туралы айтамыз. Балалар сендер өз отбасыларыңыздың суретін алып келдіңдер. Енді өз отбасыларыңызбен бізді таныстырыңдар. (Балалар шығып сурет бойынша өз отбасымен таныстырады.)

ІІ. Тақпақтар

1-оқушы: Мынау менің әжем.

2-Жүргізуші: Әжең туралы тақпақ білесің бе? Айтып берші.

1-оқушы: Менің әжем ер әжем,

Мінезі өте жайлы әжем,

Тірек болып жүр әжем.

2-Жүргізуші: Әжең қандай адам?

1-оқушы: Әжем тамаша адам. Мен оны жақсы көремін.

(Проектордан 2-оқушының анасының суреті көрсетіліді.)

1-Жүргізуші: балалар бұл кісі кім?

2-оқушы: Мынау менің анам. Анамның аты Сәуле.

1-Жүргізуші: Анаң туралы тақпақ білесің бе? Айтып берші.

2-оқушы: Айтсаң болды, тіл алам,

Сені көрсем қуанам.

Саған қандай жақсылық,

Жасай алам, мен, анам.

1-Жүргізуші: Анаң қандай адам? Сен оны жақсы көресің бе?

2-оқушы: Анам керемет адам. Мен анамды жақсы көремін.

2-Жүргізуші: Ана туралы тағы кім тақпақ біледі?

3-оқушы: Ана десем, сезім билер тым ыстық,

Жарасымды адамдарға туыстық,

Бар адамға берсе ананың мейірін,

Орнар еді бар әлемде тыныштық.

ІІІ. Мақалдар

2-Жүргізуші: Балалар, отбасы мүшелері туралы мақалдар білесіңдер ме?

4-оқушы: Ата анаң бар болсын,

Бала кезде жар болсын.

5-оқушы: Әке – бәйтерек, бала – жапырақ.

6-оқушы: Әке көрген оқ жонар, шеше көргкен тон пішер.

7-оқушы: Атаның баласы болма, адамның баласы бол.

8-оқушы: Балапан ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі.

1-Жүргізуші: Иә, балалар, өте дұрыс айтасыңдар. Ал, аға туралы кім мақал айтады?

9-оқушы: Ағасы бардың жағасы бар.

2-Жүргізуші: Кімнің ағасы бар? Есімі кім?

10-оқушы: Менің ағам бар, аты Данияр.

1-Жүргізуші: Сен ағаңа кім боласың? Дұрыс, іні боласың, іні туралы мақал білесің бе?

11-оқушы: Інісі бардың тынысы бар.

1-Жүргізуші: Күлдіргі жұмбақ

  1. Кім барлық тілде сөйлейді? (Жаңғырық)

  2. Тышқан аулағышты бес әріппен қалай жазуға болады? (Мысық)

  3. Дүниедегі ең шапшаң нәрсе? (Ой-қиял)

  4. Егер түнгі сағат 12-де жаңбыр жауса, мұнан соң 24 сағаттан кейін күн ашылып шуақ түсе ме? (Жоқ,бұл түн мезгілі)

  5. Қай кезде аспан жерден төмен тұрады? (Аспан суреті судан көрінген кезде)

  6. Қандай бөшкеге су құюға болмайды? (Іші толы бөшкеге)

ІV.Сергіту сәті:

Бір үйде біз нешеуміз?

Кел санайық бәріміз

Бас бармағым – атам

Балаң үйрек – әжем

Ортан терек – әкем.

Шылдыр шүмек – анам.

Кішкентай бөбек – мен

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз.

Балаларға сурет бойынша жағдаяттық сұрақ қою. Олар өз ойларын айтады. Құпия хаттарға жауап беру.

1-Жүргізуші: Құрметті балалар, сендерден көмек сұрап бізге балалардан хаттар келіпті. Біз оларды ашып оқимыз, ал сендер сол балаларға кеңес беріп көмектесіңдер.

1-хат. Құрметті достар!

Менің көршімнің бір баласы бар. Өзі өтірікші, көзбе-көз өтірік айтады. Менімен күнде ойнағысы келеді. Мен онымен дос болып бірге ойнайын ба?

2-хат. Құрметті достар!

Мені бір досым бар. Өзі мақтаншақ, ойнап жүргенде үй- ішін айтып, нәрселерін, қылығын айтып мақтанады. Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба?

3-хат. Құрметті достар!

Партада менімен бірге бір бала отырады. Ойнап-ойнап, тапсырмасын орындамай, жазбай келеді. Мұғалім сұрағанда қысылады. Тапсырманы менің дәптерімнен көшіріп алады. Мен бермесем «сен сараңсың» дейді. Мен не істеуім керек?

(Балалармен ой бөлісеміз)

2-Жүргізуші: «Бала бойындағы қасиеттер» деген схеманы толтырайық. Жақсы бала қандай болу керек?

Адамгершілік





Қарапайымдылық

Шыншылдық







Бала бойындағы қасиеттер





Адалдық

Сыпайылық





Ізеттілік





V. Ойын «Кім үлкен?»

Шарты: отбасында ең үлкен адам кім? – деген сұраққа балалар суреттерді көрсете отырып жауап берулері керек.

Ең үлкен адам – атам, одан кейін – әжем, одан кейін – әкем, одан кейін – анам. Үлкен балалар – ағам, әпкем, кішкентай балалар – інім, сіңлім, қарындасым.

«Сенің анаң қандай адам?» - сұрақ –жауап ойыны

-Сенің анаң қандай адам?

-Менің анам жақсы адам. Мен анамды жақсы көремін.

1-Жүргізуші: Ата-аналармен үнемі байланыста болып, түрлі шараларға қатыстыру арқылы балал тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін сезіндіру баланың бос уақытын тиімді пайдалануына, бала тәрбиесіне педагог ата-ана ретінде қарауына көп әсері болады.

  1. Баланы жауаптың астына алмай тыңдауға тырысу.

  2. Баланың дауыс ырғағы мен екпініне бейімделу.

  3. Баланы мазаландырған мәселелерде досындай отырып тыңдау, әңгімелесу.

  4. Жол сілтеу.

  5. Бала өзі дұрыс шешім қабылдай алатынына сенім қалыптастыру. Еркіндік сезінетін қажеттілік

  6. Үнемі баланың көңіл күйін сұрап отыру.

Қиындықтардың пайда болу себептері.

Ата-аналар өз ойларын білдіреді. Жағдаяттық сұрақтар беріледі.

V. Қорытынды

Жүректен-жүрекке:

Балалар бір-біріне жүректің макетін жалғастырып, отбасына деген өз сүйіспеншілігін айтады.

«мен отбасымды жақсы көремін»

2-Жүргізуші: Отбасы – адамзат бесігін тербеткен балалның бас ұстазы. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар.

1-Жүргізуші: Әкең – қазақ, шешең – қазақ, қарағым

Сен де ұлысың мынау дархан даланың.

Әр халықта ұлттық намыс деген бар,

Оны биік қасиет деп санағын, - дей отырып кезекті «Өнеге отбасынан басталады» атты тәрбие сағатымызды тәмамдаймыз.









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
?неге отбасынан басталады.

Автор: Жантаева Гулшаш Сабигатовна

Дата: 16.02.2015

Номер свидетельства: 174384

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) "Ашық сабақ "Өнеге - отбасынан басталады""
    ["seo_title"] => string(40) "ashyk_sabak_onieghie_otbasynan_bastalady"
    ["file_id"] => string(6) "392796"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1487310428"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) ""Т?рбие отбасынан басталады" кеш"
    ["seo_title"] => string(29) "trbiieotbasynanbastaladykiesh"
    ["file_id"] => string(6) "299845"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1456598703"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(169) "Разработка внеклассного занятия по самопознании на тему: "Отан-отбасынан басталады" (3 класс)"
    ["seo_title"] => string(80) "razrabotka_vnieklassnogho_zaniatiia_po_samopoznanii_na_tiemu_otan_otbasynan_bast"
    ["file_id"] => string(6) "385460"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1485764520"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "Баяндама" Отан отбасынан басталады""
    ["seo_title"] => string(34) "baiandama_otan_otbasynan_bastalady"
    ["file_id"] => string(6) "457331"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1518603249"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Адам ?мірі - отбасынан басталады "
    ["seo_title"] => string(30) "adam-omiri-otbasynan-bastalady"
    ["file_id"] => string(6) "181323"
    ["category_seo"] => string(16) "obschestvoznanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425318198"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства