kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Разработка внеклассного занятия по самопознании на тему: "Отан-отбасынан басталады" (3 класс)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: Отан-отбасынан басталады.

Мақсаты: Балалардың бойына отбасына деген сүйіспеншілікті ұялата отырып, ата-ана мен бала арасындағы сыйластықты, тәрбиенің алғашқы алтын қазығы өз туған ұясы екенін жете түсіндіру.

Балаларды ынтымақ пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, нақыл сөздер, шарлар, гүлдер.

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

1.Кіріспе сөз.

ІІ. Негізгі бөлім:

1.Мақал – мәтелді жалғастыр.

2. «Ата-ана  алдында парыз.» Бейнефильм

3.Отбасы туралы тақпақтар.

4. Сан сұраққа – бір жауап.Сұраққа жауап беру.(ата-аналарға)

5."Отбасым-бақытым" жанды газет.

6.Қорытынды.

Кіріспе сөз.

     Мұғалім:    Бүгін біз «Отан –отбасынан басталады» тақырыбындағы сыныптан  тыс жұмыста Бала тәрбиесі, оның жан-жақты дамуы бағытында өз ойымызды ортаға  салмақпыз. Отбасы-мемлекеттің негізгі буыны.Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына дегенсүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалы мен қалыптасады.«Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен,тәрбие бесігі отбасынан бастау алады.Отбасының екі тірегі-әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу-біздің борышымыз

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Разработка внеклассного занятия по самопознании на тему: "Отан-отбасынан басталады" (3 класс)»



Бекітілді:

Күні: 8.02.2016 ж

Тақырыбы: Отан-отбасынан басталады.

Мақсаты: Балалардың бойына отбасына деген сүйіспеншілікті ұялата отырып, ата-ана мен бала арасындағы сыйластықты, тәрбиенің алғашқы алтын қазығы өз туған ұясы екенін жете түсіндіру.

Балаларды ынтымақ пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, нақыл сөздер, шарлар, гүлдер.

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

1.Кіріспе сөз.

ІІ. Негізгі бөлім:

1.Мақал – мәтелді жалғастыр.

2. «Ата-ана алдында парыз.» Бейнефильм

3.Отбасы туралы тақпақтар.

4. Сан сұраққа – бір жауап.Сұраққа жауап беру.(ата-аналарға)

5."Отбасым-бақытым" жанды газет.

6.Қорытынды .

Кіріспе сөз.

Мұғалім: Бүгін біз «Отан –отбасынан басталады» тақырыбындағы сыныптан тыс жұмыста Бала тәрбиесі, оның жан-жақты дамуы бағытында өз ойымызды ортаға салмақпыз. Отбасы-мемлекеттің негізгі буыны.Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына дегенсүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалы мен қалыптасады.«Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен,тәрбие бесігі отбасынан бастау алады.Отбасының екі тірегі-әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу-біздің борышымыз



1- жүргізуші: Армысыздар, қонақтар! Бүгінгі«Отан отбасынан басталады» дейді қазақ халқымыз. Елдің, ұлттың, жалпы адамзаттың болашағы, даму деңгейі осы отбасынан басталады.

2- жүргізуші:Қазақ қоғамында отбасы — өмірдің тұтқасы, оттың маңайынан таратқан жан балқытар жылуы. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Баланың жан-жақты тәрбиелі болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасы ата-ана мен баланың, келін мен ененің және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым-қатынасынан құрылады. Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек.



2- жүргізуші:

Бұрынғының қарттары дана болған.

Қартты сыйлар жастарда сана болған.

Ата – анадан үлгі алып, жастар да,

Болашағын қорғайтын адам болған.

1-жүргізуші:

Расында да, атамыз қазақ «Бала – адамның бауыр еті», «Балалы үй — базар» дейді. Өйткені бала – өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан – жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты.







Мақал – мәтелді жалғастыр.



1.Әдепті бала ата – анасын мақтатар,…

( әдепсіз бала ата –анасын қақсатар).



2.Ана сүтін ақтамағанды ,…

( ешкім мақтамайды)



3.Әке тұрып ұл сөйлегеннен без,…

(шеше тұрып қыз сөйлегеннен без)

4.Қарағайға қарап тал өсер,…

(қатарына қарап бала өсер)



5.Үйінде ұл – қыз бардың,…

(көгінде сөнбес жұлдыз бар)

6.Атаңа не қылсаң ,…

(алдыңа сол келер)



7.Ұяда не көрсең ,…

(ұшқанда соны іленсің)



8.Әдепті бала — арлы бала,…

(әдепсіз бала – сорлы бала)

2-жүргізуші:

2. «Ата-ана алдында парыз.» Бейнефильм

Отбасы туралы тақпақтар:

1-оқушы:

Құт береке атаң қымбат,

Мейірімді әжең қымбат,

Асқар тауың әкең қымбат,

Аймалайтын анаң қымбат.

2-оқушы:

Анаң деген ақылшың,

Анаң барда батырсың.

Ұясында кім болса да,

Тек анаңа жақынсың.



Ән: «Асыл әжем»

3-оқушы:

Ыстық – ау кім – кімге де әке деген,

Суыққа шалындырмай мәпелеген.

Өмірдің соқтығымен өрге тартып,

Алдымен адам бол деп жетелеген.

Тағдырдың кеуде тосып жартасына,

Біз үшін түскен майдан ортасына,

Алаңсыз салып сайран шалқып жүрміз

Біз бүгін әкелердің арқасында.

4-оқушы:

Қуанып жан жүрегі қақ жарылды,

Қасірет басындағы қалды арылып.

Ұл – қыз көріп дүбірлі той жасайды,

Атқан соң маңдайынан таң жарылып

Ән: «Әкетайым» орындайтын Фариза

Текті білу ұрпаққа, біздерге сын,

Құрметтеп ата-баба, салт-дәстүрін

Тыңдайық кезекпенен жанұяны

Құлшынып ортамызға келген бүгін.

2-оқушы

О, ата-анам,

Таянышым, тірегім!

Бар бақытты бір басыңа тіледім

Бізді жақсы болса екен деп қашанда.

Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің!

"Келіншек күйі" орындайтын Қоғанатов Ардақ







2-жүргізуші:

Отбасы - адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.



1-жүргізуші:

Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата - ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. «Ел болам десең, бесігіңді түзе»,- деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр емес пе?





Сан сұраққа – бір жауап.Сұраққа жауап беру.(ата-аналарға)

1.Бала тәрбиелеуде отбасының рөлі қандай деп ойлайсыз?

2. Балаңыздың жан-жақты өсу үшін не істеу керек деп ойлайсыз?

3.Баланы сенің қолыңнан келмейді, кедергі жасама, теледидар көр, демал деп шеттететін ата- аналарға не айтар едіңіз?



"Балырауын күйі" орындайтын Қоғанатов Ардақ

"Отбасым-бақытым" жанды газет.

Балалардың өздері жазып келген шығармасын оқып жібереді.



1-жүргізуші:Тәрбие — отбасынан басталады, сондықтан болашақ ел ертеңі жас ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен жанұяда, ата-ананың ықпалымен қалыптасады. Отбасындағы әрбір адамның туыстық қатынасқа байланысты міндеттері, парыздары бар. Отбасының, жанұяның екі тірегі- әлпештеген әке мен аялаған ана.



2-жүргізуші:

Қорытындылай келгенде, отбасының қоғам мен мемлекет тіпті күллі адамзат алдындағы атқаратын қажеті сан қырлы. «Отан отбасынан басталады» десек, адам тәрбиесі – Отанды сүю, өмірге құштарлық, сұлулықты тану бала кезден жанұяда басталатыны баршаға аян.«Дәстүрге арқа сүйемегеннің көсегесі көгермейді» деген атамыз. Жанұя- адам баласының өсіп өнер, қаз тұрар, қанат жаяр алтын бесігі. Өз жанұяларыңды құрметтеп, сыйлаңдар.



Мұғалім:

Халқымыздың аяулы ұлы, зиялы азаматы Бауыржан Момышұлы кезінде «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлеген, бесігі жоқ елден қорқам. Дәмді, дәстүрді сыйламайтын баладан қорқам » деген екен. Ендеше, бүгін біздің қорқынышымыз жоқ. Алдымызда өнегелі, үлгілі, өнерпаз отбасылары бар екндігімізге көзіміз жетіп отыр. Бала тәрбиесі баршамызға ортақ өміріміздегі ең маңызды іс болғандықтан бірлесе тәрбиелейік! – деп кешімізді аяқтаймыз.

.


















Қармақшы аудандық оқу бөлімі №275 орта мектебі

каммуналдық мемлекеттік мекемесі











Сыныптан тыс жұмыс

« Отан –отбасынан басталады.»









3 «Ә» сыныбы

Өзін-өзі тану пән мұғалімі: Таубаева.А.А













2015-2016 оқу жылы








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Таубаева Алпеш Амитовна

Дата: 30.01.2017

Номер свидетельства: 385460


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства