Тақырыбы: «Ойыншықтарға жан бітеді» | Мектеп: Шаған ЖОББМ |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Танатаров Н.Т. |
Сынып: 2 | Қатысқан оқушылардың саны: | қатыспағандар: |
Оқыту мақсаты: | 2.2.3.1. Әр түрлі тәсілдер мен материалдарды және компоненттерді өлшеу, белгілеу, қию, пішінін келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру 2.3.3.1. Шығармашылық жұмыстарын түсіндіру және оны жақсарту бойынша ұсыныстар беру |
Сабақтың мақсаттары: | Саусаққа киетін кукла дайындау, қию, белгілеу, қосып біріктіру, жинақтау, кукланы жасау жолдарын түсіндіру |
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар: Негізгі сөздер мен фразалар: мата, қолғап, пішін, шаблон,элемент, белгілеу, бастыру, қию, біріктіру Көптілділік сәті: Диалог/жазу үшін пайдалы лексика және терминология: Талқылауға арналған сұрақтар: Ойыншық кукладан қандай материалды көруге болады? Олар қалай біріктірілген? Сенің ойыншығың қалай қозғалад? Диалог/жазу үшін пайдалы сұрақтар: Айталық, мынадай сұрақтарды қолдануға болады: Сен неге осылай ойлайсың? Неге мұндай шешім қабылдадың? Сен қалай ойлайсың? Сен нені қолданасың? Неліктен? Себебін айта аласыңдар ма? Сен ... осы материалды қолдандым деп ойлаймысың? Сеніңше ... олар осылай қозғалады ма? |
Алдыңғы білім | Оқушылар ойыншық түрлерімен танысты, өзінің сүйікті ойыншығының суретін салды |
Пәнаралық байланыстар | Еңбекке баулу, дизайн |
Ресурстар | Қатырма қағаз, жіптер, инелер, оймақ,желім, т.б. |
Сабақтың барысы |
Сабақтың кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет |
Амандасу. 2 мин. Тірек білімді өзектендіру. 3–8 мин. Сабақтың тақырыбын түсіндіру. 9–15 мин. | 1.Өткен сабақта жасаған ойыншықтарына шағын талдау жасау. Оқушылар тірек сөздерді қолдана отырып, өз пікірлерін айтады. Сабақтың нақты мақсатын қоя отырып сабақ тақырыбына өту. оқушыларға бүгін сабақта қағаз материалдарымен жұмыс жасайтындары айтылады. Бүгінгі сабақта саусақ басына кигізілетін куклалар жасайтындығы айтылады. Бұл сабақтың мақсаты оқушылардың шығармашылық дағдыларын дамыту 2.Саусаққа киетін ойыншықтарды жасау туралы бейнекөрініс көру. Саусақ кукланың жасалу жолдарын қарау. Ең бірінші қатты қағаздан кукланың басының суретін саламыз. Бұл – ең бастысы. Басы қандай болса кукла сондай болады. Келесі басқа мойынды қосамыз: бас + мойын пайдаболады. Бас пен мойынды ұқыпты қиып аламыз. Келесі үшінші кезеңде саусаққа кигізілетін бөлігі жасалады. Қағаздың бір бөлігін орау арқылы /кулек/ пішін жасаймыз оны желіммен немесе скочпен біріктіреміз. Бұл дайындаған денеде мойынға және саусаққа арналған тесіктер қалады. Үлкені саусаққа, кішісі – кукланың мойынына. Бұл дайындамаға кукланың мойыны кигізіледі және екінші жағы саусаққа кигізіледі. Бұл саусаққа кигізілетін кукламыз дайын. |
Тәжірибелік бөлім. 16–22 мин. Практикалық бөлім. 27–35 мин. | Осы нобайларды көре отырып өздіктерінен саусақ – кукла жасау. Оқушылар өздіктерінен қайшымен жұмыс жасау барысында қандай қауіпсіздік ережесін сақтау керектіктерін өздіктерінен анықтайды. Жасаған куклаларына өздіктерінен қосымша материалдармен элементтер қосу сұралады. Сабақ соғына қарай оқушылардың жасаған куклалары бойынша өздіктерінен кейіпкерлерге дыбыстар беріп ойнату. Көрме ұйымдастырып 3 оқушыдан тұратын топ құру арқылы шағын көрініс құруға болады. |
Сабақтың тақырыбын бекіту.35–43 мин. Рефлексия 43-45 мин. | Қорытынды: Бүгінгі сабақта жасаған жұмыстары туралы айтып, не жасағандарын, қалай жасағандарын айта отырып қорытынды жасайды |
Сабақтың соңы | Жұмыс орнын жинау |
Қосымша ақпарат |
Дифференциациялау – қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлап отырсыз? Қабілеті жоғарырақ оқушылардың алдына қандай міндеттер қоюды жоспарладыңыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? Жұмысты келесі критерийлер бойынша бағалауға болады: Саусақ-кукла ойыншығының пішіні дұрыс берілген Ойыншықтың біріктірілген бөлшектері қозғалмалы. Ойыншық ашық түсті, қосымша детальдармен безендірілген. |
Мұғалімнің рефлексиясы. Сабақ мақсаттары /оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным сөз мәнінде жүзеге астыма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Осы бөлімді сабақты рефлексиялау үшін пайдаланыңыз. Сол бағанда берілген сабағыңыз туралы сұрақтарға жауап беріңіз. |
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты) 1. 2. Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді?(оқытуға және үйренуге қатысты) 1. 2. Осы сабақтың барысында мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы қандай ақпаратты білдім? |